26.02.2022
  396


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Бүгiнгi күн архитектурасы

Алатау Алматының барометрi сияқты. Егер ақ басы күнмен шағылысып, сай-саласы, биiк жоталары сағымданып көзге шалынса, күнi бойы күннiң ашық болғаны. Тау басына ұялаған бұлт түнерiп, түтiлген түбiттей төмен та- рала бастаса, қалада кешiкпей жауын жауады не ауық-ауық жел соғып, аспан- ды бұлт қаптап кетедi...


Дәл солай ойлайтын Аманжол төсектен тұрысымен, балконға шығып, тауға көзiн тiктi. Аспан ашық. Алатаудың күнгей бетi шоқтай жайнап, тек- шеленiп нұрға бөленiп тұр.


«О, жарады, бүгiн күн ашық болады екен» деп, Аманжол өзiнше түйдi де, тез жинала бастады.


Жазғы экспедициядан келгенiне бiр жұма өткен, содан берi жауын-ша- шын болып, ешқайда шыға алмады. Алматыны сағынғаны өзiне бөлек, оның асыға көргiсi келетiнi — жобасын өз қолымен сызып, талай күн толғанып жасаған бес мың адамдық «Динамо» стадионы едi.


Үш жағы темiр-бетон дуалмен қоршалған стадионның кiреберiстегi пави- льоны көңiлiне бiрден ұнамады. Касса терезелерiнiң «Г» әрпi тәрiздi «қал- пағы» көзге шыққан сүйел сияқты үйлеспей тұр. Құрылыстың өзi де сорайып барып бiткен. Дуалдың төменгi жағындағы биiк қабырғаның сылағы сай- сайға бөлiнiп, iрi тастардан қаланғандай суретпен безендiрiлген едi, соның бiр жерi опырылып түсiптi де, ар жағынан «сүйегi ырсиып» суреттiң жал- ған екендiгi бiлiнiп тұр. Аманжол ойға шомды... Түрдiң мазмұннан туғаны аб- зал-ау. Егер темiр-бетонды ағаш сияқты қылып бояса не болмақ?! Тоғышар талғамды кейбiр адамдардың шүберектен, жүннен жасалған гүлге әуестiгi сияқты, бұл да мәдениетсiздiктiң белгiсi ғой... Бiр кезде өзiне бастық болған, көне үлгiнi жақсы көретiн архитектор Косовтың нұсқауын iштей ұнатпай тұрып, соның жетегiнде кеткенiне қатты өкiндi.


Стадионның трибунасы жаман жасалмапты, салыну сапасы бiрсыдырғы жақсы екен. Әйтсе де стадион құрылысына Аманжолдың көңiлi толмады. Үйден шыққанда, егер «Динамо» жақсы шықса, Аққу мен Ботаға архитек- тура туралы әңгiменi осы жерден бастармын деп ойлаған едi, ендi ол ше- шiмiнен бас тартты.


Осыдан бiр күн бұрын Аққу хат жазып жiберiптi. Хатында демалыс күнi Ленин алаңында сағат 12-де күтетiндiктерiн айтыпты да, сәулет өнерiне


 


 


байланысты сауалдар қойыпты. Аманжол есiне түсiру үшiн сұрақтарды тағы да оқып шықты.


...Алматының батыс жағында салынып жатқан микроаудандардың кө- зiмiзге үйреншiктi кварталдардай емес, орналасуы шым-шытырақ көрiнуi не- ден? Неге олар егiз баладай ұқсас?


Iрi панельдi үйлердiң жер сiлкiнуге берiктiгi қалай?


Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттiк академиялық театры- ның реңi неге жүдеу?


Белгiлi бiр әдебиет сыншысы өзiнiң көпшiлiк алдында сөйлеген бiр сөзiнде Алматыға келген қонақтарға архитектурасы сәулеттi жасалған Жа- зушылар одағының үйiн мақтанышпен көрсетемiз деген едi, осыған қалай қа- райсыз?


Қазақтан шыққан архитекторлар көп пе, таланттылары кiмдер?.. Аманжол соңғы сұраққа мырс етiп күлдi де, негiзiнен сұрақтардың орын-


ды қойылғанына риза болды.


Аманжол қазақ жастарынан шыққан архитекторлардың аз болғанды- ғына өкiнушi едi. Келешекте кем дегенде 20-25 адамды осы өнерге баулуды өмiрiнiң қасиеттi бiр борышындай санайтын. Сондықтан журналдарға жиi мақала жазып, сәулет өнерiн ана тiлiнде уағыздауға деген сәл мүмкiншiлiктi бос жiбермеуге тырысатын. Тек жақында ыңғайсыз жағдайға кездестi. Өзi аспирантурада сырттай оқушы едi, жартыжылдық жұмыстың есебiн жасағанда, ғылыми жетекшiсi:



  • Сырымбетов жолдастың диссертация жасауға қабiлетi толық жетедi. Бiрақ уақытын бағаламайды. Соңғы кезде диссертациядан тыс тақырыпқа ұзақ мақалалар жариялап жүр, — деп ескерту жасады.


Аманжол жұмысқа алдағы дүйсенбiден бастап белсене кiрiспек болды да, архитектураға құмартып жүрген оқушылардың көңiлiн қалдырғысы келмедi. Оларды барған сайын ынталандыру ниетiмен архитектор жолда- сы Адамбектi ертiп шықпақшы болып, оның үйiне бұрылды. Адамбек үйiн- де жоқ екен. Қауырт жұмыспен демалыс болса да кеңсесiне кетiптi. Аманжол не де болса Адамбектiң жұмыс орнына баруға ұйғарды.


«Казгорстройпроект» жобалау институты Коммунист проспектiсiне орналасқан бес қабатты бiрыңғай әйнектен жасалған үй едi. Оның салы- нуына байланысты көп таластардың тууын айту, жалғыз архитекторлар ғана емес, қала тұрғындары үшiн де қызғылықты.


 


 


Бұл үй жайлы архитекторлар арасында екi түрлi ұшқары пiкiр айтылды. Кейбiреулер көшенiң қалыптасып қалған түрiмен бұл үйдiң бейнесi ешбiр үйлеспейдi деп тапса, ендi бiрi жер-көкке сыйғызбай мақтауға кiрiстi.


Сөз жоқ, қаланың бейнесi жылдар, ғасырлар бойы қалыптасады. Сол себептi тiптi осыдан он жыл бұрын салынған үй мен қазiргi үйдi бiрдей қы- лып шешудi тiлеу ағаттық. Коммунист проспектiсiнiң өн бойына көз жiбер- сек, сөзiмiзге жеңiл дәлел таба аламыз. ХIХ ғасырдағы дворяндардың усадь- балары секiлдi салынған Жазушылар одағының үйiн алайық. Iшiне кiрсең көп бөлмелер алакөлеңке, мөлшерсiз қолданылған көне өрнектер дұрыс талғам- ға тәрбиелей алмайды. Архитектор А. Лепик жасаған саяси-ағарту үйiнiң бейнесi, архитектуралық шешiмiнiң сәтсiздiгiн былай қойғанда, сыртын қаптаған цемент плиткаларының түсi адамды сүйсiндiрмейдi. Соңғы кез- де Жобалау институты қолдап отырған «Жоқты-барды қайталамай, соны шешiм iздеу керек» деген принцип орынды. Бiрақ осы мәселе аяғына дейiн шешiлмей келедi.


Мысалға «Казгорстройпроекттiң» «әйнек үйiн» алайық. Әйнектен қор- қуға бола ма, үйге жарықтың мол түскенiн кiм жек көредi? Ал мұнда әйнектiң молдығына қарамай, үйдiң тең жартысында электр шамы күндiз-түнi жанып тұрады. Жобада белгiленген ауаны тазарту шарасы iс жүзiнде аспағандық- тан, Алматының ыстық күндерiнде қызмет бөлмелерi қатты ысиды. Бұл ой- ландыратын жай.


Адамбек «әйнек үйдiң» төртiншi қабаттағы шеберханасында отыр екен, қасында жас архитекторлар Асанов Карл, Жақыпбаев Хамза бар. Аманжол үшiншi шегiр көз, қара торы жiгiттi танымап едi, ол архитектор Абдалиев Кәрiм болып шықты. Кәрiмдi қабiлеттi жас мамандардың бiрi деп естушi едi. Аз да бол- са сол Кәрiмнiң жобасымен жасалған Алматы көшелерiндегi әдемi автобус аял- дамаларына сүйсiнiп жүретiн. Ендi өзiмен таныс болғанына дән риза.


Адамбек Алматы түбiндегi «Жаңашар» совхозының негiзiнде Қазақ- тың мемлекеттiк ауыл шаруашылық институтының комплексiн жасау үстiнде екен. Сәндi жобалар, сәулеттi шешiмдер Аманжолды тебiрентiп жiбердi. Оның да осы сәтте отыра қалып, Адамбекпен қосылып чертеж тақтайына қадалғысы келдi. Ақылдасқысы, әдемiлiк әлемiнде досымен бiрге қалықтағысы келдi. Бұлар бiрiн-бiрi көптен бiлушi едi. Адамбекпен ең алғаш қалай танысқаны Аманжолдың есiне оралды.


...Москва архитектура институты едi. Оқу залының төрiнде студенттер әлденеге шоғырлана қалыпты. Әдетте студенттер небiр қызықты кiтапты


 


 


қарағанда не оқытушылардың дәмдi әңгiмесiн тыңдағанда ғана өстiп жина- латын. Ал бұл жолы олар тастан жасалған бүркiт мүсiнiн тамашалап тұр екен. Не қылған шеберлiк десеңiзшi! Тау қыранының қырағылығы, долы қай- раты, дауылдан қайтпас серпiндi күшi өнер тiлiмен дәл жеткiзiлген. Кәдiмгi ауылда өзi талай көрген Жантiлеу атасының үлкен ақиығы, тек томағасы жоқ. Аманжолдың көзi бүркiттiң тұғырындағы «А.Қ.» деген екi әрiпке түстi. Соңынан бiлдi, бұл Алматыдан келген қазақ жiгiтi, болашақ архитектор


Адамбек Қапановтың скульптура сабағында жасаған еңбегi екен...


Алтыншы курста оқитын Адамбек орта бойлы, жұқалау өңдi, құс мұрын аққұба жiгiт едi. Аманжол танысқаннан кейiн: «Диплом жұмысыңыз қандай едi?» — деп сұрағанда, тiс жарып ештеңе айтпады. Ақырын қозғалып «мұнда өтiңiз» деп ыммен ишарат бiлдiрдi де, тау-тау болып үйiлген тақтайлардың қасына әкелдi. Бұл Москва түбiндегi Клин атты жерге орналасқан «Совет отаны» деген совхоздың жобасы едi. Сол кезде «агроқала» салу идеясы кең өрiс алған болатын. Проект кейбiр диплом қорғаушылардың жұмыстарындай абстракты тақырыпқа салынбай, өмiрден алынып, құрылысқа дереу кiрiсуге болатындай дәрежеде жасалыпты. Қапанов совхоздың толық жоспар-жо- басын, орталық усадьба шешiмiн, тұрғын үйлер мен клуб жобасын және бiр өндiрiс құрылысын сызыпты. Жұмыстың көлемi мен орындалу техникасы Аманжолды қатты сүйсiндiрдi, әрi сәулет өнерiнiң сан қилы салаларын кең қамтидындығы да таңғалдырды.


Мiне, содан берi алты жылдай уақыт өтiптi. Қазiр Адамбек атышулы ар- хитектор. Оның бай қиялынан талай-талай жобалар туып iске асты. Соның бiрi Алматыдағы Максим Горький паркiне кiреберiстегi әдемi қақпа.


Алматы түбiндегi пионер лагерi, ұйғырдың 500 кiсiлiк ұлттық театры- ның жобасы ше?


Ал 30 мың адамдық республикалық стадион бiр төбе емес пе?..


Адамбектiң өсуiне сөз жоқ Москвада алған тәрбиесi, архитектураның москвалық соны үлгiлерi сеп болды.


Аманжол да студенттiк күндерiн, сол кездегi көрген-бiлгенiн ұмытқан жоқ. Көңiлiнде бәрi сайрап тұр.


Әрi алып, әрi әсем Ленин атындағы 100 мың кiсiлiк стадион қандай тама- ша. Бүгiнгi күннiң архитектура табысынан нәр алған келiстi де келбеттi «Рос- сия» кинотеатры мен «Жастық» қонақ үйi ше?! Жер астындағы метро- ның асқар бейнесiн қай елден табуға болады?


 


 


Совет архитектурасының үздiк шығармаларының бiрi Кремльдегi Съездер сарайын қалай ұмытады? Ол Аманжолдың көзбен көрiп, көңiлiне мықтап тоқыған үлгiсi ғой.


Кремльдiң жүздеген жылдар бойына қалыптасқан сұлу ансамблiнiң ор- тасында коммунизм орнату дәуiрiнiң лайықты ескерткiшi боларлықтай құ- рылыс жүргiзу оңай мiндет емес. КСРО-ның Құрылыс және архитектура академиясының М. В. Посохин бастаған авторлық коллектив бұл мiндеттi тамаша атқарды. Орал мәрмәрiнен жасалған ақша қар тәрiздi сыртқы бағана- лар және аллюминиймен көмкерiлген биiк терезелер сарайға салтанатты түр берiп, сұңғақ мүсiнi келушiлерге меймандық рең көрсетедi. Түрлi түстi тас- тан жасалған одақтық республикалардың гербтерi және РСФСР-дiң халық суретшiсi А. А. Дейнека орындаған мозаикалық панно (сурет салынған қа- бырға) бас фойенi түрлендiрiп тұр.


Көрушiлер залы 6000 адамдық. Оның қабырғасына алтын түстi шаған ағашынан жасалған рейкалар қағылған. Дыбыстың анық шығуын қамтама- сыз ететiн акустикалық плиткалар әдемiлiк мiндетiн де атқарады. Отыра- тын орындардың шешендердiң сөзiн 29 тiлде тыңдауға болатындай боп жабдықталуы үлкен жетiстiк. Кiсiлердi этаждан-этажға көтерiп тұратын жыл- жымалы баспа (эскалатор) және тез көтеретiн лифт, әрбiр 12 минутта озонға айналған таза ауа берiп тұратын тетiк, — бәр-бәрiн де сәулет өнерiнiң соңғы табыстары деп айтуға болады.


Аманжол осы жайды әрқашан ойлаған сайын Отанына деген мақтаныш сезiмiне бөленедi. Жас архитектор бола тұрып, өзiнiң халыққа қызмет ету мүмкiндiгiнiң молдығына қуанады.


Аманжолдың ойын «Бiз сенiмен бiрге бара алмаспыз, ертең эскиздi талқылаймыз» деген Адамбектiң сөзi бөлiп жiбердi.


Үлкен ой толғанысынан Аманжол шыға алмады. Жолдастарының бар- майтынына өкiнсе де, аз уақыт жеке болғанды ұнатты. Бiр сағаттай қаланы жайымен аралап, Ленин алаңына жалғыз келдi.


Сағат он екi болып қалыпты. Гүл алаңында күтiп жүрген екi қызды ол алыстан таныды.


Шiлденiң тамылжыған кезi. Алаңда қызыл, сары, қызыл күрең раушан гүлдерi жайқалып тұр. Хош иiсi бұрқырап, адамның тынысын кеңiткендей болады.


Ата-анасымен бiрге демалып жүрген торсық шеке балалар, кербез киiн- ген жастар, гүл шоғындай боп түстi көйлек киiп келген Бота мен Аққу да


 


 


Аманжолға сұлу табиғаттың заңды жалғасындай көрiндi. Кездесе сала ол:


«Сусыз сары далада өңдерiңiз қуаң едi, орындарыңызды жаңа тауыпсыз- дар ғой», — деп әзiл айтты. Қыздар да сөз iздеп алысқа барған жоқ, Аққу iлiп алып: «Сiздер тастан гүл жасайтын адамсыздар, оны да тезiрек көргiмiз келедi», — дегенде, бәрi шаттана күлiстi.


Хал-ахуалды бiлiскен соң, Аққу:



  • Кешке драма театрында «Абай» спектаклi болады екен. Егер, Аманжол ағай, сiз қарсы болмасаңыз, бiз билет алып қойып едiк. Бүгiнгi уақытыңызды бiзге бөлгенiңiз шын болса, театрдың архитектурасымен, ойынымен қатар танысайық, — дедi.


Бұл сөздi жiгiт күтпеген едi. Ұсынысты бұрынырақ жасамағанына қы- сылыңқырап қалса да, iштей қуанды.


Олар «Қазақстан» қонақ үйiнiң жанына келдi де, қарауға ыңғайлы жер тауып алып, әңгiмеге кiрiстi.



  • Қазақстан экономикасының жылдан-жылға нығая түсуi, ескi қала- лардың iрiленуiне, көптеген жаңа қалалардың салынуына себеп болып отыр. Қалалардың мәдени және шаруашылық байланысы артқан сайын қонақ үйге деген қажеттiлiк те арта түседi.


Республикадағы көптеген қонақ үйлер өскелең өмiрдiң тiлегiне сай бол- май келдi. Сондықтан «Қазақстан» қонақ үйiн жасаушы архитекторлар Е. Дятлов пен Ким До Сенге үлкен жауапкершiлiк жүктелдi. Ең басты қиындық тұңғыш рет КСРО-да тоғыз балды жер сiлкiнетiн ауданда қонақ үйдi қаңқа-панельдi жүйемен, құрастырмалы темiр-бетон элементтерiнен жасау болса, екiншi қиындық — қазiргi заманның талғамына жауап беретiн сыпайы әрi жарқын туынды беру болды.


Орталық стадион, қонақ үй жасала бастаған 1957–1959 жылдар Со- вет Одағында архитектура бағытын қайта құру кезеңi едi. Бұл кезде ысы- рапшылықпен күрестi кейбiр архитекторлар жеңiл-желпi түсiнiп, бәрiнен жұрдай болған құрылыстар сала бастады. Әдемiлiктi былай қойып, құрылыс қажеттiлiктi өтесе болды деген қорытындыға дейiн келдi. Әрине, мәселе тек ысырапшылықты азайтуда емес едi. Мәселе соны құрылыстар салып, сапасын жақсартуда, архитектурадағы бағытты түбiрiнен өзгертуде едi.


Сондықтан қонақ үй жоғарғы талаптарға сай, конструкциясы ұтымды, өзi сәулеттi болуы керек-тi. Оның архитектурасы бiздiң жаңа көз- қарасымыздың жемiсi болуы үшiн үлкен талғамды керек қылды.


 


 


«Қазақстан» қонақ үйi 492 кiсiлiк. Мiне, ол Коммунист проспектiсi мен Бейбiтшiлiк, Пастер және Жас Коммунарлар көшелерiмен шектескен квар- талды алып жатыр. Ортасында ауласы бар. Аула жергiлiктi климат ерекшелi- гiн ескеруден және Шығыс халқының жақсы дәстүрiн сақтаудан туған. Қонақ үйдiң ауласы — шiлденiң ыстық күндерiнде табылмас көлеңке. Аула- дағы су айдыны адамдардың денсаулығына пайдалы. Қонақ үйдiң бiрiншi этажында вестибюль, шаштараз, кафе, әкiмшiлiк қосалқы бөлмелер және тұрғын номерлер, вестибюлiнде тiркеу орны, почта, сақтық кассасы, буфет, гардероб, лифт және киоскi бар. Басқа этаждың бәрiнде қонақ жай. Бас фа- сад лоджия (балконның бiр түрi) системасымен шешiлген. Күн мен көлеңке архитектуралық түрдiң мүсiнiн ұтымды аңғартады.


Алайда қонақ үйдiң сыртқы композициясындағы жеңiлдiк пен сәндi сыпайылықты кiреберiстегi төрт ауыр бағанаға сүйенген батпандай қалпақ жойып жiберiп, адамның еңсесiн басып тұр. Оның үстiне барлық фасадтары бiр көркемдiк дәрежеде шешiлмеген, стилiнде тұтастық аз.


Республикалық стадион туралы әңгiменi тыңдау үшiн Алматының оң- түстiк-шығыс ауданына көтерiлуге тура келдi. Ойынға барып жүргенде кiм аңғарған, стадион аралай берсең, мұқият танысу үшiн тұтасымен бiр күн жетпейтiн күрделi құрылыс екен. Қазақтың талантты азаматы Адамбек Қапановтың бұл еңбегi туралы сырды қыздар үлкен ықыласпен тыңдады.



  • Республикалық стадион оңтүстiгiнде Сәтпаев, батысында Мұратбаев, солтүстiгiнде Құрманғазы, шығысында Космонавтар көшелерiмен түйiскен


22 гектар шаршы алаңды алып жатыр. Осы алаңның қақ ортасындағы солтүстiкке қарай көлбей беретiн ойыс жерге 30 мың адамдық стадион салынған. Сол себептен де оның күнгей жағы бiр қабатты да, терiскей жағы екi қабатты. Екi бас қақпасы да осы екi жағында. Солтүстiк қақпаға Мечни- ков көшесi кеп тiреледi. Стадионның тұлғасына түс берiп, әрi адамдардың кiрiп-шығуын жеңiлдететiн тағы қосымша төрт қақпа бар. Стадионның ойын көрушiлер отыратын орындары футбол алаңынан басталып, саты-са- ты боп көтерiле бередi. Стадионда аренада болып жатқан ойынды көруге қиындық түсiрерлiктей алыс бұрыш жоқ. Қай жерiнен болсын ойын ба- рысы бiрден көрiнедi. Кейбiр стадиондардай мұнда трибуналардың асты бос қуыс емес, онда теннис, шахмат, сайысу, күрес, бокс, штанға бөлмелерi, қонақ жай, почта-телеграф, стадион дирекциясы, ресторан, душ және спортшылардың демалып, киiнiп-шешiнетiн орындары бар.


 


 


Үкiмет мүшелерiне арнап батыс трибунаның ең биiгiнен ложа салынған. Жүрiп жатқан ойынның есебiн жұрт оңтүстiк трибунадан көрiп отырады. Стадионның қабырғасы Алматының табиғи түсiмен үндес көгiлдiр плитка- лармен, тұғыры қызғылт түстi қордай гранитiмен қапталған...


Ал стадион айналасындағы түрлi спорттық алаңдар, спорт ойындары- ның 5000 кiсiлiк стадионы, ашық және жабық жүзу бассейiндерi, егiлген көк ерекше тақырып. Тек айта кететiнiмiз, олар да бас стадионның келбетiне сәйкестеп салынған. Бұларды қалыптасып бiткен Алматының спорт ансамблi деуге болады...


Аққу мен Бота микроаудан туралы қойған сұраққа да Аманжолдан то- лық жауап алды. Осы уақытқа дейiн қала салуда көп қателiктер болып кел- ген екен. Қоғамдық және тұрғын үйлердiң адамға жайлы болу жағы көп ескерiлмей, сырт салтанаты ғана сақталып, көше қуалай салынады екен де, күн көзiнiң дұрыс түсуi, қажеттi мекемелердiң алыс-жақындығы көп ескерiлмей жүрiптi. Қаланың қалай болса солай салынуына бас себеп — генералдық жобаның болмауы екен. Қазақстанда бұл мәселе осы күнге дейiн жақсы шешiлмептi. Мысалы, республикадағы 444 қаланың 22-нiң ғана генералдық жобасы бекiтiлiптi.


Микроаудан дегенiмiз өзiнiң «басы», «қолы», «аяғы», қысқасы, он екi мүшесi түгел тұтас тұлға көрiнедi.


Алматының батыс жағында салынып бiткен № 1, № 2 микроаудандар, Аманжолдың айтуынша, адамдардың тұруына, демалуына қолайлы болып жасалған.


Мысалы, ауданы 43 гектар № 1 микроаудан 10 мың адамға лайықталып салынған. Микроаудандағы әрбiр мекеменiң орналасуы, халықтың керек- жарағын өтеуге ыңғайлы. Үйге таяу жерден күнбе-күнгi қажеттi өтейтiн ме- кемелер салынған. Олар: 140 орындық балабақша; 640, 960 орындық мектеп, гараж, сарайлар.


Одан әрiректе өндiрiс бұйымдарын және тамақ сататын магазиндер, асхана, клуб, тұрмыс-қажетiн өтеу комбинаты орналасқан. Микроаудан- ның тағы бiр ұтымды жерi — адамдардың мазасын алатын транспорт то- рабының алыста, балалар мен үлкендер үшiн қауiпсiз болуы.


Үйлердiң бiр-бiрiне ұқсастығы кемiстiк деген пiкiр жаны бар сөз боп шықты. Архитекторлар әдiл сынды дұрыс қабылдап, келешекте үйлердiң сан алуан қырымен көрiнуiн, iшкi жобалау iсiн жетiлдiре түсу жолын қарастыру- да екен.


 


 


Кешке театрдан қайтар жолында Аманжол театр келбетiнiң реңсiз бо- луын түсiндiрдi.



  • Мұның жобасын алғаш архитектор А. Лепик жасады. Жобада сыр- ты бұжыр, ұсқынсыз колонналар тiзбегi өткен ғасырдың хабаршысындай үстемдiк құрып тұрушы едi. Бертiнде, ысырапшылықты жоюға тура келгенде, барлық «бутафория» ұстарамен алынған шаштай сыпырылып, театрдың тек қаңқасы қалды. Жоба өзгешелiк кiргiзуге мүмкiндiк бермейтiн ежелгi театр- лар дәстүрiнде жасалғандықтан, иiн қандыруға көнбеген. Сырты кескiнсiз, сахнасы тар болуы содан. Ал iшi үлкен талғаммен жасалған, фойесi де адам еңсесiн көтере түспей ме? — деп, Аманжол Аққуға қарады.

  • Сiз театр туралы газеттен оқымадыңыз ба, онда абстракционизм1 iзi бар делiнген едi, — дедi Аққу.

  • Мен олай деп ойламаймын, фронтонындағы рельеф сөз болса, ол маған ұнайды, ал iшiн өздерiңiз көрдiңiздер, — деп, Аманжол сөзiн бiтiре бер- генде, Аққу киiп кеттi:

  • Маған Целиноградтағы тың игерушiлер сарайы көбiрек ұнайды. Оның даланың тынысы сезiлiп тұратын бөлмелерiн араламай, бүгiнгi күн талғамына сай жасалған сәндi мебельдерiне арқаңды сүйеп отырмай, түрлi-түстi панно- сымен, еңсесi биiк залына көз тоқтатпай жақсы нәрсенi көрдiм деуге болмас. Аманжол Аққуға разы болған пiшiнмен қарап, сөзiн әрi қарай жалғастырды.

  • Тың игерушiлер сарайы айта қоярлықтай туынды. Қазақстандағы ең зор, әсем сарай десек қаталеспеймiз. Оның авторлары архитекторлар Д. Даннеберг, О. Крауклис, П. Фогельс екен. Фойедегi түрлi түстi мозаика- лық панноны РСФСР-дің искусствоға еңбегi сiңген қайраткерi Г. И. Опрыш- ко жасапты.


Аманжолдың ойынша, сарайдың ең басты қасиетi әр алуан материалдар- дың өз орнында, өз түсiмен өң беретiндей етiп шебер қолданылуында екен. Аманжол архитектор Ф.Л. Райттың сөзiн мысал қылып айтты. Ф. Л. Райт:


«Ағашқа бояу жақпай-ақ қойыңыз. Өз жобаларыңызды ағаштың, гипстiң, кiрпiштiң, болмаса тастың өз қасиетiн ашуға тырысыңыздар. Бұл материал- дар өздерiнiң табиғи түсiнде ғана көңiлге қонарлық әрi әдемi болады. Егер табиғи түсiн бұзсаңыз, ешбiр өңдеу оларға нәр бермейдi», — деген екен.


Аманжол әңгiмеден әңгiмеге көшiп, екi қызбен кешкi Алматыны ара- лап ұзақ жүрдi. «Аққу» кафесiнiң жанында болып, кафенiң келiстi көркiн



1 Мүсін мен суреттегі абстракционизм кездейсоқ жағылған түрлі бояудың жиынтығы не геометриялық форма- лар боп келеді. Неше түрлі шимай-шатпақ өрескел бұрмаланған шындық өмірдің елесін беруі де мүмкін


 


 


тамашалады. Кафе қасындағы көлдi айтсайшы. Айнала жанған отты бағаналар суға маржан төгiп тұрғандай. Күмiс поднос секiлдi бассейннiң үстiнде аппақ, қап-қара аққулардың сызыла жүзiп жүргенi, наздана қарағаны қандай әдемi.


Аманжол көзi тоймай құс аққуға да, қыз Аққуға да қайта-қайта қарай бердi.


Ол осы минутта олардың араларынан үлкен үндестiк, ұқсастық тапқан едi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу