26.02.2022
  266


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Сәулет өнерi

Ұшы-қиырсыз дала. Көз ұшында көк сағыммен көмкерiлiп, жер де, көк те тұтасып кеткен. Күн ыстық. Аптап ыстықтан, таңдайыңды кебiрсiткен шөлден кең дүние лап ете түсетiндей көрiнiп, жан тiтiркенедi.


Ұзақ жүрiп жол қажытқан жолаушыларға алыстан қара көрiндi. Мұнарт- қан мүсiн бiрте-бiрте күмбезi күнмен шағылысқан мазарға айналды. «Тым болмаса көлеңкесiн саялап демалайық, салқындайық» деп бұрылған едi жолаушылар, ойламаған қуанышқа кездестi... Мазардан әрiрек жерде мөлдiреп ағып жатқан бұлақ бар екен.


Бұлар үшеу едi. Машина жүргiзiп келе жатқан бурыл мұртты, балуан денелi кiсi — Бейсен қарт. Ол биыл пенсияға шыққан едi. Ендi, мiне, өз


«Москвичiмен» туған жерiне демалуға бара жатыр. Екi қызы Бота мен Ақ- қуды да өзiмен бiрге ала шыққан.


Бейсен қарт ұзақ уақыт туған өлкесiнде болмағандықтан ба, әлде кәрi- лiк пе — көп жерлердi танымай қалып отырды. Осы-ау деген болжаулары дәл шықпаған соң, екi қызының «Сарыадырдан асқан жоқ па ек?», «анау Қараоба емес пе?» деген сықылды сұрақтарына «болса болар», «әрiрек- те ғой деймiн» деп жалтара жауап бередi. Ал мазардың аяқ астынан шығатыны ойына да келмептi.


Мөлдiр бұлақтан сусындап, бой жазған соң, күндiзгi мехнат елеске ай- налып, олар ендi бейiтке назар аударды. Мазар сәулет өнерiнiң сәндi перзенттерiнiң бiрi екен. Жоғарғы жағы шошақ болып бiткен күмбезi неше түрлi ою-өрнекпен нақышталыпты. Бейiттiң суретi нәзiк, геометриялық дәлдiгi бар, шебер қолмен тоқылған кесте тәрiздi.


Олар iшке кiрдi. Iштегi көрiнiс сыртынан да тартымды екен. Бота мен Аққу байқамай өте шығып едi, Бейсеннiң көзi ортада тұрған тасқа, ондағы араб әрпiмен қашалған жазуға түстi:


«Жолаушы, тыңда сырын осы тамның, Мен бiрi емес кездейсоқ жатқан жанның. Қытымыр заманамен арпалыста


Мерт болдым, жаным таза, аппақ қаным».


Өлең мазмұны мазар iшiне әлдебiр құпия сыр әкелгендей болды.



  • Шiркiн-ай, бұл ескерткiштiң шын сырын кiм түсiндiрер екен, — дедi Бота үнсiз тыныштықты бұзып.

Дәл осы сәтте:



  • Оның ғажап тарихы бар, сiздерге мен баяндайын, — деген жоғарғы жақтан зор дауыс шыққанда, ғажайып дүние құшағында тұрған жолау- шылар селк ете түсiп, Бота әкесiне қалай жабыса қалғанын аңғармады. Ендi бәрi де сол дауыс шыққан жаққа қараса:
  • Қорықпаңыздар, мен бұл мазарды зерттеп жүрген архитектор едiм, — деп күле қарап, аласа бойлы, шашында мол ағы бар адам жоғарыдан түсiп келе жатыр екен.

 


 


Архитектор Асанов жолаушылардың кешкi салқынмен жүретiнiн бiлген соң, жақын жердегi қалаға кеткен серiгi келгенше демала отырып, тек қана жол үстiндегi ғажап мазар туралы емес, жалпы архитектура жайы- нан сыр шерттi. Оның жұмыр жер бетiнде туу тарихын баяндап, бейтаныс жолаушыларын ұйыта өзгеше бiр қызық, әсем дүние сарайларын кездiрiп әкеттi...



  • Архитектураны «Таспен жазылған тарих» деп бекер айтпаған. Дүние жүзiнде нелер жұмбақ мазар, тарихи уақиғаларға байланысты пайда болған нелер қызықты ескерткiштер кездеседi. «Дүниенiң жетi ғаламаты» атал- ған кереметтердiң бесеуi — архитектура перзенттерi. Олар: Мысыр пира- мидалары, Артемиссион храмы, Галикарнастағы Мавсол патшаның зираты, Вавилонның аспа бақшасы және Александрия қаласындағы маяк.

Египет адамдары адамзат баласын бұл дүниеге бос алданады деп ойлап- ты. Сондықтан олар ол дүние үшiн ғимарат соқпай, аз уақыт тiршiлiк үшiн адамдар үй салып, босқа әуреленедi деп күледi екен. Өзiмiзге таныс Саадидiң өлеңiнде де осы ой қайталанады:


Атағы жердi жарған бiр данышпан Соғыпты бойындай ғып өзiне там.


«Қаражатың мол ғой, — деп көршiлерi, — Неге үлкен ғып салмадың үйдi?» — дептi.


«Бос алданып өмiрге оны қайтем,


Ертең-ақ, — дептi ғалым, — одан кетем».


Мiне, өмiрдегi билiгiнен өлгенде де айырылмаймын деген оймен Хуфу патша да бiздiң эрамызға дейiнгi 3000 жылы дүниедегi жетi ғаламаттың бiрi аталған (Хеопс) пирамидасын салғызады. Құрылысты архитектор Хе- миун басқарыпты. Пирамида салуға екi миллион үш жүз мың тас жұмсалған. Грек тарихшысы Геродоттың айтуынша, тастарды әкелетiн жолды салудың өзiне он жыл уақыт кетiптi.


Отыз жыл бойы жүз мыңдаған адам ертеден қара кешке дейiн еңбектен- ген. Әрқайсысының екi тоннадан артық салмағы бар тасты құммен ысқылап жылтырату, олардың жiгiн бiлдiрмей өзара тақап салу, көтерiп орнына қою — мыңдаған адамның өмiрiн мезгiлiнен бұрын үзiптi.


Екiншi — Эфес ғаламаты. Гректердiң Эфес атты қаласында молшылық құдайы Артемида үшiн салынған Артемиссион деген сәулеттi храмдары


 


12-0238                                                                   177


 


 


болыпты. «Атың шықсын десең жер өрте» дегендей, Герострат деген жiгiт атағын бүкiл Грецияға жаймақ оймен сол храмды өртеп жiберiптi («Геро- страттай әйгiлi болу» деген сөз осыдан қалған). Бiрақ қала тұрғындары Хей- рократ деген архитектордың жобасымен Артемиссионды бұрынғыдан да жайнатып қайта салады.


Ұзындығы жүз тоғыз метр, енi елу метр храмды биiктiгi он сегiз метр мәр- мәр колонналар қоршапты. Олар екi қатар екен. Сыртқы қатардағы отыз алты колонна құдайлардың бейнелерi бар рельефпен (мүсiндi бедермен) көмкерiлiптi. Iшiнiң көркi сыртынан да әдемi болыпты. Ондағы қымбатты ағаштан жасалып, сырты алтынмен қапталған Артемиданың мүсiнi храмның ең үлкен мақтанышы екен. Атақты грек скульпторлары Пракситель, Ско- пас, тағы басқалар жасаған мүсiндер тобы, алуан тақырыпқа жасалған ре- льефтер храмды табынатын орын емес, ғажайып өнер жетiстiктерiн тама- шалайтын музейге айналдырыпты. Әттең, бiздiң эраға дейiнгi 263 ж. Эфес қаласын басып алған көшпелi гот тайпасы храмды түк қалдырмай тонап алған. Храмның қалған қаңқасы одан бергi жер сiлкiнуге, тасқын суға төтеп бере алмапты. Тұрған жерi сазды батпақ екен, талай адамды таңдандырған кереметтi аямай жұтып қойған. Архитекторлар тек бiздiң дәуiрiмiзде ғана храмның кейбiр бөлшектерiн тауып алды.


Галикарнастағы Мавсол деген түкке тұрмайтын патшаның ғажайып зира- ты — жетi ғаламаттың бiрi. «Мавзолей» деген сөз осыдан шыққан екен.


Зират үш қабатты, биiктiгi қырық алты метр, төрт бұрышты келген ғи- марат. Бiрiншi қабаты аппақ мәрмәрдан салынған бiтеу құрылыс болыпты. Жоғарыдағы атап өткен Артемиссион храмын безендiруге қатысқан Ско- пас атты скульптордың еңбегi мұнда да бар. Ол бiрiншi қабаттағы рельефтi жасап, онда гректердiң мифтiк амазонкалармен шайқасын зор шеберлiкпен нанымды бейнелейдi.


Целла аталатын екiншi қабат құрбандық шалуға арналған. Оның айна- ласында отыз алты ионикалық колонна болыпты да, олардың араларына мүсiндер қойылыпты. Зиратқа шатыр салынбаған. Төбесi жиырма төрт бас- палы пирамида боп бiтедi де, оның төбесiне квадрига1 орнатылыпты. Квад- рига iшiнде Мавсол патша мен оның әйелi Артемиссияның да бейнесi дәл берiлiптi. Мавзолейдi айнала үлкен-үлкен етiп жасалған салт аттылардың және арыстандардың мүсiндерi қоршаған екен. Мұны жасаушылар: грек


 
  

 


1Көне дүниедегі төрт ат қатар жегілген екі доңғалақты пәуеске


 


 


скульпторлары Бриаксида, Тимофей, Леохар және басқалар. Мавсол зираты да бұл күнде жермен-жексен. Оны бiздiң эрамыздың XV ғасырында фанатик, дiншiл рыцарьлар талқандапты.


Төртiншi ғаламат — Вавилонның «аспа» бақшасы дедiк қой. Оның салынуы да қызғылықты, сәулетi де әсерлi бопты. Вавилон патшасы Новуходоносордың әйелi Әмитисә ханым Мидий патшасының қызы екен. Тұрмысқа шыққаннан кейiн өзiнiң туып-өскен жерiн, оның орман-тоғайын, өзен-суын, тау-тасын сағыныпты. Ал Вавилон болса жазық далада орналасқан қала ғой. Әйелiнiң көңiлiн аулау үшiн, патша өзiнiң таңғажайып сарайының қасынан (бiздiң эраға дейiнгi 604–562 жж.) «аспа» бақша салдырады. Олай боп аталған себебi, бақша төрт қабатты мұнараға егiлген екен. Әр қабаттың үстiне топырақ үйiлiп, оған неше түрлi жемiс ағаштары отырғызылыпты. Бiрiншi қабаттан екiншi қабаттағы бақшаға көтерiлу үшiн түрлi түстi әдемi баспалдақтар жасалған. Құлдарға Евфрат өзенiнен су әкелiп, бақшаны суару да оңайға түспептi.


Александрия қаласында кемелердiң гаваньға кiруi үшiн алыстан белгi берiп тұратын ғаламат құрылыс Александр маягы едi. Оны Фарос атты кiшкене аралда екi жүз сексенiншi жылы Сострат деген архитектор орнатып- ты. Биiктiгi жүз жиырма метр маяк үш қабаттан тұрыпты. Квадрат формалы бiрiншi қабаты жоғарыға қарай жiңiшкерiп барып бiткен екен. Оның төрт қабырғасы күннiң төрт бағытын нұсқапты. Он бес метр биiктiкте кiретiн есiк бар екен. Маяктың екiншi қабаты сегiз қырлы болып, сегiз жақтан соғатын қатты желдерге орай салыныпты. Дөңгелек келген сегiз колонналы үшiншi қабатта от жағылады екен. Күмбезiнiң үстiне қоладан жасалған биiктiгi жетi метрлiк теңiз құдайы Посейдонның мүсiнi орнатылыпты. Ғаламат маяктағы жағылған от түрлi айналардың шағылысуымен он үш шақырым жерден көрiнетiн болған. Маяк мың бес жүз жыл тұрып барып жер сiлкiнуден құлаған. Осы жерде жетi ғаламаттың скульптуралық екi түрiн де айтпай кетуге бол-


майды. Себебi олар не храм тарихымен, болмаса қаланың архитектурасы- мен тығыз байланыста туған кереметтер.



  • Өздерiңiз жақсы бiлесiздер, — деп сөзiн әрi қарай жалғады архитектор Асанов, — былтырғы Токиода өткен олимпиада кiмнiң назарын аудармады. Төрт жылда бiр өткiзiлетiн олимпиада бейбiтшiлiктiң, халықтар арасындағы достықтың айғағы емес пе! Осы тамаша дәстүр алғашқы рет бiздiң эрамызға дейiнгi 776 жылы гректердiң Олимпия қаласында туған едi. Әңгiмелейiк деп отырған скульптуралық екi ғаламат туындының бiрi — Зевс мүсiнi осы

 


қалада, Зевс храмында тұрған екен. Оны грек скульпторы Фидий салыпты.


«Руслан мен Людмила» поэмасында Петербургтың сүйкiмдi бiр көрiнiстерiн жырлағанда Пушкин де Фидий туралы сөз қозғайды.


«Шәкiртi Феб пен Палладаның Фидий кеп бұл нұсқаның көрсе бәрiн, Қызыға, қызғана да қарар едi, Есiнен қарай-қарай танар едi, Кескiшiн тас қиятын кереметтей Қолынан түсiрiп те алар едi», — 1


дейдi ақын. Мiне, сол атақты Фидийдiң өлмес шығармасының бiрi — биiктiгi он жетi метрлiк Зевс мүсiнi.


...Зевс тақта отырған қалыпта берiлiптi. Кеудесi жалаңаш, иығына жаба салған жеңiл шапан тiзесiн жауып тұрған екен. Сол қолына ұстағаны — басында бүркiт қонақтаған скипетр (патшалық билiктi бiлдiретiн күрзi) болса, оң қолында жеңiс құдайы Ника отырыпты. Зевстiң денесi пiл сүйегiнен жасалып, тамаша рельефi бар тақ алтыннан, қымбатты тастар- дан соғылған екен.


Екiншi ғаламат мүсiн Эгей теңiзiндегi бiр аралдағы Родос қаласында пайда болыпты. Родос қаласы күшi басым жауға төтеп берген екен, жеңiс құрметi- не қала тұрғындары күн құдайы Гелиосқа ескерткiш орнатуды ұйғарыпты. Александр Македонскийдiң Лисипп деген қоланы ерiтудiң шеберi, сарай мүсiншiсi болған ғой. Гелиосқа мүсiн құюды Лисипптiң шәкiртi скульптор Харес өз мiндетiне алады. Биiктiгi отыз алты метр қоладан мүсiн құймақ болған ол үлкен тастардан үш бағана тұрғызып, оған темiр сырықтар байлап, қаңқа жасайды да, қола пластинкаларды қаңқаға орнатады. Бұл әдiспен жұмыс iстеу оңайға түспептi. Ол не iстеген деңiз? Харес жұмысты мүсiннiң башайы- нан бастаған. Жоғары көтерiлген сайын мүсiннiң айналасын топырақпен тығыздап отырыпты. Гелиостың басына жеткен кезде, мүсiн топырақтан үйiлген таудың ортасында қалыпты. Скульптор он екi жыл еңбектенiп, жұмысын сәттi аяқтап, топырақтан мүсiндi аршып жiбергенде, жер астынан шыққандай болған алып мүсiн сұлулығымен жұртты таңғалдырыпты деседi... Гелиос жас жiгiттiң кейпiнде берiлiптi. Кеудесiн сәл шалқақ Ұстаған ол оң қолымен көзiн күннен көлегейлеп теңiзге қарап қапты.


 


1 Аударған Ә. Тәжібаев


 


 


Аралға келетiн жауды алыстан көретiндей кейiптегi Гелиос көп елге аңыз болыпты...


Мүсiн жүз жылдай уақыт тұрып, жер сiлкiнгенде тiзесi бөлiнедi де, соңынан араб қолбасшысы Муавих аралды жаулап алған кезде, Гелиосты ерiтiп, қоласын 900 түйеге артып, саудагерлерге сатып жiберiптi.


Жетi ғаламаттың қысқаша тарихы осы.


Айта берсе, әрбiр туындының өз алдына ұзақ сонар тарихы, ғажайып сыры бар.


Архитектуралық және скульптуралық туындылар мейлiнше көп, оларды дүние жүзiнiң түкпiр-түкпiрiнен табуға болады.


Атақты Афин Акрополiнде (қорғанында) Эрехтейон деген таза мәрмәрдан жасалған храм бар. Храмның оңтүстiк қақпасында Кариати- да аталатын колонналар әйелдер бейнесiнде мүсiнделген. Ол туралы мы- надай аңыз бар: Пелопонес түбегiндегi Кариаттар қауымы Грецияның ата жауы — парсылармен бiрiгiп кетiптi. Гректер соғыста жеңiске ие болғаннан кейiн, Кариаттарға қарсы соғыс жариялап, жаулап алады да, бiрде-бiр еркегiн қалдырмай қырып, әйелдерiн күң қылған. Бұл жазаны ата- дан балаға үлгi ету ниетiмен, мәңгiлiк құлдықты бейнелеу үшiн, гректер храм- ды салған кезде үстерiне ұзын көйлек киген, бас киiмдерiн шешпеген кариат әйелдерiнiң мүсiнiне кiреберiс қақпаны көтертiп қойған.


Әрине, архитектуралық құрылыстың бәрiне жоғарыдағы айтылғандай дәлме-дәл түсiнiк беру қиын. Дегенмен оларды зер салып зерттеуге, сөйтiп, көп нәрсенi ұғуға болады.


Архитектура гректердiң «архитектон» деген сөзiнен алынған. Мұның дәл аудармасы — «құрылыс өнерi» деген сөз.


Архитектура шығармасын алыстан iздеудiң қажетi жоқ. Ол үйде отырса- ңыз — үйiңiз, қызметте — қызмет орныңыз, демалсаңыз — театр, тағы басқа мәдени орындар.


Сәулет өнерiнiң құнды еңбек болуы үшiн төрт түрлi мәселенi ескеру керек. Бiрiншiден — қолайлылық. Мысалы, тұрғын үй әрi жарық, әрi жылы, онда тұрмыста пайдаланылатын керек-жарақтың бәрi сай болуға тиiс. Театр- лар мен стадиондар түрлi ойындарды жақсы көрiп, естуге икемделiп, көп адам кiрiп-шығуға ыңғайлы, iшi-сырты көңiл көтерерлiктей сәндi, ауа- сы таза, орындықтары жайлы болғаны шарт. Ал зауыт пен фабрикалар жұмысшылардың аз шаршап, жұмысты жеңiл iстеуiне ыңғайлы етiп жасал-


ғаны абзал...


 


 


Екiншi мәселе — берiктiк. Үйлер, зәулiм сарайлар бiр-екi жыл тұрмайды, ғасырлар бойы адамға қызмет етедi. Демек, олар адам өмiрiне қауiпсiз, түрлi жағдайға төзерлiктей берiк болуы керек. Құрылыстың берiктiгiне әсiресе жер сiлкiнетiн аудандарда қатты көңiл бөлiнедi. Алматыда барлық құрылыс тоғыз балды жер сiлкiнуге төтеп беретiндей есеппен салынады. Жерi дүркiн- дүркiн сiлкiнiп тұратын Жапония астанасы Токиода американ архитекторы Ф. Райттың жобасымен салынған 22 қабат «Империал» атты қонақ үйi бар. Ол берiктiкке байланысты талаптарға сай болғандықтан, талай үлкен жер сiлкiнiстен аман қалып келедi.


Үшiншi — экономика мәселесi. Тұруға, жұмыс iстеуге, демалуға қолайлы, әрi берiк болумен бiрге, құрылысты арзанға түсiру де күрделi мүдде. Ға- сырлар бойы адам баласы бұл мәселеге үзбей назар аударып келе жатыр. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi бiрiншi ғасырда өмiр сүрген Марк Витрувий деген Ұлы ғалым «Архитектура туралы» деген өзiнiң еңбегiнде экономика тура- лы мынадай бiр мысал келтiредi. Гректердiң өзiмiз айтқан Эфес қаласында архитекторлар үшiн қатаң, бiрақ әдiл заң болыпты. Үлкен құрылысқа кiрi- сiп, оның жобасын жасаған кезде жұмысқа қанша қаражат керектiгiн архи- тектор күнi бұрын айтады екен. Егер жұмыс аяқталған соң айтылған сома дұрыс шықса, архитекторға сыйлық берiледi. Шығын көрсетiлген қаржының төрттен бiрiнен аспаса, жаза қолданылмайды, артық сома үкiметтен төлене- дi. Ал соңғы мөлшерден асып кетсе, архитектордың бар дүниесi құрылысты аяқтауға жұмсалады екен.


Қазiргi заманда архитекторға нақ мұндай талап қойылмағанмен, құрылыс- ты мол көлемде, тез әрi сапалы, индустриялық әдiстердi батыл қолдана оты- рып салу керектiгi қатты қадағаланады.


Төртiншi шарт — әдемiлiк. Бастапқы кездегi үйлер тек баспана — үңгiр, күрке, киiз үй болып келсе, қазiргi үйлер көпқабатты, әйнек пен бетоннан, пластмассадан жасалған зәулiм сарайларға айналды. Адамның эстетикалық тiлек-талғамын қанағаттандыру керек деген заңды талап сәулет өнерiне де ортақ.


Қазiргi дәуiрде архитектураға, әсiресе советтiк сәулет өнерiне қойылатын талап өзгеше.


Советтiк сәулеттiк стиль1 ғайыптан пайда болған дүние емес, ол өткендегi архитектураның тамаша жетiстiктерiн пайдалана  отырып, кейбiр орынсыз


 


1 Бейнелеу системасының әдіс, түр, түстерінің заңды бірлестігі


 


 


елiктеушiлiк пен формалистiк тенденцияларға қарсы күресте шыңдалып, ержеттi.


Советтiк сәулет өнерiнiң басты қасиетi — халық керегiн толық қанағаттандыру, коммунизмнiң техникалық-экономикалық базасын жа- сауға атсалысу. Бiздiң елде архитекторлардың жақсы еңбек етуiне барлық мүмкiндiк бар. Ал капиталистiк елдерде олай емес. Онда жақсы құрылыстар тек қана ат төбелiндей байлардың, қанаушылардың қажетiне арнап салынған. Архитекторлардың жақсы еңбек етуiне жағдай да жоқ.


Халықаралық лениндiк сыйлықтың лауреаты, Бразилияның атақты архи- текторы Оскар Нимейер өзiнiң «Бразилияның архитектурасы» деген ма- қаласында капиталистiк елдердегi архитекторлардың халiн өкiнiшпен ес- ке алады. Оскар Нимейер: «Тұрмыстың ауырлығын сәл уақыт та болса да ұмытқызып, көрермендердi таңғалдырар, эмоция туғызар түр ойлап тапқың келедi. Бiрақ бiзде коллективтiк еңбекке, әлеуметтiк принципке негiздел- ген, экономикалық мәселелердi шешерлiктей, адамзаттың игiлiгiне деген ұлы iстердi құптарлық боп жасалған проект жоқ. Бiздiң архитекторлар әдемi ой- ларынан ерiксiз безiп, үстем тапқа қызмет етуге, олардың қыңыр, ерiгуден туған қиялдарын орындауға мәжбүр болып отыр», — дейдi.


Ұлы Қазан революциясына дейiнгi орыс архитекторларының халi де онша болған жоқ. Ол жайлы атақты артист М. С. Щепкиннiң жазғанын оқыған- да, адамның жаны түршiгедi. Еске алып көрейiкшi.


...Курск помещигiнiң басыбайлы архитекторы болыпты. Мырзасы ар- хитекторға ұн тартатын диiрменi бар тас тоған салуға тапсырма берген екен, ол тамаша етiп жобасын жасап әкелiптi. Помещиктiң көңiлi толмай, көп өзгерiс кiргiзедi. Архитектор жобаны бұзуға болмайтынын, өйткен күнде тоғанның тасқын суға төтеп бере алмайтынын айтып көрген екен.


«Шошқа, доғар сөзiңдi, өзiм айтқандай қылып жаса», — деп, помещик бет қаратпапты. Тоған салынып бiтедi, бiрақ өмiрi көпке ұзамайды. Архитектор айтқандай, көктемде су тасығанда қирап қалады. Ашуға булыққан мырза тоғанның үстiне архитекторды жатқызып қойып, үш жүз шыбық бергiзедi де, тоғанды қайта салуға бұйрық бередi. Ғылымға, есепке негiзделген құрылыс жасауға мүмкiншiлiк беруiн сұрап архитектор помещиктiң аяғына жығылып жалынған екен, помещик оның сөзiне құлақ салмай, өз дегенiн iстейдi. Тағы да тоған көктемгi тасқында тас-талқан болады. Екiншi рет архитекторға дүре соғылады. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған архитектор мырзаның көз алдында суға кетедi. Тоғанды салуға үшiншi рет


 


 


кiрiскенде, марқұмның жобасын бұлжытпай орындаған екен, тоған талай тасқынға төтеп берiптi...


Қандай аянышты хал.


Ал бiздiң совет архитекторлары ат төбелiндей азын-аулақ адамдарға емес, бүкiл совет халқының игiлiгiне еңбек етедi...



  • Әне, бiр қара көрiндi, менiң жолдасым Аманжол келе жатқан болар, ендi әңгiменi доғарып, бiраз демалайық, — дедi қарт архитектор Асанов.

Әңгiменi қызыға тыңдаған Аққу:



  • Ағай, рахмет, көп нәрсенi ұқтық. Ендi әлемге әйгiлi қандай архи- тектуралық туындылар бар, соны баяндасаңыз екен, — деп өтiнiш қылды.
  • Қалқам, ол әңгiмеге бiраз уақыттан кейiн кiрiсейiк, әзiрге әлгi айтқандарымды көңiлмен бiр саралап өтiңдер, — деп ғалым орнынан тұра бастағанда, жерде қисайып тыңдап жатқан Бейсен:
  • Аққу, ағаларыңды орынсыз мазаламаңдар, — деп қалды.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу