Өлеңдер ✍️

  26.02.2022
  183


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

АЛҒАШҚЫ МАХАББАТҚА СӘЛЕМ


Өткен күн елестерінен,
Тағдырдың белестерінен
Талмастан сені іздедім.
Сағыныштан сарғайсам да,
Күдерімді үзбедім.
Арманның бөктерлерінде,
Көңілдің көктемдерінде.
Мен сені келер ме дедім.
Жаныма сәуле шашып,
Шаттыққа бөлер ме дедім.
Кеудеге жас тамшылағанда,
Толқындары
сезімнің қамшылағанда.
Мен саған ән арнадым.
Қол бұлғап шақырып тұрды
Арайлы жанарларың.
Бұл күнде алыста жүрсең де,
Өзгемен қуанып, күлсең де,
Үміт шырағын өшіре көрме.
Шаттық шақ – жалаулы күндерді,
Көңілден көшіре көрме.
Таусылып сүю дегенді,
Қиналып күю дегенді,
 Мен сеннен білдім.
Осынша сыйлығың үшін,
Басымды иіп жүрмін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

23.06.2022 17:59
Соңғы кезде "сенен" деген сөзді "сеннен"деп бұзып қолданатын журналистердің қатарына сөз қадірін білуге тиіс ақындардың қосылуы өкінішті...

Пікір жазу