Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  368


Автор: Абдрахман Асылбек

Табынып таланттыға бас иетін

Табынып таланттыға бас иетін –
Әуелден бойға біткен қасиетім.
Іштарлық, арам пиғыл болған емес,
Жолына өзгелердің тас үйетін.
Ешкімге дегенім жоқ:
«Жәбір еттің»,
Қиналған кездерімде сабыр еттім.
Жақсылық жасасам деп жан біткенге,
Жолымен жүріп келем әділеттің.
Арамдық арға қауіп төндіре алмас,
Ақ көңіл – кір шалмайтын өндір алмас.
Ақжарқын мінезім бар арайланған,
Ақымақ ақтың отын сөндіре алмас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу