Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  173


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ШАШУ

Сағым қылып,
Сағындырып,
Азаматым үйленді.
Бір шуақ күн
Келін болып,
Керім болып үйге енді.
Айналада,
Жайдарлана,
Көз тіккендер мәз болып.
Қарсы алыңдар,
Жар салыңдар ,
Өтсін өмір жаз болып.
Ұлы көшке,
Тартқан төске
Тағы бір көш ереді.
Сол жайында
Ағайынға
Айта бергім келеді.
Жан сарайын
Ақтарайын.
Той үстінде жалпыма,
Қасиеттім,
Бас иетін,
Қарыздармын салтыма.
 Аспанымнан,
Жас талымнан,
Көрімдігін алайын.
Қалсын есте,
Бақыт кеште
Жырдан маржан тағайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу