Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  148


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫ ГҮЛДЕРІМ

 


Шырғалаң өмір,
шырғалаң,
Сондықтан
болар жыр жазам.
Сондықтан
болар мұңданам.
Маңдайынан
сипай кет,
Мұңайды
бүгін бір балаң.
Сырғалаң өмір,
сырғалаң,
Сыр айттым саған,
сыр, далам.
Сары ауру болдым
сыздаған,
Сабыр жоқ
біздің жүректе,
Сары күн
келіп мұздаған.
 Танымай
қалам өзіңді
Түсінбей
қалам сөзіңді.
Сарғайттың
жасыл бөзімді.
Не жаздым саған,
не жаздым,
Тексере
бердің төзімді?
Бозінген
әнін қозғаған
Былтырғы
жүрген боз балаң
Бостан да
босқа тозбаған,
Бос түннен
қаштым озбаған,
Боз күннен
қаштым боздаған.
Бос күндер,
бетпақ, безерген,
Безерген,
ерні кезерген.
Қас жауым
еді ежелден.
Қас кылып
қырсық күндерім,
Қасқайып
сезім тежелген.
 Қамығып
менің жүргенім,
Қараңғы болды
түндерім.
Қапыда кетті
күндерім,
Қатулы содан
түрлерім,
Қараусыз қалды
гүлдерім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу