26.02.2022
  348


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

ӨНЕР ӨРКЕНІ

Қазір бүкіл еліміз КОКП XXV съезін лайықты табыстармен қарсы алу жо- лында қарқынды еңбек ету үстінде.


КОКП Орталық Комитетінің Бас секретары Л. И. Брежнев жолдас атап көрсеткендей, «Қазір миллиондаған адамдар өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартқан кезде, құрылыстың сапасына, пәтерлердің қолайлы жоспар- лануына, проспектілердің, кварталдардың, қоғамдық үйлердің сыртқы кө- ріністеріне көбірек көңіл бөлу мүмкіндігі пайда болып отыр. Біздің сәу- летшілеріміз құрылыстардың біркелкілігін, архитектуралық шешімдердің көріксіздігін жоя алады және жоюға тиіс». Бұл республика суретшілерін де үлкен іске жұмылдырып, болашаққа бір табан жақындата түседі. Қалалары- мыз бен ауылдарымыз күн сайын көз тартып, сән түзеп, сәулетті құрылыстар қанат жайып келеді. Мұның бәрі де байтақ Отанымыздың жарқын жетіс- тіктерінің айғағы болса керек. Өскен өңірдің жасаруы, толағай табыстар- дың бір-біріне ұласуы жаңа өміріміздің өркенін өсіреді. Осы жолда архи- текторлар алдындағы міндеттер де сан алуан. Соны жүзеге асыратын біздің ертеңгі болашағымыз — жас сәулетшілерді қалай тәрбиелеу деген көкейтесті мәселе күн тәртібінде тұр.


Республикамыздың 70-ке жуық жобалау және ғылыми-зерттеу инсти-


туттарында 35 мыңға жуық жобалаушылар жұмыс істейді. Қазақ ССР Мемлекеттік құрылыс комитетінің арнаулы институттары тұрғын үй және басқа құрылыстар үшін 76 миллион сомның жобалау жұмыстарын орындай- ды. Бірақ осыған қарамастан архитекторлар саны жеткіліксіз. Мәселен, 1973 жылдың 1 ноябрінде жоғары білімді 188, орта білімді 85 архитектор жұмыс істесе, 1974–1975 жылдары 610 архитехтор жұмыс істеп, 1974–1975 жылда- ры 610 архитекторға мұқтаждық туды.


Реслубликамызда аудандық архитекторлар қызметіне 205 адам, қалалық бас архитекторлық орынға 90, облыстық бөлімдер үшін 40 адам қажет болып отыр.


Елімізде өнеркәсіптік тұрғын үй құрылыстарының үлкен қарқынмен ілгері дамып, қазіргі дәуірімізге сай болуы сәулетшілер творчествосының батыл да жақсы жобаларына тікелей байланысты деген артық бол- мас еді. Сәулет өнері ерте заманнан-ақ өркенін жайып, өндірістік, қоғамдық және адамдар өмірінің түрлі салаларына байланысты баян- ды жетістіктерге жетіп келе жатқаны белгілі. Оның эстетикалық және


 


 


идеологиялық маңызының зор екені де көпшілікке кеңінен мәлім. Респуб- ликамызда сәулет салтанатының көкейтесті күрделі мәселесінің бірі жас кад- рларды дайындау болып отыр. Бұл бағытта біздің мамандарымыз ғылыми техниканың жедел даму жетістігін жан-жақты сезінетін, уақыт, дәуір тала- бына сай салиқалы еңбек ететін тәлімді мамандар болуы тиіс. Мәселен, жас сәулетшілердің білім санасы қала мен ауылдың даму деңгейіне толық әсер етіп, маңызды мәселелерді меңгере алса, біз болашақ архитектурамызға үлкен сеніммен қарар едік.


Әрқашанда өнердің болашағы жастармен байланысты. Ағалар ісін іні- лер жалғастыруы — өмір заңдылығы. Бұл көкейтесті, мәнді мәселе қай- қайсымызды да қатты толғандырса керек. Сол себепті де КСРО Архитектор- лар одағының жақында 1975 жылдың аяғында өткен VIII пленумының «Со- вет сәулет өнері дамуында жас архитекторлардың творчестволық ролін» ар- найы қарап, талқылауы әбден орынды іс-шара дейміз. Шынында да, Одақтың 13 мың мүшесінің 900-і ғана 35 жасқа дейінгілер болуы — ойланарлық жайт. Өнердегі жастық шартты ұғым болса да, аса маңызды, тіпті, кейде шешуші ролі бар нәрсе. Қатарымызға келіп, қосылып жатқан жастар өнерімізге жаңа леп әкелмек, архитектурамызды заман талабына сай биік дәрежеде дамытуға, келелі өз үлестерін қосып, жаңа ізденістер жасап, соны бедер, өрнектер өрісін кеңейтпек. Бұл үшін, әрине, оларға жақсы жұмыс жағдайы туғызылып, өз қабілет мүмкіндіктерін жетілдіріп, талант қырларын жарқыратып ашуға септігін тигізетін қамқорлық күнбе-күн көрсетіп отырылуға тиісті.


Таяу уақыттарға дейін Қазақстанда сәулетшілер кадрлары дайындалмады. Тек В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты мен Өскемен жол құрылысы институтында ғана архитектура факультетінің ашылуына орай республикамызды сәулетшілермен қамтамасыз ету мәселесі біршама шешімін тапқандай болды. Сонымен бірге КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Целиноград ауыл шаруашылығы институты да село сәулетшілерін әзірлеуге әжептәуір атсалысып жүр.


Республикамыздың жоғары оқу орындарында архитектура факультет- тері құрылғаннан бастап, қала құрылысы мен көлемді жобалау, село құрылысы сияқты салалар бойынша 390 сәулетші даярланып шықты. Бұл факультеттер- дің құрылып ұйымдастыруларына Т. К. Бәсенов, М. М. Меңдіқұлов, Р. А. Сей- далин, А. К. Сидоров секілді саңлақ сәулетшілер көп үлес қосып келе жатыр. Тәжірибелі бұл мамандар өздерінің өркенді өнегелері мен өнерлерін жас мамандарға үнемі үйретіп отырады. Сәулетшінің маман ретінде қалыптасу


 


 


проблемасы күрделі болатыны — табиғи құбылыс. Студенттің жеке басының рухани интеллектуалды дамуы оның творчествосына үлкен ықпал жасайды. Өз мамандығына орай ойлау, өзін-өзі сол күрделі мәселеге қалыптастыру, білімі мен творчестволық қиялын дұрыс жеткізе білу болашақ сәулетші үшін бірден-бір қажетті қасиет болып табылады. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақтың политехникалық институтында болашақ сәулетші үшін бес жыл оқудың аздық ететіні аңғарылады. Мәселен, Мәскеу архитектура инсти- тутында архитектуралық жобалауға 1636 сағат берілсе, Алматыда 172 са- ғат қана. Ал онда живопиське 184 сағат болса, бізде небәрі 100 сағат қана берілген. Тағы бір көптен көкейде жүрген маңызды мәселенің бірі — республикамыздағы жоғары оқу орындарында мамандарды сала-сала бойынша әзірлеу тиімді болар еді. Өскемен жол құрылысы институты өнеркәсіптік жобалау архитекторларын дайындаса, Целиноград ауыл шаруа- шылығы институты село архитекторларын, ал В. И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институты азаматтық тұрғын үйлер құрылысы мен қала құрылыстары бойынша мамандар әзірлесе анағұрлым орынды.


Ең тиімдісі — Алматыда жан-жақты мамандар даярлайтын арнаулы архи- тектура институтын ашу. Бұл мәселенің пісіп жетілгеніне де біраз болды, тек шешімін күтіп отыр. Сонда ғана біздің архитектуралық құрылысымыздың ауқымы кеңіп, жас сәулетшілерімізге жарқын жол ашылар еді. Бір өкініштісі, Қазақ политехникалық институтының архитектура кафедрасында жұмыс істейтін 25 оқытушының 14-і ғана архитектор. Ал 12 ғылым кандидатының бесеуі ғана архитектура саласынан қорғаған. Кадрлардың жетіспеушілігінен кеше ғана оқу бітірген тәжірибелері аз институт түлектері оқытушылық қызмет атқаруға мәжбүр болып жүр. Осының өзінен де біздің сәулет өнерінің қазіргі сыңайын сезуге болар еді. Біздің мұндай босбұйдалылықтан арылып, тиянақты шешімге тоқталатын кезіміз жеткен тәрізді. Әрбір студенттің дипломдық жұмысы оның білімі мен мамандығына деген қабілетінің айнасы іспетті болуына жетуге тиіспіз.


Біздің жоғары оқу орындарында материалдық база жеткіліксіз. Сту- денттер қажетті құралдармен қамтамасыз етілмеген. Міне, болашақ архи- текторлардың осындай дайындалу сапасының салғырттығы еріксіз қын- жылтады. Институт тәмамдаушы түлектер өздеріне қажетті білім мен тәжірибені толық игере алмайды. Сонан барып өз бетімен ізденбейтін, сәулетшілік өнерден мағлұматы аз жас мамандар шығады. Орал облысының құрылыс және архитектура бөлімінің меңгерушісі Баштанник жолдас былай


 


 


деп жазады: «Біздің облыста қызмет атқаратын архитекторлар арасында төменгі дәрежеде жұмыс істейтіндердің дені Өскемен институтын бітірген мамандар болып отыр».


Сонда қалай? Білім ордасын бітірген түлектердің түгелі бірдей сәулет өнерін сезбегені ме? Әлде білім шаңырағының шалағайлылығы ма? Мұндай жайттар тек Өскемен институтында ғана емес, басқа да білім ордаларында көптеп кездеседі. Шынын айтсақ, мұндай салғырттықтар сәулет өнерін заман талабына сай өркендетуге біршама кедергі болып та отыр. Осы мәселелерге мән берер кезең келген сияқты. Міне, осы жайларға байланысты жоғары оқу орындарында абитуриенттерді сапалы түрде таңдап алу — алдағы тұрған маңызды мәселенің бірі. Ауыл мектебін бітірушілер архитектуралық жоғары оқу орнына лайық білім алып шықпайтынын күнделікті тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да Өскемен жол-құрылыс институты ұсынып отырғандай сурет пен сызудан сырттай дайындайтын курс өткізу керек сияқты. Қазақстан Архитекторлар одағы дарынды жасөспірімдерді іріктеу үшін республикалық олимпиадалар өткізу туралы ойланғаны жөн. Осыған қоса сәулет өнерлерін дамытуға баса назар аударылып отырылған екі-үш қаладағы мектептерде архитектуралық бағытқа арнайы сабақтар жүргізген жөн секілді деп ойлай- мыз. Бұл жайлы Қазақ ССР Оқу министрлігінің келісімін алу керек. Мұндай жағдай, мәселен, Өскемен жол-құрылыс институтының тәжірибесінен туындап отыр. Институт бір мектепті шепке ала отырып, архитектураны сүйетіндерге бағыт сілтейді.


Жасыратыны жоқ, бізді кейбір жас архитекторларымыздың өз маман- дығын шексіз сүйетіндігі, табандылығы мен дарындылығы тәнті етеді. Олардың әрқашанда жауапты жұмыстарды жастық жігерімен атқара алаты- нына сенім мол. Қарап отырсақ, жастар атқарған жарқын еңбектер де жоқ емес екен. Қазақтың мемлекеттік жобалау институтының жас архитектор- лары Алматыдағы ОДО, тоқымашылар сарайы, Гурьевтегі Советтер үйі, спорт комплексі, Қаратау, Жаңатас, Жаңаөзен, Қапшағай қалаларындағы құрылыстардың жобаларын жасауға белсене үлес қосты. Ералиев, Балықбаев, Каштанов, Молтахаев, Каханович секілді жас мамандар өздерінің тәп-тәуір таланттарымен танылды.


Алматыдағы Цирк, «Медеу» мұз айдыны, «Достық» үйі секілді үлкен құрылыстарды жобалауға Қайнарбаев секілді талантты жастар жан-жақты атсалысты. Ленин атындағы Сарай мен «Медеу» мұз айдынының құрылысы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алғандығы да бүгінде барша жұртқа белгілі.


 


 


Бұл жарқын жетістігіміз де сәулетшілеріміздің игі еңбегінің жемісі. Кеше ғана оқу бітірген институт түлектері кең-байтақ республикамыздың көпте- ген қаласында бас сәулетші болып қызмет атқаруда. Біз оларды әрқашан да мақтан тұтамыз.


Міне, бүгіннен ертеңі нұрлы еліміздің баянды болашағы осынау жастарымыздың творчествосына тығыз байланысты. Арайлы өміріміздегі зәулім ғимараттар осынау сәулетшілеріміздің зергер саусақтарынан сән түземек. Олай болса, күні бүгінге дейін тығырыққа тіреліп толғантып кел- ген келелі де күрделі мәселе сәулет өнерінің саңлақтарын баулитын білім ордаларының әлі де болса жарқын жетістіктерге жете алмай отырғандығында. Біз талантты суретшілерді азаматтық парасаттық тұрғыда тәрбиелеумен қатар, олардан уақыт рухын білдіретін тартымды туындылар күтетінімізді жа- сырмаймыз. Өйткені, бүгінгі күн біздің бәрімізге зор жауапкершілік жүктеп,


үлкен міндеттерге бастайды.


28 январь, 1976 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу