Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  151


Автор: Абдрахман Асылбек

Таң

Шығыстан сәуле шашып таң келеді,
Тербетіп төсегінен жан денені.
Шырыдап шырқай ұшқан молдаторғай
Көңілге құйқылжыған ән береді.
Жайқалтып желектерін гүл бөбегі,
Көрініп көкжиектен күн келеді.
Оянып ұйқысынан ой менен қыр,
Ойыңды ойнақшыған үн бөледі.
Сыңғырап күміс күлкі қыр асады,
Сылдырап ерке бұлақ сыр ашады.
Айқай-шу, талас-тартыс, әсем әуен –
Бәрі кеп бір арнаға ұласады.
Жүректің жарып шығып асқақ әні,
Жаңғыртып әкетеді аспан әрі.
Аз ғана аялдан соң алға тартып,
Қайтадан қызу өмір басталады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу