Өлеңдер ✍️

  26.02.2022
  470


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

АҚ КЕПТЕР

Есімде әлі ақ кептер құлағаны,
Құлағаны, атырап жылағаны.
«Ақ құсымнан қалайша айырдың»,–деп,
Тыныштықтан жалына сұрағаны.
Көрген едім құлпырып өскенін де,
Төбесінен қара бұлт көшкені ме?
Суық шалған кезеңде табиғатты,
Түсіп отыр кептерім еске, міне.
Қайран қалып жүрсін деп келбетіне,
Жібергендей жаратқан жер бетіне.
Ұяңнан алыс ұшып кетпеуші едің,
Қалып қойдың қалайша жел өтінде?
Ақ кептерім – қиялым дара тұрған,
Ақ ұлпа, ақ сәуледен жаратылған.
Ақ құсым жоқ, аспаны жетім қалды,
Салқын леп есетіндей қанатынан.
03.06.1992 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу