Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  138


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

АМАНТАЙ ӨТЕГЕНОВТЕН АУДАРМА


(Наив)
Мен түсіңе
бүрсүгіні кіремін,
Аймалаймын сені,
сосын күлемін.
Ұмытам деп
ант-су ішіп тағы да,
Пәктігіңді
жария етіп жүремін.
Түн ортасы,
сусып жібек төгілді,
Жан жүрегің керілді де,
сөгілді.
Оянған соң сезінесің,
келмеппін,
Екі ұшты ойың,
қайтем сенің төріңді.
Арайлы таң атқан бүгін,
кеше өткен
Састырады сені салқын
төсекпен.
 Жан адам жоқ,
дем алуға дәрмен жоқ,
Жарға қара.
Өміріңді ойла еш өткен.
Менсіз сенің күнің қараң,
түнің тұл,
Жылжымайды түнгі уақыт,
тұнып тұр.
Қапаланба.
Қадірлегін қаттырақ,
Менің ынтық
құшағымнан ұғып сыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу