24.02.2022
  341


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Туылған ауылға оралғанда

 


 


Абзал мен Шолпан қыз бүгін ауыл табиғатында тағы кездескен. Абзал соңғы кездері Шолпан қыздың өзінің туылып өскен Жерін, ауылын сағынып жүргенін сезген.


Шолпан қыз Кең тегістегі әріптестерінің өзімен жүздесіп, әңгімелеспесе де, олардың өзінің бұл жарық дүниеде бар екенін сырттай болса да көріністерден көргендерін көңіліне демеу тұтқан. Ал жаныдағы Абзалдың бар мақсат-мүддесі өзіне қолынан келгеннің бәрін жасау. Ол өзінің қолындағы шағын құралымен аспандағы Ай сияқты дене арқылы қалаған табиғатын пайда ете қояды. «Ауылға барамын» десе, ауылға, «Тауға барамын» десе,


 


тауға, «Мұхитқа барамын» десе, мұхитқа апарады. Бірақ олардың бәрі де өзіне тансық емес еді. Жер ғаламшары өзінің дүниеге келген ғаламшары болса да, оның көп құпия- сырын әлі біле алған жоқ. Адам баласы Күн жүйесіндегі көптеген ғаламшарлар мен олардың серіктерін біршама зерттесе де, Жер ғаламшарының бар құпия-сырын


толығыман аша қойған жоқ.


 


Шолпан жас кезінде әке-шешесімен бірге Жер ғаламшарындағы біршама елдерде болған. Білімі жоғары. Бірақ сонда да мына Абзалдың біліміне жетер емес. Абзал тек білімімен емес, өзінің құдіретті ісімен де баурап алды өзін. Шолпанның білгісі келетін нәрселр көп. Сондықтан да Шолпан Абзалдың тағы бір құдіретті әрекетін көргісі келді.



  • Абзал, бері қарашы, - деді Шолпан оған сәл еркелегендей болып, - осы кезге дейін маған көрсеткен көріністердің бәрі де өзіміз туылып өскен Жер ғаламшары табиғатының көріністерінен аумайды. Сондықтан да мен ол көріністерден мол әсер мен ләззат алдым. Енді менің сізге бір тілегім болып тұр. Соны орындай аласыз ба?

  • Қандай тілек, айта беріңіз, Шолпан, - деді Абзал қызға қарай оң қолын соза беріп, - сіздің айтқан тілегіңізді орындамаған кезім болды ма өзі? Рас, ұлы табиғат көрінісін әп- сәтте пайда ету мен жоғалтып жіберудің сырын айтуға құқығымның жоқ екенін мойындаймын. Ол сізге әзірге керек те емес. Бірақ уақыт өте келе бәрін де түсінесіз. Тек оған асықпаңыз.

  • Жарайды, - деді Шолпан бала қыздай төмен қарап, - айтар тілегім, мен Жердегі дүниеге келген ауылымды сағындым. Сол ауылымды сіздің құдіретті құралдарыңызбен осы Шолпан ғаламшарының бетінде көрсем де армансыз болар едім. Жер ғаламшарыма ғаламшараралық кемемен қайтып ұшып бармас едім. Мына өзіңіздің ауылыңыздағы


сияқты емін-еркін күн кешіп жүре берер едім.


 


Абзал ойланып қалды. Өзінің ширек ғасыр өмірінде Жер ғаламшарындағы өзінің дүниеге келген ауылына баруын сиретіп те алыпты. Жер мен ел жайлы тек бейнехабарлардан көріп келіпті. Сондықтан Шолпан қыз айтқан тілек көкейіне қона кеткен. Өзінің де, Шолпан қыздың да ауылын көріп қайту артық болмақ емес. Аз үнсіздіктен соң Абзал Шолпан қызға бұрылып:



  • Мына жарық дүниеге шыр етіп келіп, балалық балдәурен шақты өткізген ауылды сғынудың не екенін жақсы түсінемін, Шолпан, - деді жай ғана сөйлеп, - менің дүниеге келген ауылым өзіңіздің ауылыңызбен көрші ғой. Мен де сағынып жүр емдім ауылымды. Бұл тілегіңіз менің ойымнан шықты. Неге барып қайтпасқа туылған ауылымызға?

  • Онда кетейк! Мен дайынмын! Тек Жер ғаламшарымызға, ондағы туылып өскен ауылдарымызға ұшып жеткенше қанша уақыт кетеді?

  • Біздің кемеміз үшін қашықтық деген ештеме де емес. Біз Жер ғаламшарымызға да, ондағы туылған ауылдарымызға да әп-сәтте ұшып жетеміз!

  • Ендеше, нені күтіп тұрмыз, Абзал? Кемеңізбен ұшайық та Жер ғаламшарымызға қарай?!

  • Тек бір ғана шартпен, - деді Абзал сол қолыпен қыздың оң қолын қыса ұстап, - туылған ауылыңызда меннен қалып қоймайтын болсаңыз!

  • Жарайды, абзал, - деді Шолпан қыз Абзалға жымия қарап, - туылған ауылымда қалып қоймаймын! Өзіңізбен бірге осы Шолпан ғаламшарына қайтамын!


 



  • Онда болды. Келістік. Туылған ауыл деген, кім кімге де ыстық қой. Ауылға барған соң ондағы туған туыстарды, дос-жарандарды көқріп, жас жүрегің елджірейді емес пе? Сол жағын да ойлап тұрғаным ғой, Шолпан.

  • Сонда қалай? Біз ауылдарымыздың ішін аралаймыз ба?


 



  • Иә, екеуміз ауылдарды аралаймыз.


 



  • Онда тіпті де жақсы емес пе?!


 



  • Жқсысы жақсы. Тек олармен құшақ айқастыра амандаса алмаймыз, тілдеспейміз.


 



  • Кең тегістегі менің әріптестерім сияқты тек жұқа шыны сыртынан көреміз десеңіші?


 



  • Соған ұқсас.


 



  • Ал олар екеумізді көре ме?


 



  • Әрине, көреді. Айтқан сөдерімзді де естиді. Тек өзіміз олардың сұрақтарына жауап бермейміз. Өйткені, біз жүрген уақыт пен кеңістік пен ауылдағы уақыт пен кеңістік бір біріне сәйкес келмейді.

  • Бұл қызық екен.


 



  • Қызығы сол, екеуміз әп-сәтте Жердегі туылған ауылымызда боламыз.


 



  • Онда жарайды, Абзал. Барайық. Қалай болғанда да туылған ауылымды көргім келеді. Мына Шолпан ғаламшарына келгелі де біршама уақыт өткен.

  • Ендеше, кеттік!


 


Соның артынша айнала-төңіректегі жарық азайып, қараңғылана берді. Енді бір сәтте бар әлем көз алдарында жоғалып, бойларын суық ауа биледі. Абзал мен Шолпанды қандай да бір құпия ғаламат күш аспанға қарай көтеріп әкетіп бара жатты. Сол кезде Шолпан қыз:



  • Абзал, біз немен ұшып кетіп барамыз? Кеме дегенің осы ма? – деп суықтан дірілдей сөйледі.


Абзал ол сұрағына жауап беріп үлгермеді. Сәлден соң-ақ екеуі Шолпан қыздың туылып өскен ауылы маңындағы төбе басында тұрды. Бойлары да бірте-бірте жыли берген. Шолпан қыз өзіне өмірлік ыстық туылған ауылына, одан соң аспандағы шартабақ Күнге мейірлене қарап қойды. Өзінің ауылының Жер ғаламшарының осындай жылы аймағына орналасқанына іштей қуанды. Әйтпесе, жаңағы ғарыштық суықтан кейін


жылынудың өзі де оңайға соқпас еді. Енді «Тек Күн, тек Күн жарқырап тұрса екен, осылай!» деп тіледі ішінен. «Егер Күн болмаса, оның осындай жарық сәулесі мен жылуы болмаса, мына дүұние әлемі көз алдымызда ғайып болады екен ғой» деп бір ойлап қойды жас қыз. Содан соң жанындағы ауыл аймағын үнсіз бақылап-барлап тұрған Абзалға


бұрыла қарап:


 



  • Күннің сәулесі мен жылуы қандай тамаша! Деді жеңіл күрсіні, - Ғалымдар Күнді әуел бастан бекерден бекер зерттеп жүрген жоқ екен ғой. Күн осы Күн жүйеміздегі, осы Жер ғаламшарымыздағы күллі тірішілік иелерінің басты тірегі. Солай болса да қызы, Жеріміздегі адам баласының барлығы дерлік Күннің қадіріне жете бермейді! Тіпті, оған назар да аудармайды! Таң атады, шығыс көкиектен жарқырап Күн көтеріледі, төбе тұсқа


 


барады, одан ауып батыс көкжиекке барып батады. Осылайша әрбр тәуілікте қайталанып жатқан бір тамаша көрініс! Ол күнде қайталанатындықтан да адамдар көңіл аудара бермейтін шығар! Өзіміз де солаймыз! Әрқайсысымыз өз тірішілік әрекетімізбен болып кетеміз! Тек ауа райы өзгергенде ғана ес бөлеміз, соған сай үстіміздегі киімдерімізді ауыстырамыз! Сөйтіп өтіп жатқан өмір!


Абзал жас қыздың бұл сөздерін мұқият тыңдап тұрды. Бойлары жылыған соң ауылдың айнала-төңірегіне зер сала қараған екеуі де. Қанша дегенмен де ауылда көп жаңалықтар бар екен. Оған Шолпан қыз іштей қуанды. Тек бәрі де түстегідей. Осыдан бірнеше минуттар бұрын ғана сонау аспанда жарық жұлдыздай көз тартатын Шолпан ғаламшарында тұр еді екеуі. Енді шынымен-ақ өзі дүниеге шыр етіп келген, балалық балдуйрені өткен ауылы маңындағы өзіне бала шақтан белгілі төбе басында тұр екеуі.


Бірақ адам пенденің бұл жарық дүниедегі жеткен жетістіктеріне көңілі толған ба? Осында ұшардан бұрын Абзалдың: «Аулыңдағы уақыт пен кеңістік біз жүрген уақыт пен кеңістікке сәйкес келмейді» деген сөзі есіне түсті. Сонда да туылған ауылының келбетіне, тылсым- тірішілігіне терең сағыныш сезімімен қарады.


Ауыл төңірегінің табиғаты сол қалпында. Өсімдіктер мен түрлі түсті гүлдер жайқалып өсіп тұр. Сәл ғана соққан саамл желден ол гүлдердің хош иістері де келеді. Ауылдың солтүстік шығысы мен батысындағы қатпар-қатпар таулар бұл жаңалықты сезбейтіндей сол қалыптарында мүлгіп тұр. Сай-салада уақ малдар, өзен жағалауларында ірі малдар еркін жүр. Әлденеге мәз болғандай қос қанаттарын жыпылықтата қақан құстар ағаш бастарындағы бұтақтарғы бірде қонып, одан бірде ұшып кетуде. Ауыл үсті аспаны да бұрынғысынан көп тазарыпты. Ауылда әдемі киіз үй іспетті үйлер көбейіпті. Осының бәрі де Шолпан қыздың бойына қуаныш сезімін ұялатты. Жас қыз осындай толқынысты сезімде ұзақ тұра берер ме еді, кенет жанындағы Абзал өзіне оң қолын созды.


Шолпан қыз тіл қатқан жоқ. Оған сәл жымия қарап сол қолын оның қарымды қолдарының саусақтарына жанастыра берді. Абзал оны өзіне қарай тарта түсті. Екеуі төе басынан қатарласа жүгіріп төмен түсіп, ауыл шетіне жақындады. Шолпан қыз енді өзінің жарық дүниеге шыр етіп келген тезірек көруге асықты. Сыртқа шығы келген қай адамның да өзінің ауылы мен үйін осылай сағынатыны заңды. Мұндай сағыныш сезімі Абзалдың бойында да бар. Сондықтан ол Шолпан қыздың қазіргі жан-дүниесін терең түсініп келеді. Тек Абзал: «Шолпан қыз ауылын қимай меннен қалып қоймаса екен» деп тілейді ішінен.



  • Шолпан, - деді Абзал бір кезде жүрісін кідіртіп, қызға бұрыла қарап, - мен сіздің қалауыңызды жасадым. Енді өзіңіз де сөзіңізде тұрыңыз. Қатты елжіреп, меннен қалып қойып жүрмеңіз. Туылған ауылдың кім кімге де ыстық болатынын жақсы білемін. Бұдан соң менңі ауылымда да боламыз. Мен де ауылымды, балалық балдәурен шағым өткен жерімді сағынып келемін. Тағы бір қайталап ескертетінім, әкеңізбен де, анаңыз, іні, сіңлілеріңізбен де, туыс, дос-жарандарыңызбен де кездескенімізде қауыша, тілдесе алмайсыз. Оған еш ренжімеңіз. Мұны мен Шолпан ғаламшарынан осында аттанбай тұрғанда да өзіңізге айтқанмын.

  • Білемін, - деді Шолпан қыз жай ғана сөйлеп, - осының өзі де маған үлкен бақыт!


 


Шолпан қыз осыны айтып, жан-жағына жиі-жиі көз салумен болды. Қанша дегенмен қыз бала, жан-сезімі нәзік болған соң бота көздерінен мөлт-мөлт ыстық жас үйіріліп те үлгерген. Абзалдың қойған кейбір сұрақтарына жауап бере де алар емес. Сөйлейін десе, көкейіне тығылған бір сғыныш өксігі күшейіп, дауыстап жылап жібретіндей қорқады жас қыз. Абзал жас қыздың бұл көңіл-күйін де іштей сезіп келеді. Көз жасын да байқаған.


Бірақ Абзал жас қызды осылай толқытып аламын деп ойлап па. Енді Шолпан қыздан өзі


 


қойған сұрақтарына мардымды жауап та ала алмай келеді. Шолпан қыз ауыл ішінде қай көшеге қарай бұрылса, өзі де солай қарай жүреді. Сөйтіп екеуі ауылдың орталық


даңғылына да түскен. Өздерін көрген ауыл тұрғындары даңғыл бойында, әр жер, әр жерде қарап тұрып қалған. «Ауыл тұрғындары бізге осылай қараса, Шолпан қыздың үйіндегілер қандай көңіл-күйде болмақ?» деп бір ойлап қойды Абзал іштей.


Шолпан үнсіз келеді. Өзінің Шолпан ғаламшарын зерттеуге барамын деп осындай күйге түскенін бір ойлады. Бір уақыт пен кеңістіктен екінші уақыт пен кеңістікке ауысуыдң күрделі екенін де білмепті. Дегемнен, Шолпан қыз өз мақсатынан күдер үзген жоқ. «Осы Жер ғаламшарына, мына туылған ауылыма біржолата оралатын күнім де туар» деп өз өзін іштей демеді. Сол кезде Абзал да әңгімесін жалғап кетті.



  • Шолпан, сідің мына ауылыңыздың табиғат аясы өте жақсы сақталыпты. Ләйім, алдағы уақытта да осылай болсын! Тек бүлінбесін!

  • Оны түсінемін, Абзал, - деді көңілі көтерілген Шолпан қыз, - ұлы табиғатсыз ешбір тірішілік иесінің күні жоқ. Табиғат бүлінген жерде қандай даму болмақ? Ауру-сырқау көбейеді, ғұмыр қысқарады. Менің ауылымның табиғаты да, тұрғындары да ондай дәрежеге жеткен жоқ, жетпейді де.

  • Тек солай болсын, мен бәрін көріп, қызығып келемін! Мұндай тамаша табиғат аясы Жер ғаламшарымыздың ешбір аймағында жоқ шығар сірә, енді. Мұндай табиғат аясын көздің қарашығындай сақтау керек қашан да!

  • Тек, өкініштісі, Жер ғаламшарымызда ұлы табиғатты осылай қорғай, аялай білетін халықтардың азайып келетіні. Жер атмосферасындағы, биосферасы мен гидросферасындағы адам қолымен, адам басқарған түрлі техникалармен жасалған өзгерістер, зауыттардан, фабрикалардан, жеңіл көліктерден шыққан газ-түтіндер ұлы табиғатты тұншықтырады ғой бірте-бірте. Ал жыпырлаған зәуілім ғимараттар мен көп қабатты тұрғын үйлерден тұратын қалалар Жер ғаламшарымыздың бетін түнелдей жапты десе де болады.


Ал мұның соңы неге апармақ? Бүгінде бұлақ, өзен, теңіз бен мұхит сулары да тартылуда. Бұл көкейкесті мәселелер жөнінде ғалымдар мен түрлі саланың мамандары дабыл қағуда. Тек еш нәтиже жоқ. Кейбіреулер: «Өзім өмір сүрген кезде жасқы болса болды, әрі қарайғысында жұмысым жоқ» дейтін де сияқты. Бәрінен де солпікір жаман, Абзал. Ал жұлдызтанушы ғалымдар соны көріп, жұлдызды әлемнен адам баласының болашақ қонысын іздеуде. Біз де сонау аптабы жан қиналтатын Шолпан ғаламшарында бекерден бекер жүрген жоқпыз.


Абзал Шолпан қыздың бұл мұңды сөздерін мұқият тыңдап, сәл кідіріп тұрып қалды. Содан соң үнемі шағын сөмкесінде болатын дүрбісін қолына алып, көз алдына апарып, айнала-төңіректі мұқият шолды. Шолпан қыз Абзалдың не оймен бұлай барлап тұрғанын түсіне алмады. Сонда да Абзалдың ойын бөлмеді. Абзал ауыл аймағын түгел барлап шыққан соң дүрбісін аспанға қаратқан. Дүрбісіне ғаламшар атмосферасы құрамын, ондағы өзгерістерді қосымша дөңгелек экранда көрсететін жүйе де бар-ды. Атмосфераның ауыл тұсындағы аймағында өзгерістер жоқ екен. Дүрбіні өзінен кейін қолына алған Шолпан қыз да көп нәрсені көрді, көп нәрсені білді.


Осыдан соң екеуі ауылдың орталық даңғылы бойымен жүріп, Шолпан қыздың туылған үйінің жанына жетті. Сол кезде үй ауласынан төбет Иттің апрылдаға дауыстары естіліп, бірте-бірте анықтала берді.                                         Ол Шолпан қыздың күшік кезінен еркелетіп өсірген төбеті


 


еді. Төбет апрылдай жақындап келіп, Шолпанды танығанымен жаныдағы жігітті бөтенсіп, шабаланып тұрып алды. Шолпан қыз Абзалды арқа тұсына көлегейлей бере төбетке:



  • Жат, Байтөбет! Жат орныңа! – деп дауыстады.


 


Төбет Ит дауысын естімеді. Онан сайын шабалана түскен. Согның артынша Ит дауысын естіген әкесі, анасы, ағасы мен іні, сіңлілері жүгіріп-жүгіріп шықты. Олар Шолпан ғаламшарына оны зерттеуге кеткен Шолпан қыздың қалайша ауыл көшесінде жүргеніне аң-таң боды. Ешқайсысы да Шолпан қыздың Шолпан ғаламшарында ізім-ғайым жғалғанынан әзірі бейхабар еді. Енді сәлден соң шыдамаған әкесі екеуіне қарай тұра ұмтылды. Бірақ оны көзге көрінер-көрінбес жұқа мөлдір шыны қорған өткізбей өткізбеді. Олай бір, былай бір жүгіргенінен ештеме шықпады. Шыны қабырға қызына қолын жеткізбеді. Одан кейін анасы жүгірген. Шыны қабырғаға соқтығысқан ананың көз шараларына ыстық жас толды. Ойламаған жерден осындай көрініске тап болған әке мен шешенің дауыстары ауылды күңірентті. Ағасы, інілері мен сіңлілері де Шолпанға жетуге таплпынып жүр. Мұндай ғажайып, мұндай толқынысты көрініс болып көрген бе? Шолпан қыздың отбасының мына жағдайын көріп жиналып қалған көрші-қолаңдары да әбіржи бастаған. Уақыт өткен сайын олардың қатары да көбейе берген.


Бәрінің де Шолпан қызға қол жеткізуге тырысады. Бірақ ештеме шығар емес. Оны көрген Шолпан қыздың бет-әлпетін де ыстық жас жуып кеткен. Абзал да сасақалақтап не істерін білмейді. Шолпанды сабырлыққа шақырады. Бірақ жас қыздың нәзік жан-дүниесі көне ме, мынандай сәтте. Әкесімен де, анасымен де, аға, іні, сіңлілерімен де қауышқысы келеді Шолпанның. Бірақ екі жақтың айтқан сөздері бір біріне жетпейді. Ауылдағылар бұл екеуін тек бір алапат телеэкраннан көріп, дауыстары мен сөздерін естіп тұрған сияқты.


Олардың дауыстары мен айтқандары екеуіне естілмейді.


 


Осылайша екі жақ та түсініксіз бір қиналысты бастарынан кешірді. Ештеме шықпаған соң күдерлерін үзген көрші-қолаңдар тарай бастады. Көше бойында Шолпанның әкесі мен анасы, ағасы мен іні, сіңлілері қалды. Олардың ешқайсысы да Шолпанмен бір қауышып қалудан үміттерін үзер емес. Шолпанның да аяқтары алға қарай тартпайды. Сәлден соң шыдамы біткен Абзал Шолпан қыздың оң қолынан ұстап, ілгері қарай жүрді. Шолпан қатты толқыныстан әлсіреген адамдай теңселді. Кеткісі келмеді. Отбасының мына әбіржісі


жанына батты. «Мұнан да көрмегенім жақсы еді. Неге келдім мұнда» деп іштей өкінді Шолпан қыз. Жанындағы Абзалды күнәлаудың тағы реті жоқ-ты. Өзі сұранды. Оның бар күәсі өзінің айқанын бұлжытпай орындағаны.


Біраздан соң Шолпан үйінің жанынан кетуді жөн көрді. Отбасын бұлай қинағаннан ештеме шықпайтынын іштей түсінді. Сол қолымен Абзалдың оң қолын ұстаған бойы ілгері қарай жүре берді. Сол замат Абзал да оны алға қарай тарта түсті. Шолпан өмірінде алғаш рет осындай қаталдыққа барды. Отбасының қиналған жүздеріне бұррылып қарамауға тырысты. «Көке, апа, аға, іілерім мен сіңлілелірм, кішкене шыдаңдаршы. Мен жақында Шолпан ғаламшарынан ораламын» деп қойды ішінен. Екеуі даңғыл бойымен ілгері қарай жүре түсті. Жол-жөнекей кезіккен ауыл тұрғындары жол шетіне шығып, екеуіне таңдана қарап, кейіндеп қалып жатты. Бұл көрініске олардың ешқайсысының да түсінігі жетпеді. Тек Шолпн қыз бен жанындағы жас жігітті көргендері анық. Кейбір


зиялылар бір-біріне «Бұл қатар әлемнің көрінісі болар» деген болжам айтып тұрды.


 


Абзал Шолпанды ауыл ішінде тоқтатпауға тырысты. Сол бойда тіке қыр басына қарай тартқан. Одан төмен түсіп, өзен суы жиегін жағалай жүрді. Шолпан қыз жаңағы


толқынысын басып, осы аймақта өткен балалық балдәурен шағын есіне алды. Абзал осы көңіл-күйін іштей түсініп, Шолпан қызға бұрыла қарап:


 



  • Шолпан, ауылың қандай тамаша! Үйлердің бәрі де киіз үй іспетті тұрғызылған! – деді жай ғана.

  • Оған сөз жоқ! – деп, Шолпан өзен суы жиегіндегі жалпақ біртастың үстіне жайымен отыра кетті. – тек жаңа әкеммен, анаммен, ағам, інім, сіңлілеріммен қауыша алмағаным өкінішті. Сонда біз қандай дүние әлеміндеміз?


-Кәдімгі дүние әлемінде, - деді Абзал аспанға көздерін қадай қарап, - тек уақыт пен кеңістік осындағы уақыт пен кеңістікке сай келмей тұр. Сол себепті оьбасыңызден қауыша алмадыңыз.



  • Ал сол екі уақыт пен кеңістікті бір уақыт пен кеңістікке түйістуріге болмас па еді?


 



  • Ол менің құзырымдағы іс емес, ШОлпан. Егер екеуміз осы ауылдың өміріне тән уақыт пен кеңістікке көшсек, онда ғыұмыр бойына осы ауылда қаламыз. Шолпан ғаламшарына келгендегіміздей әп-сәтте бара алмаймыз.

  • Қалайықшы, онда, осында, - деді Шолпан жас қыз баладай елең етіп, - мен туылған ауылымды әлі қимай келемін. Ешқайда да кеткім келмейді. Үйімде мені әкем мен шешем, ағам мен іні, сіңлілерім күтіп отыр ғой, келеді деп. Жаңа ғана өз көзіңізбен көрдіңіз ғой, олардың мені қалай сағынғандарын.

  • Көрдім, - деді Абзал селқос сөйлеп, - егер мен қазір уақыт пен кеңістікті осы ауылға жылжытсам, онда мен сізден біржолата айырламын. Өзімнің көрністі өзгертетін бар қабілетімді жоғалтамын. Одан да бұрын мен әлі ана қырдың арғы жағындағы өзімнің туылған ауылыма барған жоқпын. Мен де өзіңіз сияқты оны сағынып келемін ғой! Осыны түсініңізші, - деді.


Шолпан қыз көз шараларында Күн сәулесіне жылт-жылт еткен ыстық жасын екі қолының сүйріктей саусақтарымен сүртіп алып:


-Түсінемін, Абзал. Кешіріңізші, мені. Туылған ауылымды, әке-шеше, іні, сіңлі, көршілерді көрдім. Олармен қауышып, тілдеспесем де көңілім орнықты. Енді сіздің ауылыңызға барайық! – деді жай ғана.


Абзал басын изеп, Шолпан қыздың оң қолынан мықтылап ұстап, қырға қарай асықты.


Оның арғы жағында өзінің туылған ауылы болған сайлы жазық. Қыр басына шыққанда Абзаал да ерекше толқыды. Көз шараларына жас алмаса да, дауысы әдеттегісінен сәл дірілдей шықты. Шолпан мән-жайды түсінбей:



  • Абзал, жаңағы айтақан ауылыңыз қайда? – деді оған бұрыла қарап.


 



  • Шолпан ғаламшарында емес пе? – деп жымиды Абзал.


 



  • Онда мұнда неге келдік?


 



  • Ауылым жоқ болғанмен, балалық балдәурен шағым өткен мына табиғатты ұмыта алмаймын ғой, Шолпан, - деді Абзал айналаға толқи қарап тұрып.

  • Түсндім, - деді Шолпан да айналаға мейірлене көз жіберіп.


 



  • Ауылымды Шолпан ғалмшарына көшіргенде, мына таулы жазық жерде ештеме жоқ еді. Аз ғана уақыттың ішінде өсімдіктер мен түрлі гүлдер өсіп, әдеміленіп кетіпті. Мені


 


балалық шағым да осы тамаша табиғат аясында өткен, Шолпан. Осыны бір көруді аңсап жүр едім. Сіздің арқаңызда оның мүмкіндігі туды.



  • Мен де сіздің арқаңызда өзімнің туылған ауылымды көрдім, - деп кейін қарай бұрыла қарап қойды Шолпан қыз, - туылған ауыл осылай қашан да ыстық болады екен.


Абзал тауылған ауылы болған табиғат аясына тағы бір мейірлене қарап, сол қолыныің білегіндегі электронды сағатына көз салды да:



  • Бұл жарық дүниедегі әрбір саналы адам баласының іс-әрекетіндегі уақыты есептеулі. Екеуміздің де қайтар уақытымыз таяды. Қозғалайық, - деді.


- Қайтадан Шолпан ғаламшарына ма?


 



  • Әрине, онда сіздің бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген құрбыңыз Айман мен әріптес ағаларыңыз қалдыемес пе?

  • Оларды да сағындым, - деп Шолпан қыз күрсініп салды.


 



  • Ендеше, өзіңізбен аттас Шолпанға аттанайық!


 


Шолпан қыз жымия басын изеді. Абзал оң қолымен қыздың ыстық алақанын қыса ұстады да, сол қолымен көйлегінің кеудесіне бекітілген құралының бір түймесін сол қолының сұқ саусағымен жай ғана басты. Әдеттегі құбылыс болып өтті. Жарық дүние бір сәтке сөнгендей боды да, екеуі аспанға қарай құпия күшпен көтеріле жөнелді. Тағы да келгендегі құбылыс қайталанды. Шолпан екі көзін тарс жұмып алған. Қайта ашқан кезде Шолпан ғаламшарындағы Абзалдың ауылы қонған тамаша табиғат аясында болды.


Айнала толған ақшаңқай түсті, алты қанаттан отыз қанатқа жететін киіз үйлер. Алыста сілем-сілем таулар. Жақында суы күркірей аққан өзен. Бәрі де бұрынғыдай. Жанында Базал тұр. Шолпан бұл сапардан шаршағанын енді ғана сезініп, Абзалға қарап:


-- Мен өз киіз үйіме қайтайыншы, абзал, - деді.


 



  • Сапардан шаршағаныңызды көріп тұрмын, - деп жымиды Абзал.


 



  • Айтқанымды орындағаныңызға, мені терең түсінгеніңізге мол алғыстымын!


 


Екеуі ауыл оратсындағы ақшаңқай түсті алты қанат киіз үйге қарай бет алды. Шолпан қызға арналып тігілген киіз үй екені туырлықтары мен үзіктеріндегі қазақы, қызға тән түрлі-түсті ою-өрнектерінен көрініп тұр. Жас қызға ол біраздан бері үйреншікті үйіне айналған. Абзал екеуі әрбір сахатқа шығарда кезігетін төбе басынан ерекше көзге түседі. Киіз үй жанына келген соң Абзал Шолпанға оң қолын ұсынды. Қаз да. Содан соң Абзал алғаш рет Шолпан қыздың самал желден сәлғана желп-желп етіп тұрған кекіл шашын оң қолының алақанымен сипап қойды. Екеуі бір-біріне жымия қараған. Қыз кейін қарай


бұрылып, ақ үйге кіріп кетті. Абзал өзінің киіз үйіне қарай жүрген. Сәлден соң кейін бұрылып қарағанда қыз үйінің сықырлауығының жабық екенін көрді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу