27.02.2022
  125


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ШАЛҚЫҒАН ШАБЫТ

 


Ақ Альбом құшағын айқара ашты. Бұдан арғысын егжей-тегжейлі айтып жатудың да қажеті жоқ. Қара Қарындаш бірден іске кіріскен. Шабытқа бөленген Қарындаштың қимылы мүлдем ғажап. Үшкір ұшы ақ қағаздың бетімен суси сырғып, небір келісті суреттерді сызып жатыр. Күлімдеп тұрған күн де, зерлі жапырақтары әлсіз сыбдырлаған сұңғақ бітімді ағаш та, сонау таудың қойнауынан бері қарай құлай аққан өзен де, аспанда қалқыған ақ бұйра бұлттар да, қанатын толғай қаққан құс та, бәрі Ақ Альбомды ажарлы Альбомға айналдырып жатты. Оның қуанышын тілмен айтып жеткізу қиын – сұлу табиғаттың таңғажайып көркі түгел көшіп келіп, өз төсіне қонғандай ғажайып сезімде.


Қара Қарындаштың да өз ісіне көңілі толғандай. Суретті салып бітті де, тас сауытқа сүйеніп, Ақ Альбомның бетін қызықтай қарап тұрды.



  • Өзің нағыз суретші екенсің ғой. Бұрынғы қарындаштардың бірде- бірінде мұндай өнер жоқ болатын, – деді риза болған Ақ Альбом оған шын ниетімен.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу