27.02.2022
  128


Автор: Пернебай Дүйсенбин

АЛАСҰРУ

 


Көзілдіріктінің дір-дір еткен қолы белінен қыса ұстағанда Қара Қарындаш өзін қоярға жер таппады. Көзілдірікті қалың дәптердің бір парағын долдана жұлып алды да, алдына қойып, асығыс жаза бастады.


Көз алды бұлдырап, ақ қағаздың бетімен жостыртып бара жатқан Қара Қарындаш мынау дедек қаққан жүгірістен еш нәрсені ұға алмағандай есеңгіреген халде. Тек кей тұстарды, үздік-создық ой орамдарын ғана ұғып үлгеруде. «...мазаны алғандығы үшін... барлық құстарды жою... әсіресе құс ұялайтын жасыл ағаштарды... барлық ел... мылтық... қорғасын оқпен... барлық балалар... дағара, үркіткіш алып... далаға, көшеге шығып... жерге қондырмай... өлтіріп...». Қара Қарындаштың денесі дір етіп, бір орында тоқтай қалды.



  • Мынау қайтеді-ей! – деп, Көзілдірікті оған суық ажармен шұқшия қарады.

Кекесінмен мырс етіп бір күліп алды да, жазуға қайта кірісті. Саусақ ұшындағы ызалы діріл Қара Қарындашты да дірілдетіп әкетіп барады.


Шұқшиып алып, жазып жатыр. Еш тыныс ала алмаған Қара Қарындаш тұншығудың аз-ақ алдында. Ұшым сынып кете ме деп те зәре-құты қалмады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу