Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  169


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

КЕЗДЕСУ

Сенбейсің бе сен маған,
сенесің бе,
Су алуға тағы да
келесің бе?
Тілдесуге сенімен
бата алмадым,
Сұлу бейнең
қалыпты тек есімде.
Йін ағаш
беліңді майыстырды.
Әппақ білек,
қос шелек сайыс құрды.
Жақындауға
жаныңа дәрменім жоқ,
Жасықтығым
жанымды қайыстырды.
Құрақ ұштым алдыңда,
құрақ ұштым.
Кіп-кішкентай
иесі бұла күштің.
Көзің сенің мөлдір көл,
қос тұңғиық,
Тереңіне келеді құлап түскім.
 Жиып алған
бойыңа таң шырынын.
Тіп-тік болып
бара тал-шыбығым.
Тағы сені көруге,
тағы келем,
Су басында
кештетіп қалшы бүгін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу