Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  129


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҮМІТ

Әрбір халық, әрбір қилы заманда,
Жақсы көсем армандаған әмәндә.
Сұрағанның сүйген асын кім берген,
Битке өкпелеп шекпенімді жағам ба?
«Қарағайға қарсы бұтақ» бітіп тұр,
Салғандары суармай-ақ бітік тұр.
«Иір бұтақ» қарт еменде бүр жарса,
Ирелең жол, алдыңда не күріп тұр?
Халық айтса қалыс айтып көрмеген.
«Қамыс басын қалтыратар жел» деген.
Махамбеттер қарсы жүзіп не тапты,
Талай таңын атырғанда шерменен.
Халқым аман, елім тыныш, не керек?
Қой үстінде мекендеген көбелек.
...Үміт артып тағы бір таң атады.
Қар аралас қара жаңбыр себелеп.
12.03.2013 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу