27.02.2022
  153


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ҚАТЕРЛІ БИІК

 


Тікше келген жақпар тастың тасасынан шыға берген Қара Қарындаш селк ете қалды. Таяқ тастам жерде жер бауырлай жорғалап бара жатқан теңбіл-теңбіл әлдебір мақұлықты көрді. Екі көзі шоқтай жайнап, дыбыссыз қозғалады. Қара Қарындаш алғашында мысық екен деп қалады. Бірақ


анықтай, зерлей қарағанда, мысықтан әлдеқайда үлкен екендігін аңғарды. Кенет әлгі мақұлық көз ілеспес жылдамдықпен алға қарай оқша атылды. Селк ете түскен Қара Қарындаш тасаға тығылды. Сатыр-күтір етіп, ірілі- уақты тастар төмен қарай домалай жөнелді. Жұдырықтай жұмыр тас


жартасқа соғылып, қиыс ұшқанда, Қара Қарындашқа тие жаздады. Әлгі бейтаныс мақұлық мүйізі серек бір жануарды алқымнан алып, арпалысып


жатыр. Жануардың тамағынан шапшыған қып-қызыл сұйық екеуінің үстін,


айналаны жауып кетті. Таңертең қызғалдақ құйып берген қызыл бояу секілді. Бірақ мына қорқынышты түс тым суық, денені тітіркенткендей екен.


Қара Қарындаштың мына қорқынышты көрініске қарап тұруға жүрегі дауаламады. Құтысын қыса ұсаған күйі тасамен қарсы бетке зыта жөнелді. Дірдектей шапшыған қызыл бояу түстес сұйық көз алдынан, қырылдап шыққан қорқынышты үн құлағынан кетпей қойды.


Күн батуға таяп қалған болатын. Ол ұясына кірмей тұрып Ақша Қарға жетіп үлгеруі керек. Әйтпесе Күннің ризалығынсыз Ақша Қардың ақ бояу бере салуы екіталай, әрі Қара Қарындаштың қатерлі аймақтан неғұрлым


алыстай түскені де жөн еді.


Сүрініп кетіп, қолындағы құтысын түсіріп алды. Сыңғыр ете қалған құтыны сындырып алған екенмін деп зәре-құты қалмады. Бақытына орай,


сырғып барып көлденең тасқа тіреліпті. Сүрініп-қабынып барып, құтыны іліп алды. Бұрынғыдай емес, жүрісі баяулай түсті. Өрге жүру біршама шаршатып тастаған екен. Демін басып, тасқа сүйеніп біраз тұрды. «Биікке шығу қандай қиын», – деп ойлады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу