Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  143


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҚУАНЫШЫМ СЕН

Күнім менің,
қуанышым сен ғана.
Пана болсаң,
саяңдағы мен бала.
Жылу іздеп
құшағыма тығылған,
Сәби болсаң,
қасыңдамын. Мен – пана.
Гүлім менің,
жүрегімде сен ғана,
Ұнатамын
күлгеніңді паңдана.
Саусақтарың
сүйе бергім келеді,
Көздеріңе
қарай берем таңдана.
Әнім менің,
іздегенім сен бе едің?
Сын көздерім
таба алмады сенде мін.
Перизатым,
жерге түсіп еріттің,
Мұз жүрегін
мен сияқты пенденің.
 Сәнім менің,
самал ма едің, жел ме едің?
Сәл көрмесем
басты мені жерде мұң.
Жүрегімді
менің қатқан жібітіп,
Қандай жақсы
бұл өмірге келгенің.
07.06.2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу