24.02.2022
  308


Автор: Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)

Мұхит суындағы саяхат

 


Шалқыған мұхит суының бетінде әдемі кемеде келе жатқан Шолпан қыз өздерін сырттай бақылап, бұрғы қондырғы кемелерімен суға жанаса алмай қайта ұшып кеткен әріптестерінің әрекеттерінен мүлдем бейхабар еді. Сондықтан өте көңілді. Кеменің арнайы тепкешегімен төмен түсіп, мұхит суын оң қолының алақанымен шайқап та көрген. Мұхит суының өзі! Одан соң Шолпан екі қолының алақандарын біріктіре ұстап, суға толтырып алып, қайта төкті. Абзал екеуі мінген кеменің теңселісі нәресте жатқан бесіктің тербелісіндей көрінгенімен ақ көбіктеніп, аспанға қарай асаудай шапшыған толқындардан денесі түршікті.


Шолпан осы кезге дейін мұхит суының бетінде жүзіп кетіп бара жатқан кемеде дәл осындай еркін жүрмеген. Мұндай кемелерге сирек мінетін. Көбіне Жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінен, ғарыш кемесі терезесінен қызықтайтын. Мамандығы ғарышкер-геолог болғандықтан осындай мұхит суының төсінде кемемен жүзудің реті келе бермейтін.


Сондықтан да Шолпан табиғат көрінісін оп-оңай өзгерте салатын Абзалдан осы Кең тегісті Мұхит суының әлеміне айналдыруды сұраған. Оның үстіне осы Кең тегіс ойпатын үнемі мұхит суының орнандай көз алдына елестететін. Енді сол ой-арманындағы мұхит суының бетінде әрі үлкен, әрі әдемі кемеде келе жатыр.


Ақ желкенді алып кеме мұхит суының бетімен жылдам жүзеді. Бірақ сонау аспаннан, ғарыш кеңістігінде ұшып кетіп бара жатқан әуе-ғарыш кемесі терезесінен қараған адамға мұның өзі де тап бір жас баланың ыдыстағы суға жүзітіп ойнап отырған ойыншық кемедей болып қана көрінер еді. Шолпан енді алғашқыдай емес, осы Шолпан ғаламшарының бар аймағын жатқа білетін дәрежеге жеткен қыз. Оған жанындағы Абзалдың көп көмегі тиген.


 


Бірте-бірте өз өзіне келіп, кеменің Шолпан ғаламшарының қай ендігі мен бойылығының қиылысында жүзіп кетіп бара жатқанын да ажырата алды. Абзалдың көріністі осы Кең тегіске түсіруінің өзі де «Шолпанға түсінікті бола түссін» деген ниетінен туындаған болатын. Бірақ Шолпан көп нәрсені түсінгенімен, осы Кең тегістегі Айман мен әріптес ағаларын көре алмады. Әріптестері де мынандай суы шалқып жатқан мұхит суының бетіндегі кемеден көре алмақ емес. Шолпан осыны да ойлап қойған.


Ақ желкенді кеме ішінде Абзал екеуінен өзге адамдар да көп. Олардың біразы кеменің төменгі бөлімдерінде.Біразы осы өздері тұрған ашық алаңқайда. Ал желкен орнатылған биік бағаналардың бастарында қызыл түсті шам жанып тұр. Желкенді болғанымен баяғы заманның желкенді кемесі емес, бүгінгі заманның технологияларымен жаңартылған, жетілдірілген кеме. Шолпан қыз бұл өзгерістердің бәрін де байқады. Енді бір сәтте қыз осы көріністерді түсіріп тұрған аспандағы Ай сияқты денеге де көз тастап алды. Бірақ


оның сырын әлі толық біле алмаған. Абзал да ол жөнінде көп айтпайды. Ең бастысы, көріністің шын екені.



  • Қандай тамаша! Қандай ғажап көрініс бұл! – деп шаттанды Шолпан қыз қарсы алдынан соққан самал желге қарап, еркін тыныс алып тұрып, - осы кезге дейін мұхит суының бетінде жүзіп көрмеген едім осындай ақ желкенді кемемен!

  • Енді міне, мұны да көрдіңіз! – деді Абзал оның оң қолының біолегінен қыса ұстап, - кемемен қалай қарай жүземіз десек те өз еркіміз! Тек жалықпасаңыз болғаны!

  • Неге жалығайын, - деді Шолпан қыз Абзалға жымия қарап, - мұндай ғажайып саяхаттан мен еш жалықпаймын!

  • Жалықпағаныңыз жақсы! Қорықпасаңыз одан да жақсы!


 



  • Жанымда өзіңіз тұрғанда мен неден қорқамын! – деді Шолпан Абзалдың жүзіне тағы да жымия қарап.


Бірақ соыні артынша мұхит суы әлемінен гүілдеген дыбыс естіліп, ақ желкенді үлкен кеме теңселе бастады. Ол теңселіс бірте-бірте күшейіп, кеме аунап кететіндей ойқақтады. Шолпан қыз сол замат Абзалдың сол қолының білегін қос қолымен құшақтай ұстап алды. Кеменің осы алаңқайшасында бос жатқан, бос тұрған анау-мынау зеттар домалап ала жөнелген. Енді бір қарағанда аспанға қарай қатты шапшыпшыған асау толқын суын көрді. Шолпан: «Апа!» деп дауыстап   үлгергенше алапат бір шелектен құя салғандай төгілген су үстерін малмандай етіп қайта жоғалды. Кеменің теңселісі қатты шайқалысқа ұласты. Осыншама үлкен ақ желкенді кеме тап бір аспанға қарай атылып, мұхит суы төменге түсіп кеткендей бір көрініс. Абзал екеуі қатты ұстасса да, біресе олай, біресе былай қарай құлайды. Енді тұра бергенде кеме кері қарай шайқалып, еден үстімен домалап ала жөнеледі.


Шыдамы таусылған Шолпан қыз енді бір кезде жүрегі айнығандай лоқсып-лоқсып та жіберген. Сонда да өзіне Абзалдан өзге қолұшын берер жан жоқ. Бәрі де өздерін аман сақтауға тырысып, арпалысып жатқан адамдар. Шолпан тек сәлден соң ғ,ана барып бұл кеме шайқалысының дауылдан болғанын түсінді. Енді біраздан соң адамдар түгілі, үлкен кеменің өзі де асау су толқындарымен алысп жатқандай көрінді Шолпанға. Өздерін күзетіп, қажет жағдайда қолұшын беретін адамдар да зым-зия. Шолпан қыз олардың қайда кеткендерін біле алмады.


Дауыл басылар емес. Уақыт өткен сайын күшейіп кемені шыбықша шайқауда. Төбе тұсынан сар етіп құйылған су тұла бойын түршіктіріп те жібереді. Абзалдың үсті-басы да


 


малмандай су. Бірақ ол жігіт болған соң денесінің түршіккенін білдіргісі келмейді. Кеме шайқала-шайқала тіпті, бір жағына ауып кететіндей де күйге жеткен. Шолан Абзлдың қолтығынан қос қолдап қысып ұстаған күйі тұр. Салқын су денесін бір түршіктірсе, қарсы беттен соққан суық жел өңменінен өтіп барады.


Абзал, мы-на ке-ме дауыл-дан аунап кет-пей-ме?! Ке-тейік-ші бұл жер-ден! – деді Шолпан қыз енді бір сәтте дауысы дірілдей шығып.



  • Қорқып тұрсыз ба? – деді Абзал.


 



  • Қатты қор-қып тұр-мын!


 



  • Бұрын мұндай теңіз дауылын көрмегендікі бұл. Бәріне де үйренесіз.


 



  • Шынымды айт-сам, бас-ым айналып қалды мы-на дауыл-дан!


 



  • Бас айналатын не бар? Бұл нағыз табиғи құбылыс қой!


 



  • Мұндай құ-бы-лы-сы бар бол-сын!


 


-Мұхит әлемін көруге құмартып едіңіз ғоай.


 



  • Кө-ріп бол-дым ғой, Абзал! Қай-тайық-шы!


 



  • Қайда қайтамыз?


 



  • Ауыл-ға, киіз үйге!


 



  • Мына ғажайып мұхит әлемі ұнамай ма?


 



  • Ұна-май-ды енді! Кере-гі жоқ енді! Қор-қы-нышты екен! Бірте-бірте қорықпайтын боласыз!


Абзал осыны айтып, Шолпан қызға қарап жымиып қойды. Сол кезде мұхит бетінен қатты шапшыған салқын су Абзалдың бетіне шалп етіп, шашырандысы Шолпан қыздың бетіне тиді. Жас қыз енді жаңағы қорыққанын бір сәтке ұмытып, Абзалға қарап


сықылықтай кеп күлді. Бірақ ол күлкісі ұзаққа созылмады. Бойын суық алғандықтан денесі дірілдеп, қайтадан Абзалға тығылды. Алапат теңіз кемесінің алаңқайында екеуі ғана.


Қалған адамдардың бәрі дауыл басталғаннан каюта-каюталарына кіріп кеткен. Абзал өзінің сол қолтығын қос қолымен қыса ұстай тығылған Шолпан қызды жауратпауға тырысқан.


Өзі мына дауылдың  ұзаққа озылмайтынын, су толқыны шашырандысының тыйылатынын іштей біліп тұр. Бірақ әлі басыла қояр емес. Абзалдың алаңқайдағы бағанды орай ұстап тұрған оң қолының қары тала бастады. Шолпан ғаламшарының


алпыс градустық аптапты ыстығын есіне алғанда Шолпан қыздың осы шашыранды суға малынып тұра бергісі де келеді. Тек оған қоса қарсы беттен соққан суық жел ұнамайды. Тістері тістеріне тимей сақылдап, тұла бойы қалтырап-дірілдеп кетеді. Жас кезінде ауыл маңындағы өзен суына сүңгіп алып,салқын судан дәл осылай тістері тістеріне тимей денесі дірілдегенде ондағы ыстық құмға орана жата кететін. Мұнда ондай құм қайдан болсын. Абзаол болса, тап ертігедегі батырлардай мұхит бетінен қатты соққан желден көтеріле шашылған салқын суды да, қарсы беттерінен соққан суық желді де елеместен өзін құшағына қыса түседі.


 


Осындай күйде біршама уақытты өткізді екеуі. Сырттанқараған адам, расында да екеуін ертегідегі бір нағыз батыр екі кейіпкердей көз алдарына елестетер еді. Буырқанған мұхит суының бетінде тірідей арпалысқан алапат желкенді кеменің алаңқайының дәл ортасындағы бағанды құшақтап, міз бақпай жас жігіт пен жас қыз ғана тұр. Екеуінің ештемеден қорықпайтынына каюта-каютадағы қорқыныш сезімінде отырған адамдар көз жеткізген. Кеменіуң қатты дауылдан көтерілген толқыннан қатты шайқалысына да, үстеріне шашыла төгілген салқын су мен суық желге де төтеп берген екеуі. Каютаға


тығылғандарды екеуі осы ерліктерімен таңдандырған. Кейбіреулерінің бұларды бақылап, таңдануға да шамасыз қалған.


Ал Абзалдың ішкі арманы да осы еді. Ол үнемі Шолпан қызмен осылайша оңашалқта болғанды аңсайды. Бірақ бұл жолғы оңашалық Шолпан қызға жайлы болмады. Тұла бойы дірілдеп, тістері тістеріне тимей тұр. Құшағындағы қыз осылайша қалтырап-дірілдеп тұрса, одан қандай ләззат алмақ. Абзал іштей мұны да ойлап қойған. Өзі қанша төздім десе де, құрылықтың адамы болғандықтан мұхит дауылы мен кеменің тынымсыз шайқалысы


жалықтырып жіберген. Қыз да бұдан әрі төзе алмақ емес. Тіпті, енді, сөйлеудің өзі де қиын. Абзал мұны да түсінді.



  • Шолпан, далаға кетеміз бе? – деді.


 



  • Ке-тейік-ші! – деп Шолпан қыз әзер сөйледі.


 



  • Мұхит әлемі деген осындай болады, Шолпан! Мұны да көрсеттім! Енді мұхиттің не екенін жақсы білетін боласыз. Қазір ауылға қайта ораламыз!

  • Абзал, тезі-рек ора-лайық-шы кең дала-мызға! Киіз үйі-мізге!


 


Абзал қыз өтінішін тез орындауға кірісіт. Әдеттегіше аспандағы Ай сияқты денеге қарап тұрып, күбірлеп бірдемені айтты. Құралынан толқын жіберді. Соның артынша бар дүние әлемі айналып-төңкеріле жөнелгендей болды. Бірақ бұл жолы Шолпанның ол көріністі көруге де мұршасы келмеген. Тұла бойы қалтырап-дірілдеп, Абзалдың сол қолтығынан қос қолдап ұстап әзер тұр. Бар дүние айналып-төңерілгендей сәт орнағанда тіпті, есінен де тана жаздаған. Содан бір кезде тарс жұмып алған екі көзін ашқанда ешқандай мұхиттің де емес, алапат желкенді теңіз кемесінің үстінде де емес, кең даланың төсінде, жалпақ бір тастың  үстінде тұрғандарын бір-ақ көрді.


Шолпан тез есін жиып, айнала-төңіректі «Шын ба?» дегендей жай ғана шолып өтті. Ауыл маңында. Бәрі баяғыша. Өрісте ірілі-ұсақты малдар жайылып жүр. Анадай жерде өзен суы күркіреп ағып жатыр. Өзенді жағалай өскен түрлі ағаштардың бұтақтарына түрлі құстар қонып, қайта ұшып кетуде. Ұшпағандары құлаққа жағымды сайрайды. Ауылдың ақсаңқай түсті киіз біршама жоғары көтеріліп қалған Күн сәулесіне шағылысып, әсем бір көрініс береді. Күн сәулесінен тұла бойы да жыли берген. Үстіндегі қазақы ою-өрнекті қамзолы мен етегі ұзын көйлегі екі қолымен ұстап көрді. Судан құрғап үлгеріпті.


Абзалдың киімі де кепкен.


 


Шолпан енді жайман жалпақ тас үстіне отырды. Абзал да қатарласа жайғасқан. Екеуі де әзірге бір біріне тіл қатқан жоқ. Мына дұние өзгерістерінен бастары айналып қалғандай.


«Бұл Шолпан ғалашарына келіп нем бар еді, Жерде, елде тыныш жүре бермей. Мұнда келетін ғарышкер-геологтардың құрамына енім нем бар еді, Жер қыртысын зерттей бермей» деп іштей бір өкініп қойды Шолпан қыз. Абзал қыздың бұл ойын оқып алғандай жалт бұрылды. Шолпан қыз өзінің жаңағы ойынан ыңғайсызданғандай Абзалдан көздерін тайдырып әкетті. Тағы да тыныштық басты айналаны. Осының алдында ғана екеуі көрген


 


мұхит қандай қорқынышты еді. Шолпан өмірінде алапат желкенді кемені шайқалтатын дауылды көрмеген. Енді мұхитқа бармақ түгілі, оны естісе де түн ұйқысынан шошып оянатын сияқты. Біраздан соң жас қыз өз өзіне келіп, тіл қата бастады.



  • Абзалсіз құп-құрғақ жатқан Кең тегісті қалайша мұхит суының әлеміне айналдыра салдыңыз? Маған әлі де жай бір көрініс болған сияқты!

  • Көрініс болса, соншама қорқып, соншама су болып, жаурар ма едіңіз?


 



  • Сонда да сенгім келмейді, - деді Шолпан үсті-басын қарап шығып, - соншама мұхит суын қалайша әп-сәтте Кең тегіске құя салуға болады? Ақылым жетпейді!

  • Өзыңыз көргендей, - деп Абзал жымия қысқа жауап берді.


 



  • Ендеше, маған құпия-сырыңызды ашқыңыз келмейді. Онда неге менімен бірге жүресіз? - деп Шолпан қыз әдетінше бұртия қалды.

  • Қандай құпия-сыр? – деп жалт қарады Абзал.


 



  • Осы көріністің бәрі құпия көрініс емес пе?


 



  • Қалайша құпия болады. Бәрі де өмірдегідей емес пе? Мына кең дала, ана таулар, өзен, ағаштар, малдар, аңдар мен құстар, ауылдағы адамдар, киіз үйлер, осыдан сәл-ақ бұрын көрген мұхит және тағы басқалардың бәрі де шын ғой!

  • Бұлардың шын екеніне сенемін. Маған жұмбақ болып тұрғаны осылардың лезде пайда болып, лезде жоғалып кететіні.

  • Оның да еш құпия-сыры жоқ. Жарық сәулесі емес пе, талай рет әңгіме еткен.


 



  • Сонда да ештемені түсіне алар емеспін, Абзал. Сонда біз жарық сәулесінен жаралғанбыз ба? Онда неге осылай бірге жүреміз, сөйлесеміз, қол ұстасамыз?

  • Дұрыс қой, - деді Абзал аспандағы Ай сияқты денеге көз салып қойып, - жарық сәулесі болмаса, ол әрекетіміздің бірін де көре алмаймыз, орындай алмаймыз.

  • Иә, жарық сәулесінсіз тірішілік әрекеті жоқ.


 



  • Дұрыс айттыңыз, Шолпан. Жарықсыз тірішілік әрекеті жоқ. Мұны өзіңіз де айтып тұрсыз. Енді маған не дейсіз?


Шолпан қыз жауап қатпастан теріс айналып, тағы да бұртия қалды. Абзалдың әлі де бір құпия*-сырды ішінде сақтап тұрғанына іштей риза емес сияқты. Өйткені, өзінің осы кезге дейін бірге қыдырып жүргендегі басты мақсаты да бұл құпия-сырды білу болатын. Сол мақсатына жетсе болды, Кең тегіске қайтудың әрекетіне кіріспек. Әзірге Кең тегістің Шолпан ғаламшарының қай аймағында қалғанын білмейді. Оны көрсеті де, оған жеткізу де жанындағы Абзалдың құдіретті құралының құзырында. Абзалға мына табиғат әлемін өзгерте салу еш қиын емес. Өзі осы кезге дейін «Адам баласы табиғат әлемін дәл осылайша әп-сәтте қалағанындай өзгерте алады» деп ешқашан ойлап көрмеген. Енді олай болатынына көздерін жеткізді. Тек әлі де өң мен түс сияты өзіне.


Біраздан соң Шолпанорнынан жайымен тұрып, ауылға қарай жүрді. Осының алдында болған мұхиттағы дауылдан қатты шайқалған кемеде әбден шаршапты. Ауыл


орталығындағы өзіне арнайы тігілген ақшаңқай түсті үлкен киіз үйіне барып дамалуды ойлаған. Абзал қыздың бұл ойын іштей түсініп, соңынан ерген. Қатар-қатар тігілген ақ түсті


 


киіз үйлер құстардың ақ түсті жұмыртқаларындай алыстан көз тартады. Киіз үйлердің ара-арасында жаяу адам еркін жүретін жолдар бар. Тұрғындары сол жолдармен жүріп- тұруда. Абзал мен Шолпан қатарласа жүріп, орталықтағы үлкен ақшаңқай түсті киіз үйдің алдына келді. Осы жерде Шолпан қыз Абзалға бұрылып:



  • Мұхит әлемін көрсеткеніңізге мол алғыстымын! Енді мен шамалы уақыт демалайын. Содан соң қайта кезігерміз. Кездескенше сау болыңыз! – деді.


Абзал Шолпанға қиыла қарады. Жас қыздың талдырмаш денесі, бота көздері, ұзын бұрымы, маңдайының үстіндегі бұйраланған кішкене кекілі Абзалдың оған деген махаббат сезімін еселей түскен. Сол сезіммен қызды біразға дейін жібермеуге тырысты. Ішкі басты арманы да Шолпанмен күн сайын осылай кездесіп, осылай серуендеу, сырласу. Бүгін де сол мақсатын орындады. Тек Шолпанды мұхиттағы дауылда шамалы қорқытып алды. Бірақ оның да бір естен кетпес қызықты оқиға болып қалатыны белгілі еді. Шолпан да оны түсінген сияқты. Абзал енді Шолпанға біршама уақыт демалыстың қажет екенін түсініп, оған оғң қолын ұсынды. Бірі үлкен, бірі кішілеу екі қолдың жұмсақ алақандары жай ғана жанасты. Содан соң Шолпан Абзалға тағы бір жымия қарап, кейін бұрылып, киіз үйге еніп кетті. Абзал ерекше бөлек бір бақытты сезімде өзі тұратын киіз үйіне қарай жүре берді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу