25.02.2022
  523


Автор: Шортанбай Қанайұлы

ЗАР ЗАМАННЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Патша үкіметінің қазақ даласын отарлауында екі дәуір болды: соғыс отарлауы және жер отарлауы.


Соғыс отарлауы ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында: Гу- рьев, Оренбург, Тройцкий, Қорған, Петропавловск, Омск, Семей қорғандары салынудан, сол қорғандар арқылы қазақ даласын соғыс күшімен бағындыру үшін әскери от- рядтар шығуынан басталды да, бұл отрядтар: Сырымның, Көтібардың, Кенесары-Наурызбайдың, Исатай-Махамбеттің, Жанқожаның, Есет-Бекеттің көтерілісін құралды күшпен басқаннан кейін аяқталды. Содан кейін 1870-80 жылда- ры Жетісу мен Сырдарияда Кенесарыұлы Сыздық бастаған көтеріліс, Адайлардың көтерілісі, тағы бірнеше ұсақ көтерілістер болды. Патша үкіметі оларды дамытпай, кезінде сөндіріп отырды.


100 жылдан артық созылған қазақ халқының көтерілісі, патша үкіметіне бұрынғыдан да қатал саясат қолдандырды. Халық еңсесін көтерітпей, басып ұстау үшін, патша үкіметі қазақ даласының теріскей жағын қаусыра салған қорғандарын, енді қазақ даласының ішіне қарай терең сұғындыруға кірісті.


Осы мақсатпен патша үкіметі 1841 жылы Қапалды ор- натты, 1845-жылы Торғай мен Ырғыз қалаларын орнатты, 1854-жылы Атбасарды орнатты. 1854-жылы Көкпекті, 1854- жылы Алматы, 1855-жылы Лепсі қалалары салынды. 1862- жылы Ақмола, 1868-жылы Темір орнады. Осы кезде: Ақтөбе, Қазалы қалалары салынды, Ақмешіт, Шымкент, Әулиеата қалалары Россияға бағынды.


Егер Қазақстанның географиялық картасын алып қарасаң, мұның ондағы ойы, әрі – кең даланы мықты қорғандармен айнала қоршай, әрі – даланың ішкі әр жерінде де қорғандар орнатып, іштен де арқандау, тұзақтау, Бұл айтылған қала- лардың бәрінде де құралды әскер тұрды. Қазақ даласын ай- нала бұлай қоршамағанда, ішіне бұлайша әскери бекіністер



1 Мұқанов С. Қазақтың XVIII–XIX ғасырлардағы әдебиетінің та- рихынан очерктер. 2 басылымы, Алматы: «Арыс». 2002 ж.


 


қоймағанда, патша үкіметі жүз жылдан артық алысқан халықты жеңе алмайтын еді.


Қазақ даласына осынша көп қорғандар орнатып, оларға қалың әскер қойып, сол әскердің мылтық күшімен жүз жылдан артық соғысқан қазақ халқын патша үкіметі жеңгеннен кейін, енді екінші шара қолдануға кірісті, ол – жер отарлауын жүргізу еді. Жер отарлаудың мәнісі: қазақ даласына ішкі Россиядан переселендерді қаптатып, жиілетіп орыс шаруа поселкаларын орнату, қазақтың бар құнарлы жерін переселендерге беру, сөйтіп, жерге мал бағумен ғана кәсіп еткен қазақ халқын мал отынан айырып (отынан айырылған соң мал өсе ме) қазақты кедейлендіру, содан кейін аздырып-тоздырып, ұлттығын,


елдігін жою.


Патша үкіметіне мұндай саясат қолдануға сол кездегі Россияның өз саяси халі себеп болды.ХІХ ғасырдың 60-жыл- дарына шейін Россияда крепостное право болғандығы мәлім. Ғасырлар бойы помещиктердің құлдығында келген орыс ша- руалары ХІХ ғасырда помещиктерге қарсы көтерілісті үдетті. Россияның барлық губернияларында да көтеріліс өрті белең алып, көтеріліске қатынаспаған поселка қалмады.


Көтеріліс жасаған басқа халықтарға қолданған саясатын патша үкіметі көтерілуші орыс шаруаларында да қолданып, шаруаларды талай рет қанға батыра қырды.Бірақ, мылтық күші бостандыққа ұмтылған шаруалардың көтерілісін бір жола тұншықтыра алмады, патшаның әскері қырған сайын шаруалар өршелене түсіп, көтерілісін дамыта, үдете берді.


Патша үкіметінің алдына "не істеу керек" деген мәселе туды."Әрине, шаруаларды, патша үкіметі, крепостное пра- водан босату керек – деп ойлады, одан басқа жол жоқ, жер бермей, басын құлдықтан босатпай шаруалар көтерілісін тоқтатпайды".


Бірақ, босата қалғанда шаруаларға берер жер қайда? Бар жер помещиктердің қолында. Патша үкіметі– помещиктердің үкіметі.Патшаның тізгіні помещиктерде. Өзі сүйенген табы помещиктерді патша ренжіте ала ма, ренжітуге әлі келе ме, әрине, келмейді.


Бұл қиындықтан шығуға патша екі айла ойлап тапты: біреуі – крепостное праводан азат болған шаруаларды завод- фабрикаға жіберу, екінші-қазақ даласы сияқты отарланған кең жерге көшіру еді.


 


Міне, осы көшіруді, патша үкіметі "переселение" деп атады.


Қазақ даласына переселендер көшірердің алдында, 1868 жылы, патша үкіметі "қазақ даласын билеу ережелері" деген заң шығарып, бұл заңда "қазақтың жері қазыналық мүлік" деп жариялады. Осы заңға сүйеніп, патша үкіметі, қазақ даласындағы "қазыналық жерге" ішкі Россиядан шаруаларды көшіру жабдығына кірісті.


Қазақтың кең даласына көшіруге ұйғарған переселендер- ге патша үкіметі "мырзасып" оларды ықыластандыру саясаты- мен, бірнеше жеңілдіктер беретін болды: 1) қоныстануға жер таңдау, 2) егер көшкен переселендер екі жылда үй салып, егін егіп үлгере алса, соғыс салығынан басқа салықтардан олар- ды он жылға дейін босату, 3) үй салуға ақысыз 100 ағаш, 20 сом жәрдем ақша беру және мал мен соқа-сайман алу үшін қайтарусыз 20 сом беру. "Россияның толық географиялық баяны" ХҮІІІ том, 157 бет, 1903 жыл. Орыс тілінде.


Былайша қарағанда, бұл жеңілдік, онша жари қоярлықтай көрінбейді. Бірақ, крепостное праворның нәлет қамыты ғасырлар бойы жауыр қылған шаруаға, ол кезде, бұл жәрдем де көп тыныс.


Қазақ даласына переселендер көшіру саясатына патша үкіметі кіріскеннен, жыл санап көшуші переселендер көбейді. Мәселен, бұрынғы Ақмола облысының екі оязы: Көкшетау мен Петропавлға 1860-75 жылдары 150 жан, 1876-78 жыл-


дары 1700 жан, 1879-81 жылдары 1800 жан, 1885-1887


жылдары 2500 жан, 1888-90 жылдары 12000 жан шаруа- лар көшіп барады. Осындай шаруалар қазақ даласындағы барлық ояздарға да орнайды. 1891 жылы Россияда болған аштықтың салдарымен көшушілер орасан көбейіп, 1896- 1905 жылдардың арасында жалғыз Ақмола облысына 163033 жан шаруалар келеді. Өзге облыстарда да осындай.


Сөйтіп, 1868 жылдың заңынан кейін, патша үкіметі қазақ халқының бар шұрайлы жерін тартып алып переселендер- ге беріп, қазақты құнарсыз жерлерге айдайды. Патша үкіметі қазақ ішінен тек өзінің сойылын соғатын байлар мен бектер- ге ғана жер береді.


1868 жылдан кейін қазақ елінде әкімшілік билеу тәртібі де өзгереді. 1822 жылдың заңынан кейін жарияланған "округтік приказдар" жойылды, округтің орнына облыстар


 


құрастырылды.Облыстың басына қойылған губернатор, ояз басына қойылған начальник орыстан ғана болды, оларға қазақтан ешбір советник берілмеді.Қазақтан әкім қойылу ауылдық жағдайда ғана ұлықсат етілді. Ауылда үш жылда бір болыс, би, старшын сайланды. Бұл істерде, әрине, қазақтың байлары мен бектері отырды.


Қазақ халқының күшін ыдыратуға, бірліктен айыруға пат- ша үкіметі екі әдіс қолданды: біреуі – көшіп барған шаруалар мен тұрғылықты қазақтардың арасына ұлт араздығын тұтату, екінші – қазақтардың өзін өзара жауластырып ұстау.


Қазақ халқын өзара жауластырып ұстауға патша үкіметінің бір қолданған саясаты: қазақ байларын өзара әкімшілікке таластырып қырқыстыру. Бұл саясатты жүргізу үшін пат- ша үкіметті параға кең жол ашты. Әкімшілікке таласушылар жоғарғы ұлыққа да, сайлаушы елдің атқамінерлеріне де пара беріп, әкімшілікті сатып алды. Ұлыққа да, атқа мінерлерге де берген парасын, әкім болған адам халықтан жинап алды.


Әкімдікке таласып, әкім бола алмай қалғандар, әкім боп кеткенге өшігіп, келесі сайлауға шейін күш жинап, келесі сайлауда тағы таласты. Осы 1868 жылдан тұтанған сайлау таласының өрті, октябрь революциясына шейін қазақ ауы- лында сөнген жоқ.


1868 жылдың заңынан кейін, қазақ ауылында патша үкіметінің оң көздері, қолшоқпарлары, тыңшылары көбейді. Бұл "қызметтерді" ең алдымен қазақтың өз байлары мен атқамінерлерінен әкім сайланған би, болыс, старшиндар, тілмәштар атқарады.Олардан басқа, ауылда полицейский урядниктер мен приставтар қаптап жүрді.Бұларға сол кез- де ауыл арасына қаптаған қожа-молдалар қабаршы болды. Қысқасы ауылда, үкіметке қарсы шөп басы қимылдаса, патша үкіметі кезінде біліп, ол шөп басын қырықты да отырды.


Бас бостандығынан, жерден айырылған, кедейленген халық, бұл зорлыққа қарсы басын көтере алмады, көтерем дегенге үкімет көтертпей, қозғала бергенде тарпа бас салып, орнында езіп тастап отырды.


Осындай қолдан күш, бастан ерік кеткен кезде, қайғыдан тұншыққан халықтың зарынан туған көркем әдебиетін біз "Зар заман" әдебиеті дейміз. "Зар заман" әдебиетінің негізін қалаушы қазақ ақыны Шортанбай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу