27.02.2022
  175


Автор: Пернебай Дүйсенбин

МАЯТАСТАҒЫ ТҮН

 


(ӘДIЛДIҢ ӘҢГIМЕСI)


Күнi бойына ойнаған балалар әбден шаршаған екен. Кешкiлiк бiраз әңгiмелескен соң кейбiреулер ұйқыға кете бастады. Абзал ағай өзен жақ шетке жайғасқан едi. Ол кiсi «Спидоласын» жиi-жиi қосып, әлдебiр таныс әуендердi арагiдiк тыңдап жатыр.


Болат, өмiрлер анда-санда күбiрлесiп сөйлеп, ақырын күлiседi. Тегi, әңгiме желiсi Ораздың арғы атасы төңiрегiнен ұзамаған секiлдi.


Жартас түбiнен аққан Бүркiттi күмiстей сыңғыр-сыңғыр етедi. өзеннiң сонау бiр тұсынан бақалардың жарыса құрылдағаны, бақылдағаны анық естiледi. Бiр ғажабы, бұрын бақалардың үнiн талай естiп жүрсем де, бұл жолығысының әсерi  өзгеше. Түн баласына қарай бұл пәлеккеттер  «әншi»


 


болып кетедi екен ғой тегi. Бiрiнен-бiрi асып түспек болғандай таң атқанша өңеш жыртысқаны-ай!…


Жаңа туған айдың сәулесi су бетiнде сан құбылып асыр салады. Неге екенiн бiлмеймiн, Абай атаның:


«Желсiз түнде жарық ай, Сәулесi суда дiрiлдеп.


Ауылдың жаны терең сай,


Тасыған өзен гүрiлдеп…» – деген жыр жолдары тiлiмнiң ұшына орала кеткенi.


Осы өлеңдi апамның ерекше жақсы көретiнiн бiлетiнмiн. Тап қазiргi сәтте құлағыма шешем айтатын ән өз сазымен естiлiп тұрғандай күйдемiн. Сол ән мынау айлы түнгi өзен үнiмен бiрге туысып кеткен тәрiздi. Дем алуым жиiлеп, айналама толқи көз салдым. Қатарымда жатқан Болатқа әлде не дегiм келедi. Бiрақ ол да өзiнше бiр оймен жұлдызды аспанға қарап жатыр екен. Мазаламадым.


Бiр мезгiлде радиоқабылдағыштан естiлген бiр жiгерлi, көңiлдi саз менi елең еткiздi. Бөлекше әуен, өмiрi мен естiмеген тосын әуен. Ашық үндi гитараның сазына iлескен мөлдiр үн кiмдi де болса елең еткiзгендей. Әсiресе қайырмасындағы «Венсеремос! Венсеремос!» деген сөз айтылатын тұстағы ән жiгерi тұла бойыңды дүр сiлкiтiп жiбергендей.


Жүрегiм лүпiлдеп кеттi. өмiр мен Болат дауыстап жiбердi.



  • Не деген тамаша өлең!


Ән аяқталды. Бiр-бiрiмен ерекше үндескен гитаралар сыңғыры, әншiлер даусы құлағыма тұнып қалғандай.



  • Ағай, жаңағы қандай ән? – дедi өмiр.

  • Немене, ұнап қалды ма?

  • Ұнағанда қандай! – дестiк.

  • Бұл «Венсеремос» қой. Чили еңбекшiлерiнiң гимнi. Бұрын естiген жоқ па едiңдер?

  • Жоқ.

  • Ағай, мұны орындаған қай ансамбль? – дедiм мен.

  • «Досмұқсан» ғой, – деп өмiр бiр бүйiрден қойып қалды.

  • Соқ, – деп Болат күлiп жатыр.

  • Ендi қай ансамбль?

  • Чилидiң «Килапайюн» ансамблi, – дедi ағай. Сәлден соң ол басын көтерiп бiзге бұрылды. – Сендер Сальвадор Альенде деген кiсiнi бiлесiңдер ғой?

  • Неге бiлмеймiз, былтыр күзде класс сағатында айтқан едiңiз ғой Чилидiң ержүрек президентi деп.


өмiр де менен қалыспай:



  • Сарайды қоршап алғанда берiлмей атысатын кiсi ғой. Есiмiзде, ағай, есiмiзде, – дедi ол қуанып. – Атақты Фидель Кастроның оған өз автоматын сыйлағаны да есiмiзде. Артынша: – Есiңде ме едi, Әдiл, әлгi оқ өтпейтiн қостюм бергенде де кимей: «Жоқ, мен де басқалармен бiрдей соғысамын», – дегенi.


 



  • Е, неге есiмде болмасын, есiмде. Президент оқ тиiп құлап түскенде оның асыраған итiнiң жауды бас салатынын да ұмытқан жоқпын. Не деген керемет ит, ә! Ағай сол иттiң аты қалай деп едiңiз?

  • Ака.

  • Оњо. Ака-тұғын! – деп өмiр дауыстап жiбердi. Мен президенттi атқан жауыз капитанның атын есiме түсiре алмай қойдым. Ағайдан сұрауға тура келдi.

  • Капитан Роберто Гарридо болатын.

  • Сол сұмды менiң қолыма берсе ғой! – деп өмiр тiстене сөйледi… Ағайдың бiздiң әңгiмемiзге ықылас қойып тыңдап отырғанына қуанып


қалдық.



  • Рас, ол нағыз сұм болатын. Бiрақ одан да асқан жауыз бар ғой. Ол – Пиночет. Бәрi соның әмiрiмен орындалып отырған iс қой. Осы сендерге былтыр соның суретiн көрсеттiм бе?

  • Әлгi карикатурасын ба?

  • Жоқ, фотосуретiн.

  • Көрсеткен жоқсыз.

  • Онда ауылға барған соң көресiңдер. Бiрақ оның фото-суретiнiң өзi карикатурадан еш айырмасы жоқ, – дедi ұстазымыз мысқылмен.


Ағай бұдан кейiн Чили туралы, тамаша әншi Виктор Хара жайында, оның ғажайып қайсарлығы мен ерлiк өлiмi жөнiнде қызықты әңгiмелер айтып бердi.


Мен көпке дейiн ағай айтқан әсерлi әңгiмеден айыға алмай қойдым.


Көз алдыма қайсар мiнездi Виктор Хараның өз қиялыммен ойша мүсiндеген өр пiшiнiн елестетемiн. Фашистер оған сұмдық азап көрсеткен, саусағын сындырған. Бiрақ ол ән айтуын еш доғармаған. Содан кейiн барып атады-ау оны жауыздар.


Ендi бiр сәт Виктор Хараның бейбiт шақтағы қалпы елестедi. Сөз жоқ, оның дауысы да, әндерi де тамаша болуға тиiс. Себебi жаңағыдай төбе құйқаңды шымырлатар азапты бастан кешiп тұрып, фашистердiң зұлымдығын бетке айтып ән салған адамның әнiнiң керемет болмауы мүмкiн емес. Мен солай түйдiм.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу