27.02.2022
  167


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КӨЗІЛДІРІКТІНІҢ ҮЙІНДЕ

 


Сықыр етіп шарбақтың есігі ашылғанда алдынан шабалана үрген ит даусы құлаққа қосарлана жетті.



  • Неменеге арпылдайсың? Көзіңе шел біткен бе мені танымай?! Жоса- жоса қылып, жоныңнан таспа тілейін бе?

Ит жуасып қалды да, әлсіз қыңсылап, қайта тыншыды. Көзілдірікті қалтасынан кілтті алып құлыпқа салды да, бірнеше рет бұрады. Үйдің сыртқы есігі сықырлап әрең ашылды. Дәлізбен сәл жүрген соң, тағы да бір есіктің алдына келіп тоқтады. Оған да кілт салды. Әр дыбысты қалт жібермей қадағалап жатқан Қарындаш таңырқап қалды. «Не деген көп есік?»


Көзілдірікті ішке енген соң ауыр, зіл батпан отырғышты тас еденмен дүсірлете қозғап, сылқ етіп отыра кетіп:



  • Тү-у, мына күн де қайнап кетті ғой! Қандай қапырық ыстық еді, – деді.

Сөйтті де желпіне бастады. Тура құлақ түбінен естілген өкпесінің сырылы тіпті күшейіп барады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу