Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  133


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

НАУРЫЗ КЕЛДІ

Наурыз келді
көп күткен біз сағына,
Ару-көктем
отырды өз тағына.
Жер-Ана
тіршілікті тербетіп тұр,
Бар әлемді
сидырып құрсағына.
Теңеседі күн мен түн
бір-ақ күнге,
Таң атқанша билейді
бір-ақ түнде.
Күн кетеді
ұзарып ертеңгісін,
Қоштаспайды
қос ғашық бірақ мүлде.
Өкпе-наздың,
араздықтың қас жауы,
Наурыз барлық
жақсылықтың бастауы.
Жаңа күннің,
жаңа үміттің жаршысы,
Тіршіліктің
тірі екенін растауы.
 Наурыз көже –
молшылықтың белгісі,
Әдет-ғұрып,
ар намыстың жеңісі.
Жырға толды,
күйге толды ел іші,
Наурыз күні
көкпар тарту - ер ісі.
Көшпенділер, жапондар,
парсы кеткен.
Бар мұсылман
әлемін тәнті еткен.
Бес мың жыл,
тіпті одан да асып кетіп,
Әлімсақтан
басталып бізге жеткен.
Наурыз, Наурыз,
Жаңардым өзіңменен.
Өзің ғой сезіміме сенім берген.
Еңселі ертеңімнің есігі ашық,
Ертеңгі күн басталсын сеніменен.
22.03.2013 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу