Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  138


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

МАХАББАТ ІЗІ

(Мамед Исмаил)
Қатал тағдыр шаштарыңды әурелеп,
Аппақ қырау самайыңмен ойнайды.
Бала-шаға ер жетеді мәуелеп,
Ең алғашқы махаббатты бірақ та,
Мәңгілікке ұмытуға болмайды.
Ұмытуға болмайды, жылдар өтсін,
Орман шулап, сарыны тырналардың
сыр ұқтырды.
Бізді көрген көршілер іштей сөксін,
Басқа да құбылыстар ұмыттырды.
Ала алмадым жарықшақ,
Қатып кетті,
Қыстар өтті, жаз өтті сыз қалдырып,
Тас лақтырдым тұныққа, батып кетті
...Дөңгелектер барады із қалдырып.
21.03.2013 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу