27.02.2022
  129


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ

 


Иә, бәрі күтпеген жерден басталды. Тура ағаштың түбінен:



  • Мәссаған, безгелдек! Мына екеуінің тығылып жатқан жерін қара, – деп

таңдана дауыстаған қыздың ақ жарқын үні бұларды ұйқысынан шошытып оятты.


Үрпиісіп, орындарынан атып-атып тұрды. Әсіресе Ақ Альбом бейтаныс қыздан қатты қорыққан. Көзілдіріктінің жіберген қуғыншысы ма деген үреймен Қара Қарындашқа жалтақтай қарады. Бірақ оның әлпетінен бөтен ажар байқамады. Қайта ол қуанышты күйде қызға ұмтыла түсіп:



  • Мұнда неғып жүрсің? – деп сұрады.
  • Ой, Қара Қарындаш, ал сен мұнда неғып жүрсің? – деді қыз.

Ол Кекілді Қыздың тізесіне қарғып мініп алды да, мүнда келген жайларын қысқа баяндап шықты. Қыз сенер-сенбесін білмеді. Бейтаныс Альбомға қарап еді, ол қозғалақтап қойып, Қара Қарындаштың сөзін растағандай болды.



  • Кәне, көрсетші. Сенің салған суреттеріңді көрейін, – деді ынтыға түскен

 


қыз.


 



  • Кел, көр! – Ақ Альбом алғашқы бетін айқара ашты.
  • Пәлі, мынауың керемет екен! – Қыз қолдарын шапалақтап, шаттана тіл

 


қатты. – Сенің көп қарындаштардан бөлек екеніңді мен сонда-ақ білгенмін. Қыздың көзі оттай жанып, екі бетінің ұшына қызғылтым нұр ойнады.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу