Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  94


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарайды да көздеріме сыр тұнған

Қарайды да көздеріме сыр тұнған,
Кейбіреулер момын дейді сыртымнан.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді жүрегімді бұлқынған.
Өзімді-өзім жүргеніме басып тек,
Кейбіреулер ойлайды әсте жасық деп.
Көрер еді жанартауды бұрқаған,
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп.
Жеткізе алмай жүргеніме барымды,
Кейбіреулер ұқпайды әлі жанымды.
Көкірегімді жіберсе егер ашып кеп,
Көрер еді әппақ қардай арымды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу