Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  158


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ЕЛЕГІМ

Жағасын шыбық бойлаған,
Ақбалық шоршып ойнаған.
Сағындым суын Електің,
Қуалап қаздар тойлаған.
Толқынға төсін сүйдірген,
Қамысқа басын идірген.
Сағындым Елек жағасын,
Құмдары табан күйдірген.
Толқынға толқын ұласқан,
Айдынға ғана сыр ашқан.
Ағысын Елек сағындым,
Иіліп барып қыр асқан.
Санамда сезім өрлейді,
Өткен күн елес, көлбейді.
Ғайып боп бәрі кетердей,
Көзімді ашқым келмейді.
Уақытты бойлап өтемін,
Ағыспен қалқып кетемін.
Күте бер мені, Елегім,
Бір күні саған жетемін.
31.05.2002 ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу