27.02.2022
  342


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МОЙЫНДАУ

 


Әдiл балаларды қырға бастап шыға келгенде, өз көзiне өзi сенбей қалды.


Бағанағы орында екi-ақ бала отыр. Алтай жоқ.



  • Әй, мыналардың бiреуi қайда кеткен? – деп Сәуле таңдана тiл қатты.


Әдiл оған қолымен тыныштал дегендей қатаң белгi еттi.


Балалар белгi бойынша шапшаң қимылмен екiге бөлiнiп, бiр-бiрiне қарама- қарсы тұра қалысты. Екеудi төбелерiнен жай түскендей бiр күйде. Сатан еттi жiлiктi аузына кесе көлденен тiстеген қалыпта қимылсыз қалды. Уәлихан болса шайнағанын жұта алмай, екi жаққа алақ-жұлақ етiп, бiр орында тыпыршып, тынши алмай отыр.



  • Иә, тамақтарыңыз дәмдi болсын! – дедi Әдiл.

  • Айтсын, – деп iле-шала жауап бердi өмiр.

  • Жiлiктерiңiз майлы ғой деймiн?

  • Е, майлы болмай, түйе тауығымыз жаздай қауын мен қарбыз, арпа жесе.

  • Атып алғансыздар ма?

  • Ойбай, жоқ, жаман Әлiбек шалымыз аман болсын, ол кiсi бiздiң дап- дайын бақташымыз ғой.

  • Әлгi жалғыз басты ақсақ кемпiрдiң тауығы қайда?

  • Туф, сен де қызықсың, ол баяғыда-ақ өңешке түсiп, iште қорытылып кеткен.

  • Айтпақшы, қонағыңыз қайдан?

  • Павлодардан.

  • Е, онда құтты қонақ болды ғой?

  • Әрине. Тауық, қоян, түйетауық сойып, сыйлап жатырмыз.

  • Әй, осы түйетауықты қалай соясыңдар?


 



  • Сол да сөз бе екен. Мойынын бұрап жұлып аласың.

  • Ал егер иесi ұстап алса қайтесiң?

  • Туњ, сол да сөз болып па? Әлгi баласының сүйегi соғыста қурап қалған жаман Әлiбектi айтасың ба? Ха-ха-ха!


Әдiл мен өмiр бiр-бiрiне:



  • Ауфидерзейн! – дестi де, өзенге қарай жүгiре жөнелдi. Басқалары да екеуiнiң соңынан             жүгiрiп    барады.    Түйетауық    етiн    жақсы    көретiн


«батырлардың» «ләм» деп аузын ашуға мұршасы келмедi.



  • Қатырдыңдар! Қатырдыңдар! Балалар қыран-топан күлкiге батты да қалды. Бұларға әсiресе Ораз риза. Ол:

  • Екеуiң де нағыз генерал екенсiңдер, әкел бестi, – деп, достарының қолын сiлкiп-сiлкiп алды.


Бiр кезде Ажар:



  • Балалар, анау жалғыз жүрген бала кiм? – дедi өзен жақты қолымен нұсқап. Олар жалт-жалт қарасты. Әдiл әлгi балаға:

  • Алтай, мұнда кел! – деп айқайлады.

  • Оны неге шақырасың, керегi не? – дедi Сәуле таңданған пiшiнде. Бала бұларға үрке қарап, бiраз тұрды.

  • өзi қорқып тұр ғой, – дедi Болат.

  • Е, қорықпағанда ше. өзiң болсаң қайтер едiң?

  • Алтай, берi кел, бiздiң сенiмен достасқымыз келедi, – дедi Әдiл. Анау сақтана басып, бұларға бiртiндеп жақындай бердi.


Балалар Алтаймен сол сағатта-ақ достасып кеттi… Олар кешке қарай ауылға көңiлдi оралды.


Сатан мен Уәлиханның ауылға қай кезде оралғанын ешкiм көрген жоқ. Олар отырған жыраға барлау жасап қайтқан Ораз бен өмiр жер ошақтың басында төңкерiлiп жатқан шелектен басқа ештеңенi таппай келдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу