Өлеңдер ✍️

  26.02.2022
  362


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

ӨЛЕҢ

Көңілім толмай қапа басқанда,
Жолым да болмай сағым қашқанда.
Бар жақсылықты сеннен іздедім,
Қол ұшын бер, күдерімді үзбедім.
Сүрініп кетіп құлап жүрсем де,
Кездесулерге қуанып күлсем де.
Сыздатып жанды соғады жүрегім,
Жанымның жалауы – өзіңсің, тірегім.
Өзіңді іздеп тауларға бардым,
Өзіңе арнап әнімді салдым.
Өзің деп өлең, қызғалдақ тердім,
Бақытым менің, қай жақтан келдің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу