27.02.2022
  153


Автор: Пернебай Дүйсенбин

БИІКТЕ

Қара Қарындаш демігін басып, айналасын бағдарлап қарай бастады.


Мұншалықты биіктен айнала дүниенің мүлдем сұлу болып, мүлдем кең болып көрінетінін алғаш рет байқады. Кеудесі де бір түрлі жеңілдеп сала берді. «Төккен терім текке кетпеген екен», – деп қуана дауыстап жіберді. Ақ Альбом мен Кекілді Қыздың осы ғаламат кеңістікті көре алмағанын қынжыла ойлады. Әлгідегі қорыққаны есінен шығып кетті. Ол қол созым жердегі


қарлы шыңға, бар бояуын шың басына ақтара салған Күнге шаттана қарады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу