Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  198


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ПАЙ, ПАЙ, ПАЙ, НЕТКЕН ЖЕР


Пай, пай, пай, киелі неткен жер,
Мұқаңды шын ақын еткен жер.
Маңдайын күн сүйіп, өпкен жел,
Шын ақын еңіреп өткен жер.
Кеудесін қуалап өкпек жел,
Ұлы ақын жаяулап жеткен жер.
Құр босқа дос іздеп төккен тер,
Жидесі көз жасқа бөккен жер.
Ұштасқан алыста көк пен жер.
Қара нар шалдығып шөккен жер.
Артынан қыр асып кеткендер,
Бетіңді сипамай өтпеңдер.
16.07.2014 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу