Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Жақсылық көрсем – көлдеймін

Жақсылық көрсем – көлдеймін,
Жамандық көрсем – шөлдеймін.
Жақсылық үшін жадырап,
Жанымды жырмен тербеймін.
Жамандық үшін азынап,
Жылы бір қабақ бермеймін.
Жақсыға жаным құмар-ай,
Жайылам оған тым оңай.
Жұлқысып келем тек өктем,
Жаманның алдын мың орай.
Жүремін осы себептен,
Жақындарыма да ұнамай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу