27.02.2022
  211


Автор: Пернебай Дүйсенбин

БIЗ, ТӨЛЕПБЕК АТАЙ, САМОЛЕТ КОМАНДИРI ЖӘНЕ ПАЛЬМА

НАР, ТӘУЕКЕЛ!


Бесеумiз аз сөйлескеннен соң бiр шешiмге келдiк. Бақшаға ауыл жақтан баратын ескi оман арықтың iшiмен бармаймыз. Себебi бұл тұс өте төте. Сондықтан қарауылдар осы бағытқа тым сақ қарауы мүмкiн. Бәрiмiз алыс та болса қолайлы әрi күдiк тудырмайтын тұс–солтүстiк жақ деген ой қорыттық.


Жардың астымен жүрiп келемiз. Бiр уақытта Бейсенбек:



  • Алпан десе, бiлiп қой, мылтықпен атса қайтемiз? – дедi қорқыңқыраған үнмен. Файзолла да сондай күйдi бастан кешiп келе жатқан тәрiздi.

  • Шынында да бiреумiзге оқ тиiп кетсе, масқара болармыз, –дейдi. Алда келе жатқан Алпан бiзге жеки сөйледi.

  • Туњ, сендер де қызық екенсiңдер! Ол шал мылтығын шын оқпен оқтамайды. Сол көк қауын үшiн кiсi атыпты дегендi қай әкелерiңнен естiдiңдер, – дедi.

  • Е, атпағанда ше?! Анау жылы тұзбен Сарманның баласын атқаны қайда? Бiрнеше күн бойы тиген жерi ашып, жүре алмай үйде жатқан жоқ па едi, – дедi Бейсенбек.

  • Оны атқан Төлепбек емес, Нұраш қой. Оның өзi тентек адам болатын, – дедiм мен. Ақберген менi қостай кеттi.

  • Расында да, Төлепбек кiсi атты дегендi өмiрiмде естiген емеспiн. Алпан айтты:

  • Бiлсе, сөз жоқ, атады. Бiрақ заң бойынша, бiрiншi ретте аспанға ату керек.

  • Оны кiм айтты?–деп Ақберген төтеден сұрақ қойды.

  • Мен айттым. Соттың кiтабында солай жазылған.

  • өзiң оқыдың ба? Ақберген қадалып қалар емес.

  • өзiм оқымасам да әскерден келген ағам айтты.

  • өй, қасқам-ай, соқ!

  • Е, нанбасаң қой. Егер шпион қарауылдап тұрған жерге жақын келсе, бiрiншi рет ескертедi. Екiншi рет аспанға атады. Ал үшiншi рет атуға хақысы бар.

  • Пай, дегенiң-ай! Сонда ашық-шашық көзге түсiп келсе, оның несi шпион?!

  • Е, сен де тiптi бiр бәле екенсiң, сөзге қонақ бермейтiн. Мысалға айтқаным да, – деп Аптан кәдiмгiдей кейiп қалды.

  • Қорықпа, бала! Мынау жаман Алпан ағаң аман болсын. Балтай-шалтай сөздi доғарыңдар. Кеттiк! – дедi сенiмдi үнмен. – Сақ қимылдаңдар. Шу шығарып жүрмесек болды. Келiстiк қой,–дедi нығарлап.

  • Келiстiк. Әй, Бейсенбек, сен бiзден кiшкене қалыңқырап жүр. Сен балалардың әкелген қауынын жинаушы боласың,–деп, оны алдын ала қызметке белгiлеп қойды.


 


өзендi бойлай жүрiп келемiз. Шамалы жүргеннен соң Алпан бәрiмiзге қайырылып:



  • Ал, сарбаздар, шабуылды бастаймыз. Қайталап айтамын, өте сақ қимылдаңдар. Түшкiрiп, жөтелiп қойып жүрмеңдер.


Алпан тап бiр кәнiгi командирдей алға түсiп алды да, жардың құлама тұсынан жоғары өрледi.


Бәрiмiз үстiртке шықтық. Бұға баспалап, айналаны бақылап отырмыз. Әудем жерде қос киiз үй қарауытып көрiнедi. Қарсы беттегi қауындықтың тап ортасында шошақ күркенiң күңгiрт сұлбасы көзге ұрады. Бәрiмiз үлкен шоқ шеңгелдiң тасасына бұқпалай келiп, тiзiле отырдық. Ай тас төбеге келiп, сүт сәуленi жерге саулата құйып тұр. Сыбырласып қана сөйлесемiз.


Алпан арық-арықты бойлай, асықпай, баппен қозғалуды тағы қатаң тапсырып жатыр. Бас қосатын жерiмiз – осы ауқымы зор топ шеңгелдiң түбi. Бейсенбектi сонда қалдырдық. Терең арықтың iшiне аунап-аунап түстiк те, әрқайсымыз әр бөлек жаққа еңбектеп кете бардық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу