26.02.2022
  155


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

Жармақша жаулау, мойынға тағылған «алқа»

 


Қол-аяғым бұғауда, Тарылды байтақ кең өлкем.


Жиембет


 


Россияға қосылуға ынта тек қазақтар жағынан ғана болды деу жеткiлiксiз. Көз жеткiзбес дала, асу бермес белдер, айдын шалқар көлдер сонау ХVII– ХVIII ғасырдан бастап солтүстiктегi ұлы көршiмiздiң көзiнен таса болған емес. Әсiресе, Ұлыбритания мен Россияның дүниежүзiлiк рынок үшiн та- ласып, өзге елдердi отарлау саясаты күшейе түскен кезде, қазақ даласының стратегиялық маңызы да арта түстi. Себебi, қазақ жерiнiң шикiзат байлығын алмағанның өзiнде, талай елдердiң тегiн тамағына айналып, аранын ашқыз- ған қасiреттi ұлы Индияға апаратын Россия үшiн тура жол бiз арқылы өттi және бұл жол дербес отырған, сауда-саттықтан мол түсiм беретiн Орта Азия хандықтарымен де байланысты нығайта түсер едi. Ұтымды жағдайға назарды ең алдымен ұлы I Петр аударады. «I Петр Персиямен соғыс кезiнде Астраханда болып, 1722 жылы Петербургке қайтқаннан кейiн, — деп жазады баяғы сол Тевкелев, — «изволил иметь желание, для своего отечества Рос- сийской империи, полезное намерение в приведении издревле слышимых... киргиз-кайсацких орд в российское подданство, буде оная орда в точное



1 Қазақтар Ермақты «Жармақ» деген


 


 


подданство не пожелает, постараться, мне («мне» деп Тевкелев өзiн айтып отыр — Ш. У.) несмотря на великие издержки. Хотя бы до миллиона, дер- жать, но токмо чтоб одним листом под протекциею Российской империи, быть оказались... всем азиатским странам и землям оная орда ключ и врата» («Вестник Европы», том 5. — 1870. — С. 530). «Қаржыны аямаңдар» де- генде, I Петр: «Оная киргиз-кайсацкая степной и легко мысленный на- род», — деп жеңiл жеңiске жетуге үмiт артады.


Осы кезден бастап қазақ жерiнде түрлi-түрлi жиһанкездер пайда бола- ды, небiр елшiлiктер, «ғылыми» экспедициялар қаптайды. Халықтың хал- жағдайы, әскери дайындығы, әрi-берiден соң қай жүз қанша руға бөлiнедi, хан, сұлтандардың қайсысы күштi, қайсысында бедел жоқ, әлсiз — бәрi де зерттеледi.


Көпшiлiгiнiң не жазып, не қойғаны бұл күнде белгiлi (Н. П. Рыков, Н. С. Паллас, А. И. Левшин, т.б.), ал атақты жиһанкез, аты мектеп оқулықта- рынан бастап құлағымызға сiңген Орталық Азияны зерттеушi Н. М. Прже- вальскийдiң көшпендiлер туралы жазғанын оқығанымызда, төбе шашы- мыз тiк тұрады. Ол былай дептi: «Вообще позволительно не только сомне- ваться в невозможности для номадов перехода цивилизованную жизнь по каким-то ни было рецептам, но можно даже утверждать полную непригод- ность этих племен к такой метаморфозе. Как баран не может быть дресиро- ван на подобие лягавой собаки, так и кочевник, умственно тупой, лени- вый и апатичный не может по складу своей природы, переделаться в энер- гического цивилизованного человека» («Русский Вестник». Современное управление Азией. — 1886 . — С. 478).


Құдайға шүкiр, «легкомысленный» да, «тупой» да емес екенiмiздi келер уақыт көрсеттi.


Ұлан-байтақ жердi жаулап алу оңайға түспедi, себебi бiздiң ата-бабалары- мыз да қол қусырып отырмаған.


Бiз бұл жерде «жаулап алу» деп революцияға дейiнгi орыс тарихна- машыларының жиi қолданған терминiн әдейi алып отырмыз. Бiр жақсысы, олар отарлауды — отарлау, әскери күштi пайдаланып жаулап алған кезде- рiн — жаулап алу деп атаған. Сол кезде дос болғанды дос, жау болғанды жау деген, iшкi, сыртқы пиғылдар бүркемеленбей айтылып отырған.


Патша Министрлер комитетiнiң канцеляриясы шығарған: «Колониза- ция Сибири в связи с общим переселенческим вопросом» (СПб., 1900 г. —С. 6-7) деген кiтапта былай деп жазылған: «Общею чертою русских завое- ваний, совершенных в Сибири, является легкость их на севере и усуглубляв- шаяся их трудность по мере движения на юг в степные местности с коче- вым населением. Помимо большой численности этого населения, борьба с ним затруднялась тем, что оно легче образовывало довольно значительные и трудно уловимые при преселовании скопища... Ввиду сказанного вполне понятно, что если подчинение севера Сибири совершено в несколько де- сятков лет, то открытие южных местностей края для заселения русски- ми совершалось весьма медленно. Оседлое население утвердилось здесь уже после выработки правительством в ХVIII веке твердого плана борьбы со степью, путем постройки крепостей, постепенно сближавщихся и, нако- нец, в 60-годах настоящего столетия, «сомкнувщихся в одну неразрывную цепь...»


Айтса айтқандай, зорлықпен тартып алынып, қазақ жерiне бiртiндеп салынған қамалдар мен бекiнiстер, ғасырдан-ғасырға созылған Россияның отарлау саясатын табандылықпен iске асыруға себiн тигiздi. ХVIII ғасыр- дың өзiнде Жайық өзенi бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекiнiсiне 770 шақырымға созылған Уйск шебi (әскери линия — Ш. У.) аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 53 бекiнiстен тұратын 540 шақырымға созылған Жаңа Есiл шебi оны 950 шақырымға созылған Ертiс — Сiбiр шебiмен жалғастырды.


1824–1834 жылдар аралығында Көкшетау, Аягөз, Баянауыл, Ақмола қа- лалары пайда болды. Осы кезде Сiбiр шебi оңтүстiкке, Қапалға (1847) және Верныйға (1854) жылжыды. Орынбор шебi Орск қаласы арқылы Сырда- рия бойына шығып, 1864 жылы бұрынғы Қоқан бекiнiсi Ақмешiт алынған соң, Перовск форты, №1 Қазалы, №2 Қармақшы форттары салынды. Сол жылы Верный мен Перовск арасындағы таулы аймақтар жаулап алынғаннан кейiн, ақыры Орынбор мен Сiбiр шептерi қосылып, бүкiл қазақ жерiне


«алқа» тағылды. Казак-орыс станциялары әскери шепте бiрiнен-бiрi алысқа ұзамай (арасы 9, 16, 22 шақырымнан) қаз-қатар орналасып, тiзбегi үзiлмеген шынжыр бұғау iспеттес болды. Елдi мекендерде тұратын халықтың басым көпшiлiгi әскери адамдар едi.


Осы тақырып белгiлi тарихшы Н. Е. Бекмаханованың «Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии» атты монографиясында өте терең талданған.


 


 


Кейiн келген орыс шаруаларының өзi (1848 жылдан бастап) казак-орыс әскерi қатарына алынды. Басқа келiмсектер казак-орыс станцияларының iргесiнен орын теуiп, бiрте-бiрте қазақтардың күнкөрiс жерiне де жайыла бастады.


Шептегi казак-орыстар жергiлiктi халықты қанаудағы қолшоқпар болды, түрлi алым-салық жинаумен қатар небiр полициялық мiндеттер де атқарды.


«Против хитрого, быстрого, дерзкого врага, какими были киргизы, — деп жазды профессор С. М. Середонин, — с успехом действовали только ка- заки, регулярные войска — солдаты, даже драгуны оказывались значительно слабее казаков, в том крае, они не успевали преследовать крайне быстрого врага...


Кайсак-киргизы... были беспокойные и плохие подданные, с ними посто- янно приходилось вести трудную партизанскую войну...


К счастью, среди киргиз происходили беспрервные внутренние раз- доры, народные массы враждовали против ханов» (Азиатская Россия. — СПб. 1914 г., Т.1. — С. 30-31. Статья «Исторический очерк завоевания Азиатской России»).


Мақаланың «Исторический очерк завоевания Азиатской России» деп аталуы «қазақтар өз еркiмен қосылды» деген ұғымнан аулақ, сондықтан бұл еңбектi конкистодорлар (испанша — жаулап алушылар — Ш. У.) өмi- рiнен алынған шынайы көрiнiстер дер едiм. Бiр ғажабы, осы кiтапқа қазақ тарихшыларының еңбектерiнде сiлтеме аз, мүмкiн автордың тұжырымдары ресми көзқарасқа сай келмегендiктен де болар.


Келтiрiлген үзiндiдегi «к счастью» деген сөзге назар аударыңыздар. Қазақ елiнiң ынтымағының болмауы бiреуге бақыт, қуаныш әкелгенiне не дерсiң? Әкелдi де.


Дәл осы жерде Сырым айтыпты-мыс деген тағы бiр сөз көңiлге оралады.


Қарт батыр Есет бала жiгiт Сырымға былай дептi: «Жау жақын, бiзде бiрлiк жоқ. Мiнерге тұлпар, тыңдарға халқың болмаған соң, қол бастауға бо- ла ма?» Кейiн Сырым: «Есеттiң айтқаны келдi», — деп өксiп-өксiп жылаған екен.


Егер әркiм өз жеке басының қамымен ғана болса, ақылдыны тек ағайын- нан iздесе, алысты болжамаса, жақынды көрмесе, терiн төкпей тегiн бақытқа ие болғысы келсе, елiм, жұртым деп белi қайыспаса, жыртқышқа жем болудан басқа не қалды?


 


 


Осы жерде Ахмет Байтұрсыновтың мына бiр өлең жолдары еске түседi:


«Бұл күйге бүгiн емес, көптен кiрдiк, Алды-артын аңдамаған бетпен кiрдiк. Шығармай бiр жеңнен қол, бiр жерден сөз Алалық алты бақан дертпен кiрдiк».


Әрине, ауызбiрлiгi мол, ақылды басшысы болған елге басып кiру оңайға соқпас едi, сондықтан халықты бөлiп-жарып ұстау, бiрiне-бiрiн айдап салу басты мақсат болды. Нұралы ханның тағы шайқала бастаған тұста II Ека- терина генерал-губернатор Игельстромға былай деп ақыл бердi: «...буде бы необходимость обстоятельств потребовала, постараться умножить их число, чтобы каждый из таковых ханов не был силен в Орде и зависел от вас, как и прочие подчиненные вам в губернии и уездам прочие подчи- ненные вам в губернии и уездам (ЦГАДА. Сношение России с К., 1786, д. №1, л.7). Ал кейiнiрек, осы қатын патшаның мұрагерi I Николай Бөкей ордасындағы жағдай туралы қағазға 1844 жылы, орағытып маймөңкелетiп жатпай, былай деп бұрыштаманы еркiн соқты: «В царстве другого царства быть не может».


Ұлы суретшi Василий Иванович Суриков — орыстың қылқалам өнерiн- дегi «қозғау салушылар» (передвижники) атты патриоттық бағыттың көр- нектi өкiлi. Оның талантынан туған шығармалардың денi орыс тарихының тартыс, арпалыс, қайшылыққа толы, Шекспирше айтқанда, «не өлiм, не өмiр» деген шешушi кезеңдерiне арналған: «Өлiм жазасына бұйырылған атқыштардың (стрельцы) соңғы таңы», «Березоваға айналған Меньши- ков», «Бояр әйел Морозова», «Ермактың Сiбiрдi жаулап алуы». Суриков- қа тән бiр қасиет — оның шығармалары тарихи шындыққа негiзделген, дра- маға толы боп келедi, тұлғалары кесек, нанымды және уақиға белгiлi бiр жағдайда өтiп жатады.


Ермак картинасы туралы айтатынымыз да осы.


...Өзеннiң тар сағасында кездескен екi топ. Ермактар үлкен қайықта отыр. Түстерi суық, өн бойы қару-жарақ. Бұлардың қолдарында қарсылас- тарынiкiндей садақ емес, мылтық. Бұл жерде бiтiмге келер жай жоқ, күштi жеңедi. Бiз осы сурет туралы әңгiменi тегiн қозғап отырған жоқпыз... Ермактың саяхатшы емес, шапқыншы екендiгi шынайы көрсетiлгендiгiн айт- пақшымыз.


 


 


Самодержавие зұлымдығына қарсы жан-тәнiмен күрескен А. И. Герцен- нiң «Колокол» газетi де бар шындықты кезiнде ашық жазды: «...степь за- воевана казаками все по той же системе а ля Ермак. Казаки, которых пол- ковник Слуцкий наивно называл апостолами цивилизации в киргизской сте- пи, шли за Иртыш, на службу и грабеж, делавший службу выгодную» («Ко- локол», Привобочный лист, 1 августа 1867 г.).


Одан бiрнеше жыл бұрын осы «Колокол» журналы (1 май, 1862 жыл, 131-парақ) қазақтардың мүшкiл хал-жағдайын бүкiл әлемге былай деп паш еткен едi:


«Знаете ли, как казак обходится с киргизом? До крайности просто. Вся его собственность кажется казаку своей собственностью и отнять у киргиза барана, украсть у него быка или лошадь считается молодчеством и ничего больше, так что офицеры даже не делают выговоров за это нижним чи- нам, а частенько и сами опустошают аулы. Есть даже господа, которые соста- вили этим себе знаменитость, например, есаул Бутаков, подполковник Аббакумов и прочие, и прочие... Можно было бы сказать, что насчет кирги- зов живет все сибирьское войско».


Осы мақалада казактарды талап, байыған Карбышев пен Волков дегендер шепке барып завод салумен, мал саудасымен айналысқандықтары жайлы айтылады.


Жарайды, бұл фактiлердi шетелде патша үкiметiне оппозицияда жүрген адамдардың жiпке тiзгенi дейiк, ал ендi Россияның өзiнде жүрiп, Сiбiр та- рихын зерттеушi, тарихшы, этнограф Павел Иванович Небольсиннiң жаз- ғанынан тыңдап көрейiкшi:


«Соседи киргизов, уральские казаки, нехристиански, негуманно смот- рят на киргизов. Притеснить, опозорить, облаять, обмануть киргиза нипо- чем; уралец изстари смотрел на киргиза, как на предмет, которым можно всячески поживиться, человеческих прав его уралец никогда не признавал, до сих пор они более враждебно чем братски смотрят на этих своих сограж- дан» («Русский Вестник». Путешествующие киргизы. — 1860. — №17 ).


Оралда, Жетiсуда, Сiбiрде казак-орыстардың көзқарасы, iс-әрекетi кө- бiне бiрдей болмаған. Осы бiр жағдай көзi ашық, көңiлi нәзiк, намысы биiк Шоқанға да қатты батқан көрiнедi. Сiбiр шебiндегi казак-орыс әскерiнiң офицерi Е. И. Щебалин қазақтардың сөз өнерiне арнап «Словесность» де- ген мақала жазған екен. Соған берген рецензиясында Шоқан: «Склонность автора рукописи к ученым теориям при слабых ученых познаниях, поползновение усвоить себе европейский взгляд и, наконец, юмористический тон в рассказах о грустной темной стороне киргизской жизни — все это про- изводит на нас крайне неприятное чувство. Мы удивляемся, почему автор восхваляет сибирьских казаков (и, надо признаться, совершенно несправед- ливо) можно полагать, что сам он происходит от одного из завоевателей Сибири. Вообще, взгляды и понятия его совершенно казацкие».


Бұратана аталған елдердiң қанауда, теңсiздiкте болғанын Шоқан Омбы кадет корпусында оқып жүрген жас кезiнен-ақ бiлген, сезiнген. Бiздiң бала кезiмiзде «қызыл» және «ақ» болып ойнағанымыздай, Омбы ка- дет корпусындағы кадеттер, Г. Н. Потаниннiң айтуынша, («Сибирская жизнь», 1913. — №56, ) демалыс кезiнде «қазақ» және «казак-орыс» бо- лып «соғысады» екен, көп кадеттерге отарлаушылық сезiм бойларына дәл осылай жас кезден-ақ сiңген сияқты. Шоқанның «орыс пен қазақ төбелессе, мен қазаққа, француз бен орыс төбелессе, орысқа болысамын» деген белгiлi сөзi осы тұста туса керек.


Кезiнде қазақ жерiн орыстандыру мәселесi мемлекет саясаты болған. Ба- тыс Сiбiр генерал-губернаторы, генерал-лейтенат Казнаков өткен ғасыр- дың 70-жылдары патшаға жазған хатында, «Зардап шебiне» (горькая ли- ния — Ш. У.) ХVIII ғасырда қоныстандырылған казак-орыстар қазақтар- дың тiлiн, әдет-ғұрпын үйренiп, арасынан сiңе бастағанын өкiнiшпен айта келiп: «Не только не принесли пользы делу обрусения края, но сами на- учились поголовно киргизскому наречию, переняли некоторые обычаи и нравы кочевого народа», — дейдi (миссионерлiк саясатты iске асыру ғалым Мекемтас Мырзахметовтың кейбiр мақалаларында ыждығатпен зерт- телген сияқты). Әрi қарай мұндай жағдайдың болмауы үшiн Орталық Рос- сиядан орыс шаруаларын әкелу мәселесiн көтередi. Келiмсектер түрлi алым- салықтан босатылып, оларға көшiп келгендерi үшiн үкiмет тарапынан қара- жат бөлiнедi. 1896–1899 жылдары қазақ даласындағы он уезге экспедицияға шығып, 20 млн. десятина жердi мұқият зерттеп, 10 млн. десятинасын көшпелi халықтың шаруашылығы үшiн артық деп жариялап, келiмсектердiң пайда- сына шешедi. Талай қазақ атақоныс мекенiнен айырылып, тұрмысқа жайсыз жерлерге ысырылып, жұт кезiндегiдей жүгенiн ұстап қалады. Қоныстан- дыру мәселесi жайлы, менiңше, ғалым С. Әсiповтiң соңғы мақалаларында байыпты айтылған. Тек оған қосатынымыз, жаңа қоныс тебушiлер өмiрiн адал еңбекке арнаған адамдар бола бермеген.


 


 


 


«Переселенцы — арендаторы Тургайской области» (СПб, 1897) деген кiтапта Кауфман деген автор «Среди них было не мало нелегальных элемен- тов до бродяг и беглых каторжан включительно, а потому не удивительно, что дело нередко доходило до крупных бесчинств и даже преступлений, особенно круто расправлялись кустанайцы с киргизами, которые на зе- мельные захваты мстили барымтой — покражами лошадей и вообще ско- та. Киргиз, заподозренных в намерении украсть лошадь, вешали и топили в колодцах, а заподозревали нередко просто ехавших мимо, несколько кир- гиз было убито в дворе у уездного судьи — султана Сейдалина, которого рассвирепевшая толпа хотела повесить и самого, заподозрив его в желании скрыть конокрадцев».


Солтүстiктегi жағдай солай болса, оңтүстiк Жетiсудағы келiмсектер жайлы атышулы генерал Колпаковский 1868 жылы Түркiстан генерал-губернаторына жазған хатында былай дейдi: «Первоначальное заселение Се- миреченской области производилось вызовом и переселением по жре- бию. Шли люди бездомные, сомнительного поведения, расчитывая не на собственный труд, а на пособие от правительства, на готовые пашни и ары- ки киргизов». Дәл осы көңiлсiз жайдың жүз жыл кейiн «целина» аталмыш науқан кезiнде қайталанғанын қайтесiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу