27.02.2022
  371


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ҒАЛАМАТ

Міне ғаламат! Ол өзінің әлсіз дауыстап жібергенін аңғармады. Тізбектесе тіркескен ойлар легі бірін-бірі қуалап, әр тұстан андыздай бой көтерген сұрақтар шартараптан жауап іздеп кетті... Неге?Неге?


Сонда қалай? Таулар неге құлап қалмайды? Неге теңіздер шайқалып төгіліп кетпейді? Машина қатты қозғалып кеткенде, біз неге құлап қала жаздаймыз?


Ал Жер секундта отыз километрмен қоғалғанда...


 


Осы сынды алуан сұрақтар оған төсекке жатқанда да тыншу бермеді. Көпке дейін көзі ілінбеді. Төсекте әрі аунады, бері аунады. Мүлдем сергек тартып алған сана бұқпалап келген ұйқыны кері серпіп тастай берді. Өзгеше бір қиялдар, өзгеше бір армандар сана төрімен қапталдаса жарысып, алыс- алыс кеңістерге жол тартып барады. Олардың жүрдектігі тіптен ерен секілді. Космос көгімен Күнді айнала көз ілеспес жылдамдықпен маңып бара жатқан Жерің де Дәурен қиялының ғажайып шапшаңдығының қасында шабан тартып қалғандай.


Арбаушы ұйқы Дәуренді өз құшағына аялай тартып әкете берді, әкете берді...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу