27.02.2022
  149


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КЕКІЛДІ ҚЫЗДЫҢ ӘНІ

 


Кекілді Қыз Қара Қарындаштың өнеріне мейлінше риза болған-ды. Ол мұның ерекше екенін ағасы екеуі жасап жатқанда-ақ сезген болатын. Ал ғажап суретші екенін білгені тап бүгін.


Кекілді Қыз Қара Қарындашқа елжірей қарады. Кішкене кеудесі қуанышқа толы. Мүлдем көңілденіп кеткені сонша, кенет мойнындағы үлбіреген қызғылтым орамалын қолына алды да, дөңгелей билеп, әсем де көңілді бір әуенді шырқата жөнелді.


Ақ Альбом мен Қара Қарындаш қыздың бұл қылығына таңданып, салған әнін қалт етпей тыңдады. Бойды билеп алған әннің сиқырлы күші кім- кімді болса да елітердей.


Кекілді Қыздың үстіндегі үлбіреген ақ көйлегі желмен желбіреп, көкпен қалқи ұшып бара жатқан құс қанатына ұқсайтын секілді. Көңілді Қыздың ашық дауысы айналаны жаңғырықтырып бара жатты. Өзендегі жарыса құрылдаған құрбақалар да тынши қалған. Әр тұстан андағайлап шуласқан шегірткелер бір сәтке толас алғандай. Кекілді Қыздың үні табиғаттың бүгінгі көркем күйімен біржола үндескен сықылды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу