Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  131


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

КІНДІГІМДІ КЕСКЕН ЖЕР


Самала жел ескен жер,
Сары сағым көшкен жер,
Сай-саланы қуалап,
Сары гүлдер өскен жер.
Құндағымды шешкен жер,
Кіндігімді кескен жер,
Қалжа беріп анама,
«Қанатты бол!» – дескен жер.
Әкем күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Әлдиімен әжемнің
Әлем әнге толған жер.
Аруана інген жер,
Ат жалына мінген жер,
Адыра қап атырап,
Ащы жасым сіңген жер.
18.04.2011ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу