27.02.2022
  154


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КЕКІЛДІ ҚЫЗ БЕН ҚАРА ҚАРЫНДАШ

Қара Қарындаш әрі аунады, бері аунады. Тіптен ұйқысы келмей қойды.


Содан кейін тұрды да, сыртқа шығып кетті.


Қыз ұйықтамаған екен.



  • Сен қайда барасың? – деді Қыз үрейлі үнмен.
  • Сыртқа. Ұйқым келер емес.
  • Қорықпайсың ба?
  • Неден қорқам, қасымда сен бар емессің бе?

Қыз бұл сөзіне риза болды. Ол орынан жеңіл көтеріліп, Қарындаштың соңын ала сыртқа шықты. Айнала сүттей жарық екен. Кемеліне келіп толған Ай шар айнадай жарқырап, төңіректің барлығын ажарландырып тұр.


Қара Қарындаштың толған Ай келбетін алғаш рет көруі осы болатын.


Ол еріксіз дауыстап жіберді.



  • Мынау дегенің нағыз керемет қой! – Қыз Қара Қарындаштың бар

құбылысқа әрі таңырқай, әрі таңдана, әрі сүйсіне қарайтын мінезін жақсы көріп кетті.


«Шіркін, осыны суретке салса!» Қара Қарындаш жан-жағына таңдана қарады. Айлы түннің әсем көрінісі екеуін де біржолата елітіп алған. Бағана Күннің айтқан сөзі бұның бойына мазасыздық ұшқынын тастап кеткен-ді. Күдікке толы ойлар біржола шырмап алған. «Әттең түрлі-түсті бояуы жоқ екен», – деген Күн сөзі ызыңдап, құлақ түбінен кетер емес. Ол мұңайып қалды. «Мені неге жалғыз қылып жасады екен, ә?!» – деп ақырын күбірледі.


«Расында да, мен неге жалғызбын, осы?»


Кекілді Қыз Қарындаш бойындағы халді қалт етпей сезінген болатын.


«Күрсінуін қарай гөр!» Ол мойнын бұрып, Қарындашқа қарап ақырын езу тартты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу