27.02.2022
  174


Автор: Пернебай Дүйсенбин

СӘТ САПАР

Таң құлан иектеніп атқанда, олар соңғы Сары Қарындашты жасап бітіп еді. Кекілді Қыз:



  • Ал, Сары Қарындаш, сәт сапар болсын, енді сен де сапқа қосылдың,



дегенде, ол:



  • Рақмет, Кекілді Қыз! Сенің бұл жақсылығыңды еш ұмытпаймыз, – деді.


Бұйра шашты ағасы өз қолынан шыққан қарындаштарға елжірей қарап, қызықтап көп отырды. Күсті алақанымен барлығын сипап қойып:



  • Қара Қарындаштай қайсар, еңбекшіл, өнерлі болыңдар. Барлығыңа тілер


тілегім сол, – деді де, отырған орнында қалғып кетті. Өзі әбден титықтап шаршаса керек.


Кекілді Қызды да ұйқы жеңе бастады. Ол да қалжыраған еді, отырған күйі ұйықтап кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу