27.02.2022
  140


Автор: Пернебай Дүйсенбин

АЛҒАШҚЫ САПАР

 


Секіріп   түсісімен    екеуі    ағаш,   бұталардың   арасымен    ел   сирек қоныстанған қала шетіне қарай жол тартты. Бейтаныс, асығыс жүрген қос


 


жолаушы талайларды таңырқатып тастады. Бұта басына қонып алып, көңілді әуенге басып отырған бір топ торғай әндерін пышақ кесті кілт тыйды. Үрпиісіп, үрке қарасып аз отырды да, дүр етіп көтеріліп, көзден ғайып болды. Алдыңғы аяқтарын айқастырып, ін аузында шиқ-шиқ етіп отырған саршұнақтар да қас пен көздің арасында зым-зия жоғалды. Екеуі бұл көрініске еріксіз езу тартты. Бұлар шыққан бетте орманға қарай беттеген. Ақ Альбом досының әлгіндегі сөзінен соң ерекше қуанышқа кенелген-ді. Ол Қара Қарындаштың өнерін сонау алыста көрінген тау, аспандағы бұлт, ақ қайың, өзендер мен көлдерге айтып, жария қылуға асығулы. Олардың ағынан жарылып айтар сырларын естімекке құмар. Сондықтан да Ақ Альбом үлкен толқу үстінде келе жатыр. Асыға алға ұзап кеткен серігінің қимылына шын сүйсініп:


«Жылдамын өзінің!» – деп қояды. Өз денесінің ауырлығына сәл-пәл кейіс білдіргендей:



  • Мына бір бұталарды-ай, ә! – деп ұйыса өскен, тікені самсаған келеңсіз


бұталарға қабақ шыта қарады.



  • О-һо, алақай! Орман да көрінді! – деп масаттана дауыстаған Қарындаштың үні Ақ Альбомның көңілін лезде жадыратып жіберді.


Екеуі өзеннің биік қабағында оқшау өскен, жапырағы мол талдың түбіне отырып, біраз тынықты. Қаладан ат шаптырым ұзап кеткен екен. Қара Қарындаш талға сүйенген күйі айналасына барлай қарады. Өзі тым көңілді, көптен аңсап, көптен сағынып күткен еркіндікке шыққандығына әлі сенбегендей халде...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу