Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  116


Автор: Абдрахман Асылбек

Көрінгенмен кезінде ұсталығым

Көрінгенмен кезінде ұсталығым,
Бола аламын кідерге нұсқа бүгін?
Азды күнгі қызыққа алданумен,
Аңдамаппын өмірдің қысқалығын.
Қабақ түйіп кей құрбы, тымырайды,
Туған ұл да тіл алмай, қыңырайды.
Өткен күнді ұзатып оралмасқа,
Мезгіл шіркін зымыран – зымырайды.
Қармағыма қаракөз ілінбейді,
Қолын бұлғап, алыстан күлімдейді.
Көңілдегі көп ойды жеткізе алмай,
Өн бойымды өкініш тілімдейді.
Мықтымын деп мен кіммен таласамын?
Мүмкіндіктен көп төмен – аласамын.
Бастар едім бәрін де, бәрін қайта,
Қайта оралып келсе бір бала шағым...
Өкінумен осылай өтеді адам,
Келтіре алмай қисынын, кетеді адам.
Сен жіберген толтырып олқылықты,
Жеткіншегің артыңнан жетеді аман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу