Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  125


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЖЕКІМЕШІ БАЛАМА

Жекімеші балама,
керегі не,
Айналады тал шыбық
терегіңе.
Бала деген бақыт қой,
бала деген
Шапағатқа бөлейді
келеді де.
Былдырлайды,
Сосын кеп сыңғырлайды.
Не білесіз сіз
осы сыңғыр жайлы,
Сәл нәрсеге
екі ұртын томпитып ап,
Сәл нәрсеге
өкпелеп тұнжырайды.
Құлыншағым құлдырап
желіп барды,
Бәрі қызық балаға,
еріп барды.
Ит ашуын
тырнадан өш алғаның,
Көңіліме шалқыған
келіп қалды.
 Алдыменен оңдырмай
құлап алғам,
Жасырмай көз жасымды
жылап алғам.
Тас батырып
тіземе отырғанда,
Тәңірімнен баламды
сұрап алғам.
Себеп емес
басқамен керіскенің,
Керіскенің
қайтадан келіскенің.
Түсініспей
жататын ересектер,
Жазығы жоқ
бейкүнә періштенің.
2012 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу