Өлеңдер ✍️

  26.02.2022
  249


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

АРАЙЛЫМ

Ашумен қатты айттым деп,
Ертерек бүгін қайттым деп,
Көңілім қалған талайдан,
Күндеріме мұңая қараймын,
Өткен күн оралмас, Арайлым.
Жандармен жақсы, дос болған,
Жанына барып қос болған.
Күндерімді бақытқа балаймын,
Әр күнімді жылдарға санаймын,
Шын сырым осы, Арайлым.
Арзаннан күні үшін дос болған,
Жалғаннан уақытша қос болған.
Тынымсыз іздеген тұрағын,
Мен, сірә, есі жоқ шығармын.
Арайлым, жанымды ұғар кім?
Думандатып құрғанмен сайран.
Шат күндер өтеді, қайран!
Дегеніне тағдырдың бағынамыз,
Кеткен күннің елесін сағынамыз,
...Өтпесе екен бұл өмір мағынасыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу