Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  181


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ПЕНДЕШІЛІК

Таңданамын.
Мен саған таң қаламын.
Мен емес пе ем
өмірде таңдағаның.
Ала-құйын,
кей кезде асыр-тасыр,
Таң алдыңғы
күресім таңға мәлім.
Кейде қарап
отырам келбетіңе,
Өзіңдей
жан жоқ еді жер бетінде.
Жоғалтыппыз
елесін өткен күннің,
Өкінбеймін сонда да,
сен де өкінбе.
Талай күндер
өтіпті басымыздан.
Көрінеді көзіңнен,
шашымыздан.
Өткен күндер құр елес.
Қайда қалды?
Қызық күндер
кетпестей қасымыздан.
 Асығушы – ек әр түнге,
атар таңға.
Ұқсайтынбыз қос аққу.
Қатар санға.
Айдын жоқ.
Қатар жүзген аққу да жоқ,
Сағынармыз бір күні,
батар жанға.
Төменірек
болмадық сен де, мен де.
Ақ балықтай
шоршыдық қалған сеңде.
Пендешілік
ажалы періштенің,
Қайтеміз мен де пенде,
сен де пенде.
28.05.2002 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу