27.02.2022
  137


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ТОСЫН ҚАУІП

 


Осы бір мамыражай, көңілді сәтті біртіндеп жақындай түскен ат тұяғының дүсірі бұзып кеткен. Бұл кім болды екен деген оймен Қыз жанындағы төбеге лып етіп, тез көтерілді. Дыбыс шыққан тұсқа мойнын созып қарай берді де, көз шарасы ұлғайып, үрейін жасыра алмаған Қыз қатты дауыстап жіберді.



  • Тығылыңдар! Көзілдірікті!

Одан әрі сөйлеуге шамасы келген жоқ, төмен қарай құлдыраңдап жүгірді. Қара Қарындаш шапшаң қимылдап, Ақ Альбомды кәрі ағашқа қарай сүйреп, қуысқа қойып кетті.


Алғашында қатты сасқалақтаған Қыз табан асты айлаға көшіп, жалғыз аяқ сүрлеуге түсті де, алға қарай жүре берді. Шашы дудырап кеткен, үстіндегі киімі алқам-салқам, ағындай шауып келе жатқан Көзілдірікті атын


«Дыр-р-р!» – деп, тежей берді. Жолдан ысырылып, шетке шыға берген Қызға:



  • Әй, қыз, аман ба? Ә, сен екенсің ғой! – деді ауыздығымен алысқан атының тізгінін қаттырақ тартып.
  • Саламатсыз ба? Неге асығыс жүрсіз? – деді Қыз жылы жымиып.
  • Неге асықпайын?! Әнеугүнгі сенің қожаңнан қыруар ақшаға сатып алған

Қарындаштан айырылдым. Сирағың сыңғыр сайтан, терезеден шығып қашып кетіпті. Көзіңе түскен жоқ па?



  • Жо-жоқ! – Қыз күліп жібере жаздап, өзін әзер тежеді.

Мұның бұл күйін тез аңғара қойған Көзілдірікті шарт кетті. Ұнатпаған сыңаймен:



  • Неменеге жетісіп, мәз бола қалдың? – деп сұрады.
  • Жай, әшейін, – деді Қыз саспай.

Қуыстың түкпірінде тығылып жатқан екеуі бірін-бір нұқып қалды. Ақ Альбом Қара Қарындашқа:



  • Менің кеткенімді білмегені қандай жақсы болды, – деп сыбырлады.
  • Тс-с, – деді Қара Қарындаш. – Шыдасаңшы! Көзілдіріктінің үні қатқыл. Тақақтап, Қыздан:
  • Шын айтасың ба? – деп тағы сұрады.
  • Рас!
  • Жердің қай қуысына тығылса да табамын. Қап, қаншама ақшамның босқа кеткені-ай, ә!

Ат сауырына сарт етіп тиген қамшының суық үні құлаққа түрпідей тиді. Ат тұяғының дүсірі біртіндеп ұзай берді.


Көзілдіріктіден құтылғанына қуанған Қыз бұлардың қасына асыға жетті.



  • Тамаша! – деді Ақ Альбом ақ жарқын үнмен. – Менің кетпегенімді білмегені мұндай жақсы болар ма!..

 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу