26.02.2022
  600


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫ ЕДІК

Алатау өспейді екен, өшпейді екен, Ауыздан алып аты түспейді екен. Кәрілер: «Киелі ер-ай», — деп күрсініп,


Жастары: «Ер ұрпағы — біз», — дейді екен.


Мағжан ЖҰМАБАЕВ


 


1. Бауырлар


Алпысыншы жылдары «Советтер одағы» журналын ақтарып отырып,


«Өзбек ғалымы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин» деген үлкен мақалаға тап болдым. Оқып шықтым. Көңіліме күдік келіп, небір сұрақтар мазалай берді. Кенесарыдан қалған немере ағамыз бар деп еститінмін. Ол айдалып кетті демеуші ме еді? Қайдан шыққан профессор, қайдан шыққан ғылым докторы? Әрі Кенесарин?..


Ақыры Ташкентке де жол түсті. Өзбек ССР-і Ғылым академиясы гидро- геология иститутының директоры Нәтай Әзімханұлы Кенесариннің тұратын үйін табу қиынға түспеді. Чиланзар микроауданында тұрады екен. Қасымда Нұрғазы Оразымбетов деген инженер ағай бар, жетіп бардық. Есікті ұзын бойлы, қызыл шырайлы, қыр мұрынды, самайын ақ қырау шалған егделеу адам ашты.



  • Кіруге рұқсат па екен? — деп күмілжіп едік:
  • Қазақ болсаңдар, рұқсат жоқ, — деп бізге мысқыл көзбен қарады.

Нұрекең сасып қалып:



  • Мына ініңді таныстыруға әкеліп едім, — дей бергенде:
  • Ә, олай болса төрлетіңдер, — деп мырс етіп күлді.

Ар жағынан әйелі келді. Қадиша Ибраһимқызы ақжарқын, кішіпейіл адам екен, жұбайының уытты әзілін көңілге алмауымызды сұрады, «сырын кейін өздеріңіз түсіне жатарсыздар» дегенді айтты.


Нәкең мені сырттай біледі екен, қалай туыс болатынымызды өзі-ақ тара- тып берді.



  • Қаны бір туыс болу адам үшін жеткіліксіз, — деді бір сөзінде Нәкең мен жаққа қарап. — Егер туыстық рухани бірлікпен жалғасса дұрыс, — деп ойын қорытты. Бұл сөздерді жүрекпен ұғындым.

 


 


Нәкең жақында ғана Өзбек ССР-і Ғылым академиясына корреспон- дент-мүше болған, ғылымға мейлінше қатты берілген адам екендігін аңғарт- ты. Жалғыз өз мамандығы гидрогеология жайлы сөз қозғамай, қоғамдық ғылымға, тарих мәселелеріне де терең экскурс жасап отырды. Арасына әзіл де қосып қояды:



  • Жақында тарихшылар мені бір жиналысқа шақырып еді, «Шырақта- рым, осы сендерден көрген жақсылығым шамалы, мені әуре қылып қай- тесіңдер» дедім.

Ойнап сөйлесе де, сөзінде мол шындық барын көп ұзамай аңғаруға тура келді. Н. Ә. Кенесарин 1935 жылы Орта Азия индустриялық институтының тау-кен факультетін бітіріпті. Аспирантурада Мәскеуде оқып жүрген ке- зінде Нәкеңді ректор шақырып алып, оқудан шығармақшы болады. Бұл кісі: «Қандай кінәм бар?» — деп сұрайды. «Өз басыңызда ешбір кінә жоқ, кінә ата-бабаларыңызда», — дейді ректор. «Онда мен түк кінәсіз оқудан шыққанымша, мына тұрған сия-сауытты бетіңізге лақтырып кінәлі бола- йын», — деп ұмтылғанда: «Олай жасамаңыз», — деп ректор қолынан ұстай алыпты...


Адам туғанда ата-ананы таңдамайды біреудің баласы, біреудің немересі болып туады. Онда тұрған қандай айып бар?


Кенесарының Күнімжан, Жаңыл атты екі әйелінен сегіз ұлы болған: Тайшық, Ахмет, Жағыпар, Омар, Оспан, Әубәкір, Сыдық, Жәкі. Ахмет- тен — Әзімхан, Әзімханнан — сөз болып отырған гидрогеолог ғалым Нәтай. Әубәкірден — Нүсіпбек, Нүсіпбектен — Ұрмыз. Бұл кісі — Мұхтар Әуезов Созаққа барғанда бүркіт сыйлаған, көп нәрсені көкірегіне түйген кемеңгер ақсақал. Ұрмыздың ұлы Файзолла бүгінде елде мұғалім. Нәкеңнің бабасы Ахмет Кенесарин 1889 жылы Ташкентте, Сырдарияның облыстық статис- тика комитеті арқылы шыққан «Кенесары мен Садық сұлтандар» деген биографиялық очерктер кітабының авторы. Оған «оң көз» рецензия жазып, баспаға ұсынған атақты шығыстанушы ғалым, профессор Николай Ивано- вич Веселовский. Шоқанның еңбектерін де тұңғыш рет 1904 жылы шығарып,


«Аққан жұлдыз» деген бейнелі теңеу тапқан да сол кісі.


Тұқымың шынжыр-балақ шұбар төс болған деп қудалау, мына жерде бұлай депсің, ана жерде анадай депсің деп сөз қуу, пәле жабу, қит етсе «жау» деп айдар тағу Сталин дәуірінің «стилі» емес пе еді? Нәтай Әзімханұлы Ке- несарин де сол жылдардың қаралы жүгін мол арқалаған азамат. 50-жылдары Кенесары тарихына орай қатты қысым көрген. Ол кезде Нәкең ғылым кандидаты, докторлық диссертацияны да біршама аяқтап қалған екен. Бір күні тиісті жер шақырып алып, «Сіз Қазақстаннан кетіңіз!» депті. «Неге? Қан- дай кінәм бар?» дегенде, тағы да: «Сізде кінә жоқ, кінә ата-бабалары- ңызда» деген белгілі «әнді» қайталаған. «Астананы көпсінсеңдер, ең бол- маса Қазақстанның түкпіріндегі бір ВУЗ-ға жіберіңіздер, математикадан сабақ бере алам ғой», — деп сұраған екен, бет қаратпапты. «Біз сізге ес- керттік, әрі қарай сіздің тағдырыңызға жауап бере алмаймыз» деген сөз- ді кесіп айтыпты.



  • Амал нешік, елден жылай-жылай кете бардық. Жолдас-жора қал- мады, бәрі де бас қамын ойлап, менен сырт айналды. Бейнетіме көніп, ауыртпалықтың бәрін бірге көтерген мына жеңгең ғана болды, — деп ағай Қадиша Ибраһимқызына үлкен жылылықпен қарады.
  • Совет өкіметі тек Қазақстанда ма десек, құдайға шүкір, басқа жерде де бар екен. Өзбек ағайын бауырына тартты, қумады, еңбегімізді бағалады, туыс болып кеттік. Енді жұмыс істеуге мүмкіншілігіміз баршылық.

Соңғы сөзді Нәкең сыза айтты. Айтса айтқандай, ғалым Құйғаняр, Мыр- зашөл далаларын, Бұхар шұрайын, Сырдария мен Әмудария алаптарын иге- ру, Солтүстік Ферғана каналын салу, Ташкент және Қарағанды қалаларын, Ембі мұнай кәсіпшіліліктерін жер асты суымен қамтамасыз ету саласында ғылыми-зерттеулер жүргізеді. Бір сөзінде айтып отырды, Нәкең Мәскеудің В. И. Ленин атындағы метрополитен құрылысын жоспарлау кезінде Мәскеу қаласының жиынтық гидрогеологиялық картасын жасауға да қатысыпты. Ғылыми еңбектерінің саны жүз елуден асыпты. Менің іштей бір ойлағаным: су мәселесі біздің республикада да ең күрделі мәселелердің бірі емес пе еді, осындай ғалымды маңдайымызға сыйғызбағанымыз қалай?


«Қазақ болсаңдар рұқсат жоқ» деген сөздің мағынасын енді түсіне бас- тағандай болдық. Дегенмен бұл кісінің бізден ат-тонын ала қашқанын ұнатпай, реті келген кезде:



  • Қазақстанмен аз да болса байланысыңыз бар шығар, бізде шәкірттеріңіз жоқ па? — деп қалдым.
  • Алдымен ғылым жолына өзбектерді дайындаймыз, кезек жетсе қа- зақтарға қарасамыз, — дей бергенде Қадиша ханым киіп кетті:
  • Нәкеңнің қалжыңы таусылмайды. «Бөрі арығын білгізбес, сыртқа жүнін қомпайтар» деген емес пе? Елді неге сағынбаймыз, сағынамыз... Балалардың көңілі сол жақта. Тек жүрекке түскен баяғы бір сызат естен кетпейді де.


Нәкеңнің қазақ жерінде шәкірттері де жоқ емес. Олар Жүрімбек Сы- дықов, Серік Мұхаметжанов, тағы басқалар...
Мен жұлып алғандай: «Ел шақырса келер ме едіңіздер?» — деп сұрадым.
«Бізді шақырып жатқан кім бар?» — деп Нәкең ауыр күрсінді. Бұл жай маған тағы бір қазақ қайраткерінің тағдырын есіме түсірді. Ол КСРО халық суретшісі Орал Таңсықбаев еді. Баяғыда Алматыға келіп, үй ала алмай, творчестволық жағдайы келіспей Өзбекстаннан бір-ақ шықпады ма? КСРО халық суретшісі О. Таңсықбаевты қазір қазақ суретшісі десең, нанатындар аз. Нәтай Әзімханұлымен кейін көп араластық, ақыл-кеңес алып тұрдым, оның семья қуанышы біздің қуанышқа айналды, інім, туысым дейтін бол- ды. Екі қызы Раушан мен Гауһар Алматыға келіп орналасты, оған да қуанып қалдық.
1972 жылы Нәкең маған суреттерін сыйлады. Сол ақырғы кездесуіміз болған екен. Сол жолы мынадай бір қызық әңгіме айтты.
Мәскеуде тұратын генерал-майор Моисеевский Александр Гаврилович деген кісіден хат алыпты. Генерал: «Біз бауыр адамдармыз, бәріміз Кенеса- рыдан тараймыз, сізбен жақынырақ танысқым келеді», — деп жазыпты.
«Төтеден туыс табылғанына қуанып, сырын түсіне алмай таңғалып, танысқанша асық болдым», — дегенді айтты Нәкең.
— Тарихтан белгілі ғой, — деп Нәтай Әзімханұлы сөзін жалғады, — 1842 жылы наурыздың жиырма бір күні Кенесарының бәйбішесі — біздің ұлы шешеміз Күнімжан ханым балалары, төлеңгіттерімен бірге Айболат- тың Ақшиі атты жерде есауыл Сотников отрядының қолына тұтқынға түседі. Батыс-Сібір генерал-губернаторы князь Горчаковқа жазған хатында (Архив истории КазССР. Фонд 82, опись 1, док. 164. — С. 15-16) Кенеса- ры: «Несмотря на закон о неприкосновенности личной собственности кочевников, уездные чиновники не принимают никаких мер к вымога- телям, допускают беззакония, грабеж и насилие. Ведь немало времени прошло, как Ваши люди угнали с собой мою жену, двух снох и дочь… О месте, где находятся они сейчас, ничего не известно...» — деген екен. Маған хат жазған генерал — сол жоғалған әпкеміздің немересі болып шықты. Ұлы Отан соғысының ардагері екен. Үшінші гвардия танк армиясы- ның командашысы, Совет Одағының екі дүркін Батыры Павел Семено- вич Рыбалконың штабында істепті, соғыста көрсеткен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағын алыпты. Өкінішке орай, Қадиша Ибраһимқызы Мәскеуге бауырымызды іздеп барғанда, ол кісі қайтыс болып кетіпті. Кес-


кін-келбеті бізге тартқан апасы бар екен, семьясымен, әйелімен танысыпты. Жұбайы бізге сыйлаған генералдың фотосуретінің артына былай деп жазып- ты: «Құрметті Нәтай Әзімханұлы, аяулы Хадиша Ибраһимқызы. Осы бір адамның бейнесін мәңгілік ұмытпасаңыздар екен, ол адамзаттың бақытты болуы үшін бар күшін жұмсаған адам және өмір бойы өзін қазақ халқының өкілімін деп есептеді». Тағдыр деген, міне, осы, — деп Нәкең әңгімесін аяқтады.
Мен Нәтай Әзімханұлына бір, Александр Гавриловичтің фотосына бір қарай бердім.
Жақында қарындасым Раушан Нәтайқызы Кенесарина маған бір дәптер әкеліп берді.
Дәптерге Нәтай Әзімханұлы Кенесарин өзінің кестелі ойларын афо- ризм, ұстасөз ретінде берген екен. Жазуды 1963 жылы ақпанның сегізінде, Мәскеуде ғалымдар үйінде бастапты да, соңғы сөзін 1966 жылы наурыздың екісі күні аяқтапты.
Төмендегі пікірлері назар аударарлық:
1. Ғылым салаларының бір арнаға құюы қандай табиғи болса, оның тар- мақтанып кетуі де заңды. Қосылатын, ажырасатын сағалардан жаңа бағыт, соны ғылымның туына негіз қалайды.
2. Өзіңді-өзің сыйласаң, ғылыми айтысты жеке бастың айтысына айнал- дырма.
3. Ғұламалық пен диктаторлық бір адамның бойында қатар өмір сүрмей- ді, бұл — біріне-бірі қарсы, бірімен-бірі арпалысып өтетін қасиеттер, біреуі жеңбей тынбайды.
4. Мақсаты бір болғанмен көздеген нысанаға адамдар бірнеше жолмен жетуі мүмкін.
5. Шынайы достықта шек жоқ. Оның девизі — идеал тазалығы.
Дүмбілез достық — жершілдік, рушылдық, ұлтшылдық, қала берсе, конъюнктуралық шеңбермен шектеледі. Оның девизі — пайда. Бірінші дос- тық — мәңгілік, екінші достықтың өмірі қысқа.
6. Тәкаппарлықтың тағы — менмендік, өзгені місе тұтпаудан туатын теңсіздік.
7. Дос деп жүрген адамға сеніміңді жоғалтсаң, басыңнан жай ұрғандай боласың, жарық күнің түнге айналып, айналаң қаңырап қалған бос ке- ңістікке айналады.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу