26.02.2022
  158


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Қазақстан жерiндегi көне дүние кереметтерi

 


Жолаушылар жүрiстерiн таңсәрiге қалдырды.


Асановтың әңгiмесiн аяғына дейiн тыңдамау шөлдегенде кездескен бұлақтан бiр-екi жұтым ғана су iшiп аттанумен бiрдей едi. «Тағы да әңгiме тыңдайық» де- гендей кейiппен екi қыз әкесiне қарап едi, бұлардың көзқарасынан мән-жайды сезе қойған Бейсен қарт басын сәл көтерiп, Асановқа бұрылды:



  • Замандас iнiм, «адасып жүрiп асқа тап болдым» дегендей, сiздердi кез- дестiргенiмiзге қуанып отырмын. Балаларыма тың дүниеден елес бердiңiз,


«сәулет өнерi» деген сәндi сарайдың есiгiн аштыңыз. Iшiне кiрдiк, арала- дық, рақмет! Егер сiздiң демалуларыңызға бөгет болмасақ, тағы да әңгiме тыңдасақ деп едiм. Қазақстанның көне дүние кереметтерiнен сыр шертсе- ңiз қандай жақсы болар едi.


Аққу мен Бота да тiлек айтып қоймады.


Асанов қонақтардың ұсынысына қарсылық бiлдiрген жоқ.



  • Кейiн Алматыға оралғанда сiздерге бүгiнгi күннiң архитектурасы туралы шәкiртiм Аманжол айтып берер, әзiрше Қазақстан жерiндегi ескi қалалардың тарихымен танысайық, — дедi де, Асанов қойын кiтапшасы- ның бетiн қайтадан ашты. — Қазақстан архитектурасының тарихын белгiлi ғалымдар Әлкей Марғұлан, Төлеу Басенов, Малбағар Меңдiқұлов пен Г. Герасимовтар зерттеп, бiрталай еңбектер жазды. Олардың еңбектерiн- де «Қазақстан жерiнде құнды туындылар болған жоқ» деген пiкiрдiң терiс екенi нақтылы мысалдармен дәлелденедi.


Қазақстан жерiнен бiр кезде сауда-саттықтың, саясат және мәдениет орталығы болған көп қалалардың жұрнағы табылды. Олар: Исфиджаб (қазiргi Сайрам), Отырар, Тараз (қазiргi Жамбыл), Оттық, Құмкент, Құлан, Баласағұн, Қойлық, Екiөгiз, Сығанақ, Мерке, Алмалық, т. б.


Александр Македонскийден бастап, арабтардың, моңғолдардың, жоң- ғарлардың, Ақсақ Темiрдiң жойқын шапқыншылықтарына ұшыраған Қа- зақстан қалалары бұл күнде жермен-жексен болған. Ол қалалардың кейпiн бүгiнге дейiн сақталған қыруар ескерткiштерден, археологиялық материал- дардан, қалалардың гүлденiп тұрған кезiнде болып қайтқан грек, араб, қытай авторларының естелiктерiнен көзге елестете аламыз...


Осы жерде Бейсен қарт:



  • Отырар қаласында қазақтар моңғолдармен қиян-кескi ұрыс салған ғой, естуiм бар, — деп қалды.


 


 



  • Атақты Шоқан Уәлиханов он төрт-он бес жасында-ақ үлкен ғалым болатындығын аңғартқан ғой. Омбы кадет корпусында оқып жүрген кезiнде, жолдастарына ғайып болған қалалардың сырын ашсам деген арманын тәттi қиял қылып айтады екен. Осы жайлы оның досы Григорий Потанин былай деп жазады: «Шоқан менi қанжығасына ерiксiз өңгерiп алып, өзiмен бiрге Хухунор өзенiн жағалататын, Тибет тауларының шыңдарына шығаратын, Қарақұрым қаласының, болмаса Византия императоры Юстиниянның елшiсi Земарк тұрған хан ордасының қалдығын iздететiн». Шоқанның Земарк елшi болған ханның ордасы деп отырғаны Тараз қаласы, — дедi Асанов. — Араб географы Макидиси Тараз туралы: «Тараз дегенiмiз бау-бақшасы көп, үйлерi тығыз салынған тамаша бекiнiстi қала; айнала оры, төрт қақпасы бар; қаланың түбiнен үлкен өзен ағып жатыр; қаланың бiр бөлегi осы өзеннiң арғы бетiнде; өзенде көпiр бар; зәулiм мешiтi базардың ортасында», — дейдi.


Археолог А. Н. Бернштамның 1938 жылы жасаған қазба жұмыстарына


қарағанда да, ерте замандағы Тараз тас төсеген, су өткiзгiш жүйесi, әсем са- райлары мен көпшiлiкке арналған ғимараттары бар қала болыпты. Қала- ның нақты жобамен салынған моншасы бар екен. Қала әсiресе қарахандық- тар заманында (Х–ХI ғғ.) жақсы дамыған. Тараздың бiзге аман жеткен құ- рылысы — Қарахан мазары ғана.


Сөз қылып отырған дәуiрге жататын туындылардың бiрi — Бабажан қа- тын мазары. Ол Жамбыл қаласынан 18 шақырым жердегi Головачевка село- сында.


Мазардың маңдайшасынан: «Бабажан қатын аталатын бұл мазар... салу- шы Мұхаммед», — деген жекелеген сөздердi ғана оқуға болады.


Айша бибi мазары да шамасы ХI ғасырда салынған. Сыртқы қабырғасы- ның төрт бұрышында диаметрi 60-80 сантиметрден төрт бағанасы бар, жо- басы квадрат формалы. Төрт қабырғадағы төрт есiк, кiшкене бағаналар көтерiп тұратын жартылай күмбезбен жабылған, бүкiл мазардың шаңырақ күмбезi сақталмаған.


Басенов жолдастың айтқанындай, мазар қазақ ою өнерiнiң, қолөнерi- нiң жетiстiктерiнiң музейi тәрiздi. Мұнда қазақтардың үй бұйымында күнi бүгiнге дейiн кездесетiн түрлi нақыштармен бiрге «қошқар мүйiз» мотивтерi де кездеседi. Мазардың бейнесiне қарап тұрсаңыз, мұндағы әрбiр қаланған кiрпiш адамның бай қиялына мойынсынып, сан түрлi түске енгенiн көресiз. Мазардың кiшкене бөлшегiне дейiн зергердiң қолынан өткен нәзiк бұйым тәрiздi. Мазар адамды гармониялық тұтастығымен таңғалдырады. Мазарды


 


 


айналып қай жағынан да қарасаңыз да көз талмайды, қараған сайын өзiңiзге белгiсiз жаңа қырын аңғарасыз. Мен Айша бибi мазарын шырқап салын- ған «ән» дер едiм. Ол «қалқып тамылжиды», «жүрек тербеп», баста «миды оятады». Ғасырлар бойы пайдаланылып келе жатқан қарапайым кiрпiштi


«әншi» қылған қазақ шеберiн данышпан десе болмас па!


Аса бағалы ғимараттың бiрi Қожа Ахмет Иасауи мазары XV ғасырдың бас кезiнде салынған. Бұл мазардың ерекшелiгi — әрi мазар, әрi мешiт. Мазар «Дивани Хикмет» атты аскетизмдi, тағдырға көнудi уағыздайтын, сонымен бiрге этнографиялық ескерткiштiк қасиеттерi бар өлеңдердiң авто- ры көмiлген жер.


Қожа Ахмет Иасауи ХI–ХII ғасырлардағы ислам дiнiн уағыздаушылар- дың бiрi болғандықтан, үстем таптар оның моласын қызғыштай қорғап, оны өздерiнiң халықты қараңғылықта ұстайтын, пайда түсiретiн орны деп бiлген. Мазардың жобасы 62,5х47,0 метр, төртбұрышты. Ортаңғы қазандық аталатын бөлменi диаметрi 18 метрлiк биiк күмбез жауып тұр. Зиратхана, қабірхана, асхана, кiтапхана деген бөлмелерi және кiшкене күмбездi ме- шiтi бар. Зиратхананың жарығы ерекше. Ол тек сағанаға (қабырға) түсiп тұрғандықтан, сәуленiң сан құбылысы дiншiл адамның «әулиеге» деген се- нiмiнiң арта беруiне себепшi болып отырған. Мазардың есiктерi тамаша шеберлiкпен жасалған, ал сыртқы қабырғасының көгiлдiр түстi плиткала- рының бояуы осы күнге дейiн оңбаған, әрi қандай құрамы және қасиетi


болғандығы тарапынан сыр бермей келедi.


Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Алаша хан мазары да айта қа- ларлықтай, аңыз бойынша Шыңғыс ханның өзi, болмаса оның баласы жер- ленiптi-мыс, бiрақ нақтылы дерек жоқ.


Кеңгiр, Сарысу бойында тағы да айта қаларлықтай Жошы хан, Болған ана, Жүзден, Жұбан Ата, Қайып Ата мазарлары бар.


Қаратау, Сырдария өзенi бойындағы Шiкнияз, Қармақшы Ата, Созақ ма- зарларына өзге бiр ерекшелiк тән. Олардың күнмен таласып, көк аспанға бой ұсынған ракета тәрiздi мүсiнi көне заман пердесiн ысырып, Байқоңыр- дан космосқа сапарға аттанған корабльдердi көзге ерiксiз елестетедi. Еги- пет пирамидалары секiлдi таза геометриялық форманың да әсерлi күшiн сеземiз.


КСРО Құрылыс және Архитектура академиясының корреспондент- мүшесі М. Меңдiқұлов 1951–1952 жылдары Маңғыстау мен Батыс Үстiрт-


 


 


тегi жүргiзген экспедициялық жұмыстарында көптеген сәулет өнерi ескерткiштерiнiң сырын ашты. Оларға ғылыми талдау жасап, архитектура тарихынан алатын орнын көрсетiп, дұрыс баға бердi.


М. Меңдiқұлов бұл ескерткiштердi мүсiндi декоративтi тастар, күмбездi мазарлар және сағана тамдар деп үш топқа бөледi.


Күмбездi мазарлардан атап айтатыны: Иманбай, Айтман, Сенеке, Артық мазарлары; сағана тамдар: Қамыспай, Ахмет, Сүгiр, Өтептiкi. Бұлардың бәрiнiң де орындалу техникасы, көркемдiк дәрежесi жоғары екендiгi күмән келтiрмейдi. М. Меңдiқұлов жолдастың атадан балаға мұра болып келе жатқан өнердiң көзiн табуы, көне заман шеберлерiмен сөйлесiп, олардың творчестволық лабораториясына үңiлуi еңбектiң құнды өзегiнiң бiрi деп бiлемiз. Осымен әңгiме бiтiп те қалды ғой деймiн, — деп, Асанов бiраз толас- тап едi, екi қыз шу ете түстi.



  • Мына мазар ше?


Бейсен де, Аманжол да тiлек қойған кейiп көрсеткен соң, ғалым ауыр күрсiндi де, сөзiн жалғады.



  • Мазар көне жайларға елiктеп салынғанымен, шамасы 1880 жылдары пайда болыпты. Былай қарағанда ғашықтар не бiр бекзада үшiн салынды деп ойлауға болады, анығында олай емес екен.


Осы арадан отыз бес шақырым Түйешөккен деген жерде отырған ауылға орысша бiлiм алып, мұғалiмдер семинариясын бiтiрiп Нұртас Айтбаев деген жiгiт келiптi. Қазақ сахарасының бiлiмнен кенже кезi емес пе, елде мектеп ашып, бала оқытуды ойлаған екен, көп кедергiлерге ұшырапты. Сөйтсе де Нұртас қажырлы, айтқанынан қайтпайтын, әрi адамдарға жұғымды болғандығынан көп жақтастар тауып, 12-13 баланы оқытуға кiрiседi. Кiтап дегенде сол кездегi Бунаков әлiппесiнiң үш-ақ да- насы болыпты.


Сол елде жасы 35-тер шамасында «көк көз Жазит» атанған жалғызбасты кедей жiгiт бар екен. Нұртасты қолдаушылардың бiрi болып, бала оқытуға үйiн берiп, тiптi жасының асып кеткенiне қарамастан, өзi де оқып, хат тани- ды. Елдiң қожа-молдаларының «көк көздiң» бұл әрекетiне төбе шаштары тiк тұрып сөз салғызады.



  • Алла тағала сенi былай да бала бермей қу бас қылып едi, одан әрi күнәға батайын демесең, орысша оқу деген пәлеңдi тоқтат. Балаларды та- ратып, Нұртасты қу, — деп бұйырады.


 


 


Жазит құлақ аспайды. Оқуға деген өзiнiң ынтасына қоса, сөзi өтетiн жақын жекжаттардың балаларын да оқуға тартады, Нұртастың оң қолы болады.


Кенет көктемде оқу тараған кезде Жазит қатты ауырып қайтыс болады, жерленедi. Аз уақыттан соң ауыл адамдары молаға қарап иттердiң өршелене үргенiн аңғарады. Тыңдап бақса, моладан ыңырсыған үн келедi. Молдалар


«күнәкар Жазит көр азабын тартып жатыр» деп ауылды орнынан көшiредi. Хабар Нұртасқа да жетедi. Байлаулы тұрған атқа жайдақ мiнiп, қолына күрек алып зиратқа келiп қазса, Жазит етпетiнен жатыр екен. Кебiнiн дал-дал қылып жыртып тастапты, бетi қан-қан, денесi жылы екен. Ел аурудан талықсыған адамды өлдi деп көмiптi. Нұртас көйлегiнiң етегiмен су әкелiп бүркедi. Жазит көзiн ашпақ болып сәл қимыл жасайды да, шамасы келмей мәңгiлiк ұйқыға батады.


Мiне, надандықтың құрбаны болған Жазитке Нұртас мұғалiм шә- кiрттерiмен бiрiгiп, өз қаражаттарына осы мазарды салғызыпты. Мазар қайғылы, аянышты өмiрдiң белгiсi, надандыққа қарсы тұрған пәк жанның кiршiксiз көз жасынан салынған деуге болады...


* * *


Көзге түрткiсiз қараңғы түн едi. Сонау алыс өмiрдiң елесiндей болған түнек төнiп тұр. Күндiзгi зәулiм аспан да шөгiп қалған сияқты. Жолау- шылардың ортасында лаулап жанған оттың жалыны көк шаңырағын жалап, тiк тұрсаң төбең тиетiндей көрiнедi. Архитектор сөзiн доғарғанда, бiр сәт бәрi де үнсiз отырды. Жым-жырт тыныштықта зу-зу етiп қанатын ауыр қағып жапалақтың ұшқаны, адамды жанай өтiп, тиiп-қашып жүрген жарқанаттың сыпылы құлаққа iлiнедi.



  • Мен шырпы терiп келейiн, — деп Аманжол орнынан тұрды. Аққу оның қараңғыда қорықпайтынына таңдана қарап, «егер оның орнында мен бол- сам ше?» деген ой келiп едi, алыста сындырылған бұтаның даусынан сеске- нiп қалды. Бота да әрбiр естiлген дыбысты мазардан шыққандай көрiп әкесiне тығыла түстi. Аманжол әкелген бiр құшақ қу шырпысын отқа тастағанда, ол лаулап жанды. Жалыны аспанға атып, сәулесi мазар күмбезiмен шағылысып түн көрпесi түрiле түскендей болды.


«Мiне, қараңғы түнек iшiнен жарқ етiп көрiнiп, бүгiнгi ұрпақпен үнсiз тiлдескендей болып тұрсың-ау, жазықсыз Жазит» деген ойды Бейсен қарт дауыстап айтпаса да, жүрегiне мықтап түйген едi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу