Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  140


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ТІЛЕК

Белестерден
Елес берген,
Шаттық күнім келді де,
Балапаным,
Дара таңым,
Ұлы көшке ердің бе?
Қарындастың,
Қарлығаштың,
Жолын ашсын келешек.
Кішкентай қыз,
Жарық жұлдыз,
Болып қапты ересек.
Күнім менің,
Гүлім едің,
«Көке!» — деген күлімдеп.
Тынып іштен,
Күліп күшпен.
Айта берем: «күнім!» — деп.
Бесігіңді,
Есігіңді,
Ауыстырдың өзге үйге.
Атар таңым,
Шырқар әнім,
Қауыштырдың гөй-гөйге.
 Еңселімін,
Ел сенімін,
Ақтап жүрсең жырақта.
Күрсінбеп ем,
Дүрсілдеген,
Жүрегімді жылатпа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу