26.02.2022
  169


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Теміртау — сәулетті қала

КСРО Құрылыс архитектура академиясы Қазақ филиалының берген жолдамасын ұсынғанымда, Теміртау қаласының бас архитекторы, техни- ка ғылымының докторы В. Н. Уклейн жолдас жетекшіміздің атын атап:


«Ә, Малбағар Меңдіқұловичтансыз ба, рақым етіңіз. Ол кісі Америкаға архитекторлар конгресіне жүрмекші деп естіп едім, ендігі кеткен болар. Жақсылап әңгімелесу үшін жайланып отырыңыз», — деп өтінді.


Инабатпен айтылған үлкен адамның жылы сөзі, өмірдің талай тасқы- нын көріп аз-маз солған ашаң, бірақ, мейрімді жүзі мені бірден өзіне баурай тартып әкетті.


Аз ғана уақыт әңгіме ішінде, зор эрудициясы бар, қала салу өнерінен ха- бары мол, жан-жақты білімді бас архитектор Теміртау тарихынан тамаша сыр шертті. Басында аз-маз қысылсам да, әңгіме қызығына енгенде бұйыға тыңдап қалыппын.



  • Теміртауды жалғыз ғана шойынның алыбы деп ойлауға болмай- ды, қаланың аты мыңдаған шаршы метрлі жаңа пәтер, мектептер, балалар бақшалары мен яслиі, магазин, клуб, кинотеатрлармен де тығыз байланыс- ты, — деп бір қойды да, столының қасында сүйеулі тұрған көрсеткішті қолына алып, оң жақ қабырғада ілінген генпланға жақындады. — Өзіңіз архитектор болғандықтан, сізге әрине белгілі, қазір үй жайы деген ұғым- ға адамдардың мәдени тұрмыс қажеттерін атқаратын қоғамдық мекемелер де кіреді. Қазіргі қалалардың құрылысы совет адамдарының семья ішінде, тұрғын аудандарда, қоғамдық жерлерде коммунистік қарым-қатынасты тәрбиелейтіндей болуы керек.


Теміртаудың шығыс ауданында осы талаптарға жауап беретіндей екі микроауданның жобасын жасадық. Оның бірінде 15000 адам тұрмақшы, аумағы 93 мың шаршы метр жерді алып жатыр, — деп Владимир Николае- вич генпландағы микроаудан орнын нұсқады.


Челябинскіде салынатын, экспериментальды микроаудан жобасымен, Москваның Жаңа Черемушкадағы 9,11 және 12 тұрғын кварталдардың үлгі- лерімен ертеректен таныс едім, Теміртау мысалы да келісті шешілген екен. Микроауданның тұрғын үйлері тек 4-5 этажды. Мәдени-тұрмыс мекемелері халықтың қолайлы пайдалануы үшін белгілі бір радиустағы жақын жерлерге орналастырылыпты. Әрбір үйдің аулаларында ағаш егілген, үйлердің груп- пасы және микроаудан үшін үлкен бақша мен спорт орталығы ескеріліпті. Жолдардың жобасы әдеттегіден өзге: автомагистраль аулақта болып, жаяу- лар жүретін жол киіп өтпейді. Климат ерекшеліктері де: қатты желдер, жарықтың түсуі және жер қыртысы да естен шығарылмаған.



  • Бұл ауданның құрылысына қашан кірісесіздер? — деген сұрағыма Владимир Николаевич:

  • Бүгіннен бастап, — деді де, сөзінің маңызын баса айтқандай, — бү- гіннен бастап, — деп қайтадан қайталады.

  • Бастаманың басында болғыңыз келе ме, мен машина алдырайын, көріп қайтайық, жолшыбай аяқталмаған әңгімені де аяқтармыз, — деді де Владимир Николаевич жинала бастады. Жақсы ұсынысты қуана қарсы ал- дым...


Машина адырға көтерілді. Адырдың ық жағынан тағы бір, әлгіден де зор, әлгіден де келбетті қаланың панорамасы ашылды.


 


 



  • Қазақстан Магниткасы деген осы. Анау алыстағы домна құрылысы, жақында іске қосылған домнаны да көріп тұрған боларсыз. Ал берідегі құ- рылысшылар қаласы. Мұнда 59-жылы пайдалануға берілген 80 мың шаршы метр үйдің бәрі де 4-5 этажды болып салынды...


Біз машинадан шығып, көрініске сүйсіне қарадық. Ылғи ірі блоктардан жасаған үйлердің көптігіне қайран қалсам, менің шарықтаған ойыма тіреу болсын дегендей Владимир Николаевич деректер келтіреді.



  • Егер бүкіл қала бойынша біз 1957 жылы ірі блоктан үйлердің небары 57 процентін салсақ, қазір бұлардың үлесі 100 процентке жетті, бірақ бізге бұл шек емес, жақында біз жаппай ірі панельге көшеміз, — деп жымияды. Біз В. Н. Уклейн жолдаспен сол күні көп жерді араладық, кұрылыстарды көріп, құрылысшылармен әңгімелестік. Олардың сөздерінен адам үшін үлкен қамқорлықты, істеген жұмыс нәтижелерінен нағыз іскерлікті көрдім.


Барлық жабдығы бар қолайлы үйлердің көптеп салынуы, жүз он гектар жерге егілген ағаштар, керегіңнің бәрі бар, кірсең шыққысыз магазиндер — жас қаланың жақсы сипаты. Теміртауда үстіміздегі жылы 102 мың шаршы метр тұрғын үй, үш мектеп, 14 балалар мекемесі, үш клуб, екі асхана, кең экранды театр, спортзалдар, универмаг, тағы басқа құрылыстар пайдалануға берілмекші. Теміртау шынында да сәулетті қала.


«Қазақ әдебиеті», 5 август, 1960 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу