26.02.2022
  178


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

ҚАЗАҚ САҢЛАҚТАРЫ

XX ғасыр өте шықты. Қандай болмасын, өткен өмірге шолу жасап, одан қорытынды шығару — адам үшін пайдалы және ілгері жылжуымыздың бірден-бір жолы.


Ең әділетсіздігі, елін, жерін сүйген, сол жолда өмірін құрбан еткен ер- лер жау аталып, қайдағы бір сатқындар көкке көтерілді. Қожа Ахмет Иасауи, Абылай, Кенесарыларды ұмыттыруға тырыстық, дүниеге таптық тұрғыдан қарадық. Осы жерде менің есіме ақын Хамит Ерғалиевтің бір ауыз өлеңі түсіп тұр. Бұл өлеңді марқұм Хамаң ауруханада жатқанда маған есіңе сақта деп тапсырған еді.


Тыңдап көріңіздерші:


 


Кеше сен «Құран сөзін құрт!» дегенсің,


«Мұны қой» деп еш адам түртпеген соң. Әкеңнің тексіздігін ту ғып ұстап, Аянбай тесіп едің жұрт төбесін!


 


Құдайға шүкір, бүгін өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп отыр.


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері, жалтақтамай, шындықты жа- сырмай, тар жол, тайғақ кешкен тарихымызға әділеттілікпен қарайтын болдық. Түркістан шаһарының 1500 жылдық тойын мақтанышпен атап өтуіміз, Қожа Ахмет Иасауи кешеніне жасқанбай тәу етуіміз де сол алған бостандығымыздың арқасы ғой деймін.


Тарихи жадымызды қалпына келтіріп, отандық және адамзаттық рухани байлыққа негізделген ұлттық сана-сезімімізді қалыптастыру және әрі дамыту мақсатымен Халықаралық Абылай хан қоры, Қазақтың тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы һәм «Алтын адам» қоры, Қазақстанның та- рихы негізінде «Ғасыр саңлағы», «Мыңжылдық саңлағы» атты қоғамдық акциялар өткізген еді, соны кең хабарлауды нысанаға алып отырмын.


Бұл акциялардың басты мақсаты — қазақ ұлты мен оның мемлекетінің да- муына әр салада (құқық, экономика, әдебиет, мәдениет, т.б.) орасан зор үлес қосқан екінші мыңжылдық пен XX ғасырдағы он адамды атау.


Бұл атаққа лайық адамдарды таңдау мақсатымен ғылым, әдебиет, өнер жә- не қоғам қайраткерлерінен тұратын ұлттық ерікті қоғамдық кеңес құрылды.


 


 


Кеңестің жұмыс барысында алға қойылған мақсат жүзеге асты. Қазақстан та- рихына ерекше үлес қосқан жиырма адам анықталды.


«Мыңжылдық саңлағы» мыналар:



  1. Ахмет Иасауи

  2. Әз Жәнібек хан

  3. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати

  4. Төле би

  5. Қазыбек би

  6. Әйтеке би

  7. Абылай хан

  8. Құрманғазы

  9. Шоқан

  10. Абай


 


«Ғасыр саңлағыдағы» он адам ішінде қазақ халқының тұңғыш прези- денті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бар.



  1. Әлихан Бөкейханов

  2. Ахмет Байтұрсынов

  3. Дина Нүрпейісова

  4. Мұхтар Әуезов

  5. Қаныш Сатпаев

  6. Бауыржан Момышұлы

  7. Дінмұхаммед Қонаев

  8. Нұрсұлтан Назарбаев

  9. Олжас Сүлейменов

  10. Тоқтар Әубәкіров


Бүгінгі менің мақсатым — ерікті қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде


«Мыңжылдықсаңлағы» болыпжарияланған Қожа Ахмет Иасауибабамыздың алтын медалін және дипломын құтты орнына қондыру, Түркістанның 1500 жылдың тойы үстінде аталмыш құжаттарды облыс әкімі Сапарбаев Бердібек мырзаға тапсырсам, ол кісі қайда сақтарын өзі білер!


Қожа Ахмет Иасауи айтқандары, дана сөздері ғасырлар бойы түркі халықтарына рухани азық болғандығы, діндарлығы мен даналығы үшін марапатталып отыр. Оның даналық кітабы әдеттілікке шақырады. Ұятсыз- дық, дүниеқоңыздылық, арсыздық қауымға іріткі әкелетінін айтады.


 


 


Бабамыздың мына бір сөздері бүгінгідей болып естілмей ме?


«Дүние менікі» дегендер — Малға иманын сатқандар, Құзғын құстай нәжіске Белшесінен батқандар.


Молда, мүфти атанып, Арамнан мал тапқан бай, Ақты қара қылғандар тамұқта ертең жанады.


Немесе:


Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз-келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.


«Ұят барда иман бар» деп Расул айтқан, Арсыз қауым бүлдіріп кетті, достар.


Оқтай атылған сөзді тыңдап көріңіз:


Туысқан мен ағайында қайырым жоқ, Патша мен уәзірлерде әділет жоқ, Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ, Түрлі пәле халық үстіне жауды, достар.


Әрине, қазақ халқынан шыққан даналардың саны он, жиырма деген санға сыймайды, одан да көп, біз оны түсінеміз. Мыңжылдық, жүзжылдық саңлақтары деген үлкен Монумент жасау ойымызда бар, сол кезде жет- пегенімізді жеткізіп, айтып үлгермегенімізді айту реті келеді ғой деп ойлай- мыз. Ал әзірге, біздің шешімге көңілі толмай жүрген оппоненттерімізге грек халқының бір аңызын айтқым келеді. Спарта аймағында ең ақылды үш жүз адамнан тұратын Кеңес болған екен, сол тізімге Зенон атты әйгілі философ кірмей қалыпты. Мұны естіген ғұлама: «Менен де ақылды үш жүз адамның болғаны қандай жақсы! Бұған да тәубе», — деген екен. Айтарым, сол біз де тәубе дейік, азға шүкіршілік еткенге не жетсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу