27.02.2022
  339


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ЭВРИ...ЭВРИ...

Дәурен сәл-пәл ойланды да, құлаққа бейтаныс сөздің астарына тез ой жүгіртті. Ішінен “Эврироб”, “Эврироб” деп бірнеше мәрте қайталады. Екі түрлі сөздің бірігуі емес пе деген ой сана төрінен жалт етіп, жүйткіп өтті. Өзге түрлі күдіктер мен тұспалдар да бой көтеріп үлгерген. Эври, Эври!


-Ә, таптым, алғашқы белгі “Эврика” сөзінен шыққан болар. Ал “Роб” сөзі “робот”қой! – деп Дәурен қатты қуана айқайлап жіберді де, артынша:



  • Сонда сен тапқыр робот болдың, мен білсем. Сондықтан да сені Эврироб атаған. Осы дұрыс па? – деді ол алғашқы айтқан пікіріне қолдау күткен сыңайда.
  • Жарайсың, бауырым. Сен ойымнан шықтың, тапқырлығыңа ризамын, - деп Эврироб төмен түсе бастады.

Дәурен қайқы жиекті қара қалпақ иесінің жер бауырлай, тоңқалаңдай тырбаңдап, ұзап бара жатқанын көрді. Бой түзеп жүруге де шамасы келмегендей. Қаусап жатқан қара мылтығына да қайырылып қарамапты.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу